7.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштері
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің керсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір акта бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:
Мұнда, - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті; Дн- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көр-сету) түскен табыс (саудадан түскен ақша);
Ак- авансталған капитал (кезеңдегі орташа баланс валютасы).
Авансталған капиталдың кезеңдегі орташа шамасының жалпы айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі туралы жан-жақты тусінік береді. Сатудан түскен табыстың баланс валютасының (барлық капиталдың) орташа шамасына қатынасымен есептелетін ол, кәсіпорынның барлық капиталының айналым санын көрсетеді және олардың жұмылдыру көздеріне байланыссыз, барлық ресурстарды кәсіпорынның пайдалану тиімділігімен сипаттайды. Бұл көрсеткіш салаға байланысты ауытқып отырады және өндіріс процесіндегі ерекшеліктерді қамтып көрсетеді.
Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымдылық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Мысалы, егер бір кәсіпорында негізгі құралдар бірқалыпты тура сызықты щығынға жазу әдісімен есептелген амортизацияны назарға ала отырып бағаланса, екіншісінде басқа бір шапшаңдатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары болады. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэффициент талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.
2. Негізгі кұралдардың айиалымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын кәрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің темен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрсетеді.
Бүл көрсеткіш төменде жан-жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайды.
3. Меншікті капиталдың айиалымдылық коэффициент.
Ол мына формула бойынша қаралады:
- капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
- баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент ете жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлыктай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір белігінщ әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |