Беруін талдау Оқу құралы Қостанай



бет42/49
Дата19.05.2022
өлшемі1.18 Mb.
#457830
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
ef f keet up

Несиелеу шарттарын талдау мыналарды білуді қажет етеді:
1) бұрын болған несиелерін өз уақытында өтеу, берілген есептердің сапалылығы, басшылықтың жауапкершілігі, басқа міндеттемелерге қатынасын құрайтын қарыз алушының атағы (репутация). Жақсы атақ дегеніміз - жеке билеушілік, міндеттілік, адалдық, әділдік, тәртіптілік және т.б. сияқты қасиеттері;
2) қарыз алушының бәсекеге қабілеті - өнімді өндіру және табыс алу, сонымен бірге несиені өтеуге қажетті қаржыны табу қабілеттілігі. Банктің қарыз алушының нақты шығындарын несиелеу кезіндегі табысын банктің орташа табыстылығымен салыстырып бағалау жүргізеді. Банк табысының деңгейі несиелеу кезіндегі тәуекел дәрежесімен үйлестірілуі тиіс. Банк қарыз алушыдан түсетін табыс мөлшерін қалыпты қаржылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі банкке пайыз төлеу мүмкіндігі көзқарасынан бағалайды;
3) ірі ресурстарды пайдалану мақсаттарын;
4) несие сомасын;
5) несиені өтеуді. Бұл зерттеу материалды, құндылықтарды өткізу, берілген кепілдемелер және кепіл беру құқығын пайдалану есебінен несиенің қайтарымдылығын зерттеу жолымен жүргізіледі;
6) несиенің қамтамасыз етілуін, яғни банктің берілген несиеге, кепілге қарыз алушының активтерін бағалы қарыздарды қоса алуға құқығын анықтау көзқарасынан жарғы мен ережені зерттеу;
7) активтерді иеленуін (егер кәсіпорынның несиені қайтару үшін қажетті активтері болмаса, онда ережеге сай оған несие берілмейді);
8) экономикалық коньюктура жағдайлары мен даму перспективалары (ссуда беру барысында банк саласындағы кәсіпорынның экономикалық рөліне және алатын орнына назар аударуы керек. Несиелеу мерзімі қаншалықты ұзақ болса, экономикалық болжау соншалықты маңызды болады) және басқа факторлар.
Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есептермен жинақталған мәліметтер негізінде, қосымша хабарламалар, кәсіпорынның төлемді жиі кешіктіруі туралы фактілер, оның серіктестерге қатысты жауапсыздығы, бәсеке күресіндегі арамзалық, жиіркенішті әдістерін пайдалануы, меншік иесінің немесе кәсіпорын басшысының құлықсыз тәртіп және т.б. туралы құпия көздерден алынған мәліметтер негізінде жүргізілуі тиіс.
Кейбір кәсіпорындарда олардың серіктерімен, әсіресе банктермен арнайы іс жүргізіледі. Бұл тек өзіне қандай да бір ұйымның қызметін түсінуге және дұрыс бағалауға ғана емес, сонымен бірге бұл ақпаратты басқа пайдаланушыларға сатуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудың басты әдісі - оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек:

  • кәсіпорынның төлемқабілеттігін және өтімділігін;

  • айналым қаражаттарын және алған несиені пайдаланудың тиімділігін;

  • барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сұралған сомасын қоса, өтімді қаржылармен жабуын;

  • шаруашылық айналымда меншікті айналым қаражаттарының болуын;

  • кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) бағалау.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттігін бағалау белгілі бір уақытта және динамикада жүргізіледі.
Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.
Несиеге қабілеттілігін талдау кезінде бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Ең маңызды болып өтімділіктің әр түрлі коэффиценттері, сонымен қатар таза табыстың авансталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталатын кәсіпорынның табыстылығы болып табылады. Соңғы көрсеткіштің өсуі қарыз алушының қызметінің табыстылығын сипаттайды.
Банк мекемелері табыстылығы төмен, қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушылармен несиелік қатынас орнату кезінде ерекше сақтық көрсетулері керек. Осындай кәсіпорынға несие беру банк үшін жоғары тәуекелмен байланысты және билік органдарының немесе жоғары тұрған буындардың негізделген өтініштері (ходатайство) бойынша тиянақты жеке ықпалынан кейін, тек осы несиелерді қайтаруға кепілдеме алғаннан соң шешілуі мүмкін.
Несиеге қабілеттігін бағалау кезінде банктер, өтеудің аралық коэффициенттерімен қатар, өтімділіктің жалпы коэффициентін кең қолданады. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің 1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды уақтылы өндіріп алуда белгілі бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің 1,5-тен жоғары деңгейінде қарыздың камтамасыз етілуі және оның қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады.
Несиеге қабілеттілікті талдау кезінде банктің қарыз беруші ретіндегі тәуекелділік дәрежесін зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Тәуекелділіктің жоғары дәрежесінде пайыздық мөлшерлеме орташадан жоғары. Тәуекелділік дәрежесі сараптамалық әдіспен анықталады.
Нарықтық қатынастарға өту несиеге сұранысты көбейтті, бұдан оны беру жағдайының қатаюы туындайды.
Сонымен несиеге қабілеттігін талдау кезінде тек өтімділік көрсеткіштері мен табыстылық деңгейі емес, сонымен бірге айналым қаражаттарының айналымдылығы, қолда бар меншікті айналым қаражаттары, өткізудің өсу қарқыны, өнім көлемінің өсу қарқыны мен банк несиесінің өсу қарқынының қатынасы, несиелер бойынша уақыты өткен қарыздардың сомалары мен мерзімдері, операциялар санымен анықталатын есептік шотты жүргізудің оперативтілігі сияқты экономикалық көрсеткіштері зерттеледі.
Банк кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға бөледі: сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несие қабілеттілігі шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін. Егер қарыз алушы тұрақсыз клиент болса, онда несие шартын жасау кезінде қарыз алушының қызметін және несиенің қайтарылуын бақылау нормалары қарастырылады (кепілдік, кепілдеме, қамтамасыз етуін ай сайын тексеру, кепіл құқығының шарттары, мөлшерлеме пайызын көтеру т.б.). Егер қарыз алушы сенімсіз клиент болса, онда оны несиелеуді жүзеге асыру орынды болмайды. Банк тек несие келісімінде қарастырылған ерекше шарттарға сәйкес несие бере алады.
Кәсіпорынның несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналымдарыньң айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет