Бесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»



жүктеу 255.7 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі255.7 Kb.
Бесқарағай ауданының әкімі К.Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы

Құрметті жерлестер!

Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау мақсатында, атқарушы органдардың алдында тұрған, 2011 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен 2012 жылға арналған міндеттер туралы баяңдауға рұқсат етіңіздер.

Барлық салалардағы бюджеттің орындалуына бағытталған бағдарламалар толығымен орындалып, осының нәтижесінде біз ауданның әлеуметтік-экономикасының тұрақты дамуына қол жеткіздік.

Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту үшін қосымша қаражаттар іздестіру туралы облыс әкімінің тапсырмасын орындау жұмыстары жүргізіліп, осының нәтижесінде бюджетке қосымша 15 млн. 937 мың теңге қаражат түсті.



Бюджет

Аудандық бюджеттің өзіндік кіріс бөлігі- 105,5%-ға немесе 264 млн. 386 мың теңгеге орындалып, 2010 жылмен салыстырғанда 41млн. 399 мың теңгеге өсті.

2011 жылы аудан бюджеті түсім жағынан 1 млрд. 817 млн. 864 мың теңгені құрап, жоспар 100,8 %-ға орындалды.

Аудан бюджеті шығыс бөлігі бойынша 2011 жыл ішінде 1 млрд. 825 млн.558 мың теңгеге немесе 100 % орындалды, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңінде 1млрд. 719 млн.184 мың теңгені немесе 100% құраған болатын.

Ауданда дебиторлық және кредиторлық қарыздар жоқ, бюджет саласындағы қызметкерлердің жәрдемақылар мен еңбекақылар уақытында төленуде.

Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіп кешені ауданның негізгі саласы болып табылады, сондықтан аграрлық секторды дамыту үшін маңызды жұмыстар атқарылуда.

Жалпы ауыл шаруашылық өнімі 2011 жылы 7 млрд.929 млн. 400 мың теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда үлес салмағы 497 млн. 900 мың теңгені құрады.

-2012 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал бастары 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 303 басқа немесе 100,9 %-ға артып, 32,4 мың басты құрады, қой мен ешкі бастары 403 басқа немесе 100,9%-ға артып, 44,2 мың басты құрады, жылқы басы-7,5 басқа немесе 99,2 %-ға орындалды, құс- 32 мың басты құрап, 858 басқа артты немесе 102,8%-ды құрады.

Статистикалық мәліметтер бойынша ет өнімдері 2012 жылғы 1 қаңтарда 7 мың 230 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 52,5 тоннаға артты немесе 100,7%, сүт – 42 мың 872 тоннаны немесе 101,4 пайызды құрады, жұмыртқа – 3 млн. 706 мың немесе 111,6 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру мақсатында тиісті шаралар қолданылуда. Бұл тапсырмаларды шешу үшін малдарды асылдандыру істерін ұйымдастыру және оның аясын кеңейтудің маңызы зор.

Ауданда 2011 жылғы 15 желтоқсанда асыл тұқымды зауыт статусын алған, «Мукинов» шаруа қожалығының базасында асыл тұқымды қазақтың жылқыларын өсіретін 1 асыл тұқымды зауыт және 4 асыл тұқымды шаруашылық бар, оның ішінде:

- 3 асыл тұқымды шаруа қожалық, олар: «Лана», «Мукинов» және 1 «Ас Ай и К» ЖШС-гі ет бағытындағы асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырларын өсірумен айналысады. 2011 жылы «Мукинов» шаруа қожалығымен Тарбағатай, Абай аудандарының шаруашылықтарына 89 бас ірі қара малдардың төлдерін берді;

-2011 жылы «Каликанулы» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан сүт бағытындағы асыл тұқымды 111 қызыл ала мал бастарын сатып алды. Ол 2012 жылы Ресей Федерациясынан тағы да 80 бас ірі қара мал сатып алуды жоспарлауда. Осы шаруашылық 2011 жылғы қарашада сүт бағытында асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығының статусын алды.

Ауданда «Арбиев Е.Т.» шаруа қожалығы базасында «қазақтың ақ бас асыл тұқымды ірі қара малдары мен герефордтық тұқымды өсіру бойынша тұқымды шаруашылықты құру» жобасы әзірленді, жобаның құны 1 млрд.679 млн.892 мың теңгені құрайды. Бұл жобамен 1 мың 565 бас шетел іріктеміл тұқымды малды сатып алуды жоспарлауда. Жобаны іске асыру кезеңі 2012-2022 жылдар. Қазіргі уақытта құжаттар жиналуда, шетел іріктеміл асыл тұқымды малдарды әкелу 2012 жылғы қыркүйек-қараша айларына жоспарлануда.

2011 жылы шаруа қожалықтарымен Бородулиха ауданының «Сахновское» асыл тұқымды шаруашылығынан ет бағытындағы өндіруші- 19 бұқа, Павлодар облысының «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асыл тұқымды шаруашылығынан 12 бұқа сатып алынды.

Ет өнімдерінің өнімін кеңейту мақсатында 2012 жылы «Мукинов» шаруа қожалығы (басшысы Х.К.Мукинов) Ресей Федерациясында герефордовттық тұқымды 5 бұқаны сатып алуды жоспарлауда.

«Бернгардт» шаруа қожалығы (А.Д.Бернгардт) Өскемен қаласының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына асыл тұқымды ірі қара малды толықтыру үшін 8 млн.500 мың теңге сомаға несиелік ресурстарды алу үшін құжаттарын жіберді.

Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарынан «Ауыл шаруашылықты қолдау қоры» АҚ-ға тұқымды ірі қара малдарды сатып алуға 8 млн.теңге сомада несие ресурстарды алуға 2 өтінім түсті.

Шаруашылықтарда ірі қара малдар үшін малдарды бордақылайтын 12 алаң жұмыс істейді, 2011 жылы 2000 бас ірі қара мал бордақыланып, ет өнімінің көлемін арттыру жұмыстары атқарылуда, «Ас Ай және К» ЖШС-ның асыл тұқымды шаруашылығы «КазАгроФинанс» АҚ арқылы ірі қара малды бордақылаумен шұғылдануды және 300 бас ангус асыл тұқымды ірі қара мал басын сатып алуды жоспарлауда.

Барлық жоспарланған малдарды қатаң мал азығымен қамтамасыз ету үшін ауданда барлық жағдайлар жасалған.

2011-2012 жылдары қыстаққа ауданның тұрғындарымен және шаруа қожалықтарымен жоспарланған 85 мың тоннаның 98 мың 600 тонна қатаң мал азығы дайындалып, жоспар 116,0% орындалды. Жоспарланған 2 мың тонна пішендеме 100% орындалды. Бүгінгі күні қыстақ толық жеткілікті қатаң азығымен өткізілуде.

Жыл сайын сауын сиырларының бастары көбеюде, 2011 жылдың қорытындысы бойынша ол 16355 басты құрап, 153 басқа артты немесе 100,9%. Сауын сиырларының санын өсіру бойынша барлық шаралар қолданылуда, сауынды сиырлардың басын өсіру олардан алынған сүттерді өңдеу мәселесіне байланысты болып отыр.

Қазіргі уақытта ауданда 3 тауарлы-сүт фермалары жұмыс істейді («Балке», «Саят», «Калиханулы»). «Саят», «Калиханулы» шаруа қожалықтарымен өз қаражаттары есебінен сүт өнімдерін орау жабдықтары орнатылды.

Аналық ірі қара мал бастарын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде-бұл осы жылғы өзекті мәселе.

Генетикалық әлеуетті жақсарту үшін «Калиханулы» шаруа қожалығында жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс істейді, ұрықтандыруда «Моноцервикальный» әдісі қолданылады, «Таурус Сервис» Америкалық компаниясының, атап айтқанда Айширский асыл тұқымды бұқаларының өнімдері қолданылады.

Осы мақсатқа ауданның ауылдық округтеріне 9 жасанды ұрықтандыру пункттері үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

3 тауарлы –сүт фермаларында, олар: «Балке», «Саят», «Калиханулы» шаруа қожалықтарында 610 сауын сиырлары бар, олар негізінен 111 бас асыл тұқымды қызыл, 200 бас асыл тұқымды қара ала және 299 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы симментал сиырлар.

Капиталдық шығындарды талап етпейтін бағыттардың бірі-шағын-құс фабрикаларын дамыту. Осы мақсатқа Глуховка ауылының Старая Крепость ауылында жеке кәсіпкер А.Н.Титовпен 2010 жылы 800 бас жұмыртқалағыш-тауықтарға арналған шағын құс фермасы салынды.

Жыл басынан бері «Бесқарағай ауданының «Ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жұмыс істеп, мына қызметтерді атқаруда:

- ауданның ветеринарлы-санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;

-аса қауіпті эпизотикалық аурулардың диагностикасын іске асыру;

-дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарын жүргізу;

-қаңғыма иттер мен мысықтарды ұстау, оларды жож жұмыстарын атқару.

Ауданда 15 мал сою пункттері жұмыс істейді. 2012 жылы Бесқарағай

ауылында ауданның барлық ауылдық округтерін қамтамасыз ететін ветеринарлық дәріханалар ашу жоспарлануда.

Ауданның барлық ауылдарында мал қорымдары бар, соңғы 2 жылда осы

мақсатқа жергілікті бюджеттен 3 млн.теңге сомада қаражат бөлінді, 8 елді мекендерде мал қорымдарын жаңалау жүргізілді, 2012 жылы жергілікті бюджеттен мал қорымдарын жаңалау үшін 2,0 млн.теңге бөлінді. Сонымен бірге 2012 жылдың наурыз айында жергілікті бюджеттің есебінен құны 5,0 млн. теңге болатын ДУК автомашинасын сатып алуға қаражат бөлінетін болады.

Малдарды бірдейлендіру жұмыстары жалғастырылуда.

2011 жылы 26000 бас ірі қара малдарды бірдейлендіріліп, мәліметтердің компьютерлік базасына енгізілді. 2012 жылы қосымша 18 мың сырғалар, паспорттар алынып, бүгінгі күні ірі қара малдарды сырғалау жұмыстары жүргізілуде. Орталық серверді сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 420 мың теңге бөлінді. Мал шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері үнемі аудан әкімі аппаратының бақылауында болады. Агроөнеркәсіптің жоғары бір саласы- өсімдік шаруашылығы болып табылады.

- 2012 жылға ауыл шаруашылық дақылдарының егістік жер көлемі 42,5 мың гектарды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 0,8 мың гектарға артық. Дәнді дақылдар 21,4 мың гектар немесе өткен жылмен салыстырғанда 0,7 мың гектарға, 2011 жылы майлы дақылдарының егістік көлемі 8,4 мың гектарды, көкөніс 0,4 мың гектарды немесе 0,04 мың гектарға артылды, бақша дақылдары 0,140 мың гектарды, картоп 0,8 мың гектарды құрап, 0,05 мың гектарға артылды, мал азығы дақылдары 11,3 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,93 мың гектарға артылды.

Бүгінгі күні дәнді-дақылдар тұқымымен қамтамасыз етілу 80 пайызды құрайды, күнбағыс тұқымымен қамтамасыз етілуі 77 пайыз. Жетіспейтін дәнді –дақылдарының және күнбағыс тұқымдары облыс тұқым шаруашылықтарынан сатып алынатын болады.

- І, ІІ, ІІІ репродукциялы дәнді-дақылдарының тұқымдарымен қамтамасыз ету үшін «Айгерим» шаруа қожалығының базасында тұқым шаруашылық мәртебесін қалпына келтіру жоспарлауда. Осы шаруашылық элиталық тұқымын және І-репродукциялы тұқымдарын сатып алуға жоспарлауда;

-2012 жылдың егістік өніміне ауданның шаруа қожалықтары 74 тонна миниралды тыңайтқышты енгізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні 74 тонна миниралды тыңайтқыш үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырыс берілді;

-ауданда сиымдылығы 1 мың 700 тонна болатын 3 көкөніс- картоп сақтау қоймалары жұмыс істейді. Шаруа қожалықтары күзгі мезгілде көкөніс, картоп өнімдерін Семей қаласының сауда орындарында сатады. «Семей», «Лана-2» шаруа қожалықтары сиымдылығы 2000 тонна болатын көкөніс, картоп сақтау қоймаларының құрылысын жоспарлауда.

Барлық қаржыландыру көздерінен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмысы жүргізілуде, оның ішінде:

- соңғы жылдары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 4- МТЗ-82 тракторы, 2 - СК-Нива комбайны, «Агромаш холдинг» арқылы 2 - престеуші-бодборщик, топырақ өңдеу техникасы, тұқым тазалағыш, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 1 - жүйектеуіш, 1 - көшет отырғызғыш агрегаттары сатып алынды. 2012 жылы ауданның шаруа қожалықтарымен «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы 3- МТЗ-82 тракторын, 1 - МТЗ-1221, 1 - БДМ -7,2, 1 картоп жинау комбайнын, 1картоп отырғызғыш, картоп іріктеу қондырғысын, 1 шашыратқыш ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға өтінімдер берілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтен алдыңғы қатарлы озық технологияларды енгізу үшін 2012 жылы тиісті шаралар қолданылуда:

- 2011 жылы ауданның шаруа қожалықтарымен ылғал қорын сақтау технологияларын сақтаумен 2,0 мың гектарға дәнді дақылдар егілді, 2012 жылы 2,5 мың гектарға дәнді- дақылдар егу жоспарлануда, бұл 0,5 мың гектарға артық немесе өсімі- 125 %;

- суармалы жерлерді кеңейтуге аса назар аударылуда.

Бүгінгі күні жер балансының мәліметтері бойынша ауданда есептелетін 17,1 мың гектар суармалы жерлердің, 2011 жылы 1,2 мың гектары суарылды немесе 2010 жылмен салыстырғанда өсімі 340 гектарды құрады. 2012 жылы суармалы дақылдардың көлемін 2 мың 200 гектарға ұлғайту жоспарлануда;



-соңғы жылдары суарудың озық түрінің бірі болып саналатын –тамшылатып суару технологиясын енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылдың ішінде тамшылатып суару көлемі 104 гектарға артты. Суарудың бұл түрі 2 ауылдық округте дамуда.

Келешекте тамшылатып суарудың көлемін 250 гектарға жеткізу қарастырылуда.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен Семей қаласында азық-түлік белдеуін құру бағдарламасын дамыту үшін:

-«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысы» жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба жергілікті инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілді. Жобамен Семияр ауылдық округінің байырғы Семияр және Кривинка кеңшарларының аумағындағы 4041 гектар болатын суармалы жерлерді суару үшін суару жүйелерін қалпына келтіру қарастырылған. Ұзындығы 59,7 шақырым суару жүйелерін қайта жаңалау және негізгі сорғы (насос) стансасын қалпына келтіру, инфрақұрылым нысандарының қосымша құрылысы жоспарлануда.

Жобаның мақсаты өздері өндіретін жоғары сапалы азық-түлік өнімдеріне деген Қазақстан халқының сұранысын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл Қазақстан нарығын жоғары сапалы өнімдермен толтырып, азық-түлік қауіпсіздігінің артуына, сонымен бірге өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейлерінің жақсартылуына ықпал етеді.

Жобаның құны 1 млрд.154 млн.теңге.

Құрылыстың басталуы 2012 жылдың екінші жарты жылдығында жоспарлануда.

Ауданда ірі капиталды кредиттерден басқа шағын кредиттік ресурстар түсуде:

- «Бесқарағай-несие» несие серіктестігі 2011 жылы 3 шаруа қожалығына

5 млн.500 мың теңге бөлсе, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы «Егінжай» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы

3 млн.100 мың теңге сомаға, сондай-ақ, «ҚазАгро» акционерлік қоғамынан «Лана» шаруа қожалығы 35 млн.557 мың теңге сомаға несие алды;

-«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ет бағытындағы ірі қара малдарды өсіріп, көбейту үшін 10 жоба бойынша 10 млн. 600 мың теңге несие бөлінді.

Жүктелген тапсырмаларды шешудің негізі- ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді тиімді пайдалану болып табылады.

2011 жылы жалпы көлемі 5 мың 333 гектар жер, оның ішінде 914 гектар

егістік жер телімдері иесіз ретінде есепке қойылды. Есепте тұру мерзімдерінің аяқталуына байланысты жалпы көлемі 12 мың 896 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде 4 мың 551 гектар егістік жер телімдері арнаулы қор жеріне енгізілді. Қазіргі уақытта 8 мың 13 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары есепте тұр, оның ішінде 1 мың 824 гектар егістік.

ШАҒЫН БИЗНЕС
2012 жылғы 1 қаңтарға 1071 шағын кәсіпорын субъектілері жұмыс істейді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға арттырылды. Тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 48 бірлікті құраса, бұл 2010 жылы олардың саны 54 бірлікті немесе 88,9 пайызды құраған болатын, оның ішінде жұмыс істейтін кәсіпорындар 25 бірлік, 2010 жылы 30 бірлік немесе 83,3 пайызды құрады.

Қазіргі уақытта ауданда жұмыс істемейтін кәсіпорындарды жою бойынша жұмыстар атқарылуда. Салық басқармасының мәліметтері бойынша жылдың басынан бастап заңды тұлғалардан жою туралы 2 өтініш түсті.

Ауданда шағын бизнесті дамытуды қолдау мақсатында «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Азиалық несие қоры» шағын несиелік ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Береке» Қазақстан шағын несие ұйымы қоғамдық қоры жұмыс істейді. 2011 жыл ішінде «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігімен 2 өтініш берушіге 5 млн. 500 мың теңге сомада, «Азиалық несие қоры» шағын несиелік ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы 2011 жылы 32 млн.916 мың теңге сомада 296 несие берілсе, «Береке» Қазақстан шағын несие ұйымы қоғамдық қоры арқылы 969 өтініш берушіге 98 млн.110 мың теңге сомада несие берілді.

«Бизнес-2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауданда ауданның жұмыс істейтін және қызметтерін алғашқы бастайтын кәсіпкерлер үшін 2 күндік ақысыз экспресс-курстар 3 кезеңде өткізілді. Экспресс-курстың қорытындылары бойынша 53 адам сертификат алды. Осы іс-шаралардың өткізілуі қызметтерін алғашқы бастайтын кәсіпкерлерге бастама беріп, жаңа сауда дүңгіршіктері мен басқа да шағын бизнестің нысандарын ашуға мүмкіндік берді.

2011 жылы ауданда шағын және орта бизнестің 14 нысандары пайдаланымға енгізілді, жалпы 43 жұмыс орын (жаңа қазіргі замандағы автомай құю стансасы, 1 сауда кешені, 5 дүкен, 3 сауда дүңгіршегі, дәріхана дүңгіршегі, киім-тігу цехы) құрылды.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Халықты әлеуметтік қорғау саласы соңғы 3 жыл аралығында ауданда әлеуметтік қамтамасыз ету саласын дамытудың оңды динамикасын: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджет қаражаттарының тұрақты өсуін, аз қамтылғандар санының азаюын, жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының жыл сайынғы артуын, тіркелген жұмыссыздар үлесінің төмендеуін көрсетеді.

Экономика мен әлеуметтік салаларды жан-жақты дамытуға байланысты шаралар кешенін іске асырудың нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейі жақсартылды. 2010 жылмен салыстырғанда күн көрісі төмен қамтылған халықтардың саны 1750 адамнан 1511 адамға дейін қысқартылып, 13,6 пайызды құрады. Ауданда күн көрісі төмен қамтылған халықтардың санын азайту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін күн көрісі төмен отбасыларға шағын несие түрінде көмек көрсетілуде. «Аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан өңірлік қорының шағын несие ұйымы» арқылы 95 күн көрісі төмен отбасына 3 млн.735 мың теңге сомада шағын несиелер берілді.

«Қамқорлық» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданның демеушілерімен тұрақты қайырымдылық көмегі көрсетілуде.

2011 жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 66 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының 11 қатысушысы мен 8 мүгедегіне жергілікті бюджеттен 190 мың теңге (әр адамға 10 мың теңге) сомада материалдық көмек көрсетілді.

Қазіргі күні ауданның 42 зейнеткері «Уба» санаториясында денсаулықтарын жақсартты.

Семей қаласының протез зауыты ауданның 14 мұқтаж ететін мүгедегіне протездік-ортопедиялық көмек көрсетті.

2011 жылы сағат, тифломагнитолла, тифлоплеер, және таяқтар алған 16 адам тифло-техникалық заттармен қамтамасыз етілді.

2011 жылдың басынан бастап 629 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, жылдық жоспар 242 пайызға орындалды. 2012 жылғы 1 қаңтарға тіркелген жұмыссыздардың саны 78 адамды құрады. 30 жұмыссыз кәсіптік дайындыққа, «шаштараз» мамандығы бойынша 11 адам, «аспаз» мамандығы бойынша 2 адам, «тігінші» мамандығы бойынша 1 адам «Болашақ» кәсіптік лицейіне, «газ электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша 10 адам, «В» категориясындағы жүргізуші» мамандығы бойынша 6 адам Семей қаласының құрылыс колледжіне жіберілді. Жұмыссыздарды жіберу бойынша 2011 жылға арналған жоспар 100 пайызға орындалды.

1 қаңтарға 445 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 174,5 пайызға орындалды. 127 жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар 162,8 пайызға орындалды. 651 адам жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірді, 2010 жылмен салыстырғанда 265 адамға төмен.

Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша: 2012 жылғы 1 қаңтарға жоғары оқу орындары мен орталау оқу орындарының 44 түлегі Жастар іс-тәжірибесіне жіберіліп, оған 3 млн. 900 мың теңге игерілді немесе жоспардан 100 пайыз.

Ауданда жұмыссыздар санын азайтуға және күн көрісі төмен жұмыссыздарды кедейшілік деңгейінен шығаруға бағытталған екі жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млн.111 мың 900 теңге сомада қаражат салынды.

Кәсіптік дайындық бойынша жоспар 144 адамды құрады, жыл басынан бастап 144 адам кәсіптік дайындыққа жіберіліп, 50 адам оқуын аяқтады. Қазіргі уақытта 94 адам оқуда. Бесқарағай ауданының № 16 кәсіптік лицейінде «автомобилді жөндеу слесары» мамандығы бойынша 15 адам, «аспаз» мамандығы бойынша 25 адам оқыды. Семей қаласындағы радиотехника және байланыс колледжінде «аппаратураға қызмет көрсету» мамандығы бойынша

4 адам оқыды, «Жастар» кәсібі бойынша 6 адам-аспазшы және кондиттер мамандықтарына оқыды. 50 адам жұмысқа орналасты немесе 100 пайыз.


  1. жылы қайта даярлық курсына 35 адам келесі бағыттар бойынша жіберілетін болады:

- «Омарта шаруашылығы» 2012 жылғы тамызда басталатын болады, оқитын тұлғалардың саны 20 адамды құрайды.

- «Орман шаруашылығы, бақша-саябақ және ландшафтық құрылыс» бойынша оқу 2012 жылғы наурыздан басталады, оқушылар саны 15 адамды құрайды;

-«жүргізуші» оқуына 2012 жылғы ақпан айынан бастап 15 адам жіберілетін болады;

- «ауыл шаруашылығы тракторист-машинисты» оқуына 2012 жылғы ақпан айынан бастап 15 адам жіберілетін болады.

Халықтың әлеуметтік- әлжуаз топтарын жұмыссыздықтан қорғау мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, кәсіптік дайындыққа, қайта дайындыққа және жастар іс-тәжірибесіне жіберу жұмыстары жалғастырылатын болады.

Бұл шаралар жұмыссыздық деңгейін ұстауға және халықтың -әлжуаз топтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Жұмыссыздықтың жалпы деңгейін төмендету және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Ауданда «Бесқарағай» қайырымдылық қорының қаражаттары есебінде «Бесқарағай: қасіреттен ұлттық мақтанышқа» атты телемарафон аясында оңтайландыру аумақтық орталығы құрылуда, онда құрылымдық бөлімшелер жұмыс істейтін болады:

-жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі;

-жоғарыда айтылған санаттардың қысқа мерзімді келу топтары, олар жеке мұқтаждықты ескере, олардың даму деңгейін арттыруға бағытталған, жартылай станционар шартындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету міндеттерін орындайтын болады.



БІЛІМ БЕРУ
2011 жылы білім беру саласына бюджеттен 1 млрд.78 млн.400 мың теңге бөлініп, 2010 жылмен салыстырғанда 20,7 пайызға арттырылды.

Ауданда 24 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 2 бастауыш, 4 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылардың саны 3294 оқушыны құрайды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 120 оқушыға аз.

Ауданның шалғай орналасқан 10 елді-мекендерінен 260 оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылды. Оқушылар 8 орта мектептерге тасымалданады.

23 мектепте ыстық тамақпен тамақтандыру ұйымдастырылып, 95,8 пайызды құрады. Қазіргі уақытта 21 асхана жұмыс істейді, онда оқушылар ыстық және буфеттік тамақпен тамақтандырылады.

Асхана мен буфеттері жоқ мектептерде ыстық тамақпен тамақтандырудың альтернативтік үлгісі енгізілді, үзіліс 30 минутқа дейін ұзартылды. 3 мың 262 оқушы ыстық тамақпен тамақтандырумен қамтылды (99 %).

2011 жылы аудан мектептері бойынша бюджеттің есебінде 24 млн.160 мың теңге, оның ішінде бір балаға күнделікті 20 граммнан есептегенде балға 4 млн.569 мың теңге жұмсалды. Аудан бойынша күн көрісі төмен отбасылардың балаларының саны 567, оның ішінде 501 бала жергілікті бюджет қаражаты мен жалпыға міндетті оқыту қорының есебінде, 66 оқушы альтернативтік тамақтандырудың есебінде тамақтандырылды. 107 бала 57 мың 900 теңге сомада демеушілердің есебінде буфеттік тамақтандырумен қамтамасыз етілді.

Шығармашылық үйінің мақсаты мен міндеті балалардың белсенділігін, өнегелі мұрат жүйесі мен жалпы адамзат құндылықтарын қалыптастыру. Өткен оқу жылы 120 оқушы үйірмеге қатысты.

Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтының қағидаларын насихаттау мен енгізу -өзекті мәселе болып табылады. Спортты дамыту бойынша барлық жұмыстар бұқаралық-спорттық іс-шаралардың әзірленген және бекітілген жылдық жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Ауданда дене шынықтыру сабағын өткізу және дене шынықтыру – сауықтыру жұмысын ұйымдастыру үшін 65 спорттық құрылыстар, оның ішінде 20 спорт зал бар.

Спортты дамыту жұмысының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде ауданда өткізілетін іс-шаралардың саны жыл сайын арттырылуда: 2010 жылы – 32 бұқаралық-спорттық іс-шаралар, 2011 жылы-36 іс-шаралар, 2012 жылы – облыстық және аудандық деңгейде 43 іс-шараны өткізу жоспарлануда.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін «Мама, папа және мен – спорттық жанұя» атты спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады, оған балалар ата-аналарымен қатысады. Іс-шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаттары бөлінуде.

2011 жылы жалпы білім беретін мектептерде 1256 баланы қамтитын 53 спорттық секциялар ұйымдастырылды.

Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 2011 жылы 2 млн. 480 мың теңге сомада сатып алынды, сондай-ақ, демеушілік көмек арқылы спорттық құрал-жабдықтарды сатып алуға 850 мың теңге жұмсалды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кадрлық құрамы 38 адамды құрайды. Кадрлармен қамтамасыз ету- 100 пайыз.

2011 жылы волейболшылардың құрама командасы Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында облыстың 12 командасы арасында 2 орынды иеленсе, аудан командасы спорттың 12 түрі бойынша Халық спортының ойындарында облысымыздың 14 ауданының арасында жалпы командалық 7 орынды иеленді.

Бесқарағайлық - жас спортшылар- 8 –ші «Саулетай» облыстық балалар спорттық ойындарында Кубок пен естелік сыйлықтарға ие болып, 2 орынды иеленді.

2011-2012 оқу жылдарының басында 1-11 сынып оқушыларының саны 3 мың 294 оқушыны құрады, оның күн көрісі төмен отбасылардың 500 баласы, 68 қамқорлықтағы бала, 9 бала патронаттық тәрбиеленуде, үйде оқитын 23 мүгедек бала және 16 күн көрісі төмен отбасының 21 баласы бар.

Күн көрісі төмен отбасылардың 500 баласы, көп балалы отбасылардың 45 баласы мен қамқорлықтағы 34 бала материалдық көмек алды.

2011 жылғы жазғы кезеңінде 2 мың 874 бала мен жасөспірімдер демалумен, сауықтырылумен және жұмыспен қамтылды, бұл 97 пайызды құрады.

Ауданда 95 баланы, оның ішінде екі жастағы 20 баланы қамтитын 1 Борас орта мектеп-бақшасы мектепке дейінгі мекемесі жұмыс істеуде.

Ауданның 24 мектебінде 30 мектепалды сынып ұйымдастырылып, оның ішінде 19 топ қазақ тілінді ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық тобына барлығы 343 бала барады. 2011 оқу жылы Глуховка, Канонерка, Беген орта мектептерінде және Н.Баймұратов атындағы орта мектепте қосымша 100 баланы қамтитын 4 толық күнді шағын орталық ашылды.

23 қысқа мерзімді шағын орталықта 3-4 жастағы 582 баланы қамтитын 30 топ және 100 баланы қамтитын төрт толық күнді шағын орталық жұмыс істейді. Шағын орталықтарға барлығы 682 бала барады. 777 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды немесе 75,8 пайыз.

Тұрғындардың мектепке дейінгі білім беру қызметіне қажеттілігі жыл сайын артуда. 2012 жылғы 1 қаңтарда бала-бақшаға 164 өтініш тіркелінді.

Ағымды 2012 жылы Сосновка орта мектебінде 25 орындық толық күнді шағын орталығының ашылуы жоспарлануда.

2012 жылғы наурыз айында Борас орта мектеп-бақшасында екі жастағы балалар үшін қосымша 15 орындықты бір тобының ашылуы жоспарлануда.

Оқу жылдың басынан бастап 43 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2011-2012 оқу жылдары 12 жас маман жоғары оқу орындарынан келді. 6 маман 105,0 теңгеден көтерме жәрдемақы алса, 2 маман баспана алуға ауыл елді мекендерінің әлеуметтік саладағы мамандарды әлеуметтік қолдау үшін шараларды іске асыру үшін жергілікті атқарушы органымен бюджеттік несие алды.

Ауданда 2011 жылы «Жол картасы» бойынша ауданның 5 мектебінде күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары 52 млн.765 мың теңгені құрады. 15 млн.929 мың теңгеге 4 биология кабинеті сатып алынды. Сонымен қатар, Н.Баймұратов атындағы