Бесқарағай ауданының 2007 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы



Дата23.02.2016
өлшемі55.36 Kb.
#3182
Бесқарағай ауданының 2007 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

АҚПАРАТ
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауындағы әлеуметтік вектор бір неше жыл  негіз болып келеді. Бұл «бірінші – экономика, екінші - саясат» принципі негізінде. Дәл осындай жол еліміздің одан әрі әлеуметтік және саяси дамуы үшін қажетті базаны құрады.

«Субвенциясыз  жүмысқа көшіру жөніндегі шаралар туралы» облыстық әкімдіктің 2007 жылғы 25 наурыздағы № 58 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Бесқарағай ауданына бөлінетін субвенциялардың көлемдерін жыл сайын 8-10 пайызға кезең- кезеңмен көшіруді қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жалғастырылуда. Шағын кәсіпкерліктің дамуына жыл сайын екінші деңгейдегі банктерден 70 млн. теңге бөлінеді.


Негізгі капиталдағы 2007 жылғы инвестицияның жоспарланған көлемі 464,1 млн. теңгені құрайды немесе 2005 жылғы деңгейге 2 есе артты.

Әзірленген іс-шаралардың жоспарына сәйкес, 2008-2010 жылдардағы өндірістік өнімнің көлемі 350,0 млн. теңге сомасында ұлғаюын күтудеміз, қосымша ашылған жұмыс орындары – 200, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің өсімі 38,7 млн. теңгені құрайды.


Іс-шаралар жоспарында Шошқалы көліндегі емдеу-сауықтыру аймағында 2010 жылдан бастап аудандағы туризмнің дамуы жоспарлануда, қазіргі уақытта «Ромат» ЖШС-і жер учаскесіне құжаттарды ресімдеумен айналысуда.

Бесқарағай ауданының бюджеті 2007 жылғы 8 ай ішінде кірістер бойынша 101,1 пайызға орындалды.
Жергілікті бюджетке түсетін өзіндік кірістердің түсімдері 2007 жылдың 8 айы ішінде 104,1 пайызға орындалды.
2007 жылдың 8 айы ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 93,3 пайызға орындалды.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша Бесқарағай ауданында кредиторлық қарыз 27766,6 мың теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығының, ауыл шаруашылығы өнімінің және әлеуметтік саланың дамуы есебінен халықтың әл-ауқатының артуы күтілуде.

Осы жылы аудан бойынша шаруа қожалықтармен 30,8 мың га астық егілді, бұл 2006 жылдың деңгейінен 1,6 мың га көп.


Аудан бойынша мал шаруашылығындағы қазақтың ақ басты асыл тұқымды, аулекөл тұқымды және қара-ала тұқымды малдар басын жаңарту жұмысы жүргізілуде.
Қазіргі уақытта «Байжан-Сұлтан» ЖШС облыстық бюджеттен 13 млн. теңгеге несие алып, ағымды жылдың қыркүйек айында малдарды сою мен олардың еттерін терең тоңазыту жөніндегі цехтың құрал-жабдықтарын қыркүйек айында орнатып, қазан айында цехты іске қосуды жоспарлауда.

2.2007 жылдың маусым айында «»Балке» шаруа қожалығы «Альянс Банктен» 2008-2009 жылдары сүт өнімін өндеу бойынша сатып алу-өткізу кооперативін ашу үшін 10 млн. теңге несие алды.

Қазіргі уақытта «АС,АЙ и К» ЖШС өзіндік қаражаттарына тәуліктік күштілігі 25 тонналық ұнды өндеу бойынша диірменді салуда, ағымды жылдың аяғында іске қосу жоспарлануда.

«Лана» шаруа қожалығы астық дақылдарын өндеуді ұйымдастыру үшін мамыр айында 15 млн. теңге несие алды.


Қазіргі уақытта Семеновка, Б-Владимировка ауылдық округтерінің аумақтарында малдарды жасанды ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді, ауданда малдарды жасанды ұрықтандырудың 3 пунктісін ашу жоспарлануда.
Көктемде жер шаруалары 28,1 мың гектар алаңында астық дақылдарын егу және жинау үшін дизельді отынды сатып алуға  122 шаруа қожалықтарына 21,2 млн. теңге субсидиялар алды.

2007 жылғы 1 қыркүйекке 738 шаруа қожалықтары тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда 8 шаруаға артты (қайта 31 ашылды, 23 жабылды). 2007 жылы 31 шаруа қожалықтарына берілген жер учаскелерінің жалпы көлемі 20,7 мың гектарды құрайды.

Ауданда әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы күнделікті бақылауда тұр. 2007 жылғы 1 қаңтарға кедей отбасылар саны 247, онда 1175 адам тұрады, 2007 жылғы 1 қыркүйекке  кедей отбасылардың саны 1,7 пайызға төмендеп, 1090 адамды құрады.

Бесқарағай ауданында 4829 алушыларға 18988,1 мың теңге сомасына көмек көрсетілді, оның ішінде:


демеушілердің есебінен – 2003,3 мың теңге;
бюджеттің есебінен – 16984,8 мың теңге;
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік көмек, үйде оқитын мүгедек балалары бар отбасыларға жәрдемақы туралы заңдардың талаптары қатал орындалуда.

Жыл сайын аудан әкімі 8 наурыз мейрамының құрметіне көп балалы аналарды, ауғандарды, чернобыльдерді және төмен қамтамасыз етілген мүгедектерді қабылдау бойынша іс-шараларды өткізеді, Наурыз Мейрамын мерекелеу құрметіне концерт қойылып, мереке үстелдері жайылды және әр қатысушыға көмек көрсетілді.

Жұмыссыздықты әлеуметтік қорғаудың белсенді нысаны ретінде жұмысқа орналасуда жәрдемдесу, кәсіптік дайындық, біліктілікті арттыру, қоғамдық жұмыстарды қайта дайындау және ұйымдастыру, «Жастар іс-тәжірибесі» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» болып табылады. Экономикалық белсенді халықтың санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі өткен жылдың сәйкес келетін кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайыздан 1,1 пайызға дейін төмендеді.
2007 жылғы 1 қыркүйекке жұмыссыздар ретінде 150 адам тіркелді.

210 адам жұмысқа орналасты - арызданған жұмыссыздардан 84,3 пайыз.


Ақылы қоғамдық жұмыстарға 229 адам қатысты.
Оқуға 30 жіберілді.

Жастар тәжірбиесіне 9 адам қатысты.

3.Әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам қатысты.
108 жұмыс орындары ашылды.
Елдің негізі – экономика. Болашаққа сенімділікпен қарау үшін біз өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани тәрбиесіне байсалдылықпен назар аударуымыз қажет. Көптеген мектептер білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, олардың арасында өсіп келе жатқан ұрпақты білімдеріне, тәрбиелеріне көп күштерін салатын өз істерінің шеберлері бар. Негізгі тапсырма – сауықтандыру, тәрбиелеу мағынасы бар қызықты іс-шараларды өткізу және демалу үшін жақсы шарттарды құру болып табылады.

Білім беру, іс-әрекеттегі мектептердің жаңа құрылысы және қайта құру салаларының материалдық-техникалық базаларын нығайту мәселелері шешілуде.

Барлық жалпы білім беру мектептерінде ағымды жөндеулер өткізілді, ауданның мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту жүргізілуде.
5736,0 мың теңге жоспарланған мектептердің күрделі жөндеулері жүргізілуде, оның ішінде 4827,0 мың теңге немесе 84,2 пайыз меңгерілді.

2007 жылғы 22 қыркүйекте дене шынықтыру және спорт бөлімімен Қазақстан Республикасы күніне арналған аудан әкімінің жүлдесіне аудан қызметінің, бөлімдердің, ұйымдар мен мекемелердің басшыларының және мамандарының қатысуымен «Президенттік миля – денсаулықтың жолы» жүгіру нысанындағы «Денсаулық фестивалі» Республикалық акциясы өткізіледі.

Ауданның ішкі саясат бөлімімен шілде айында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «Әлеуметтік серіктестік» тақырыбына семинар-треннинг өткізілді.

Ағымды жылғы 12 шілдеде бөліммен жастардың көшбасшыларымен «Жастар – елдің болашағы және оның стратегиялық ресурсы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысының шеңберінде жастардың аудан жастарына қатысты мәселелер мен сұраулары туралы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен ашық сұхбаттасу өтті.


Ай сайын ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелерінің ауданның ауылдарына шығулары ұйымдастырылады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша әдістемелік материалдыр әзірленді, онда халыққа қазақстандықтардың өмірлері үшін қолайлы жағдай жасау бойынша мемлекет қызметінің нәтижелері кең насихатталады және түсіндіріледі.
Ауданның ішкі саясат бөлімі Беген ауылының жаңа мектебі құрылысының бірінші іргесін салу және Бозтал ауылында мешіттің ашылу салтанатты рәсімін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты.
Ағымды жылдың қыркүйек айында бөліммен «Жастар вернисажы» аудандық ІІ жастар фестивалін ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 кереуетке аудандық орталық ауруханамен, 25 кереуетке өкпе ауруы ауруханасымен іске асуда. Ауданда барлығы 76 аурухана кереуеті жұмыс істейді.


Есеп беру кезеңіне ауданда 2 аурухана, 10 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 20 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пунктер жұмыс істейді.

Жаңа аудандық орталық аурухананың құрылысы жүргізілуде, есеп беру кезеңіне 135,3 мың теңге ақшалай қаражаты меңгерілді, құрылыс жылдың аяғында аяқталуы жоспарлануда.


4.7000,0 мың теңге сомасына медикаменттер сатып алынды.
Тұрғын үй құрылысының мәселесіне көп көңіл бөлінуде.
2007 жылдың бірінші жартыжылдығыда жоспар бойынша 300 текше метр тұрғын үйдің жалпы көлемінің 967,47 текше метрі орындалды. Жылдық жоспар 322,5 пайызға асыра орындалды, ал өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 113 пайыз.
Ақпаратта әкімдік қызметінің тек қана  басты бағыттары ғана көрсетілді. Біздің жұмыс жан-жақты, біз энергетиктердің, байланыстырушылардың, пошталықтардың, құқық қорғаушы және фискалды органдардың жұмыстарын да назардан тыс қалдырмаймыз, олардың жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен қарым-қатынастарын нығайтудамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет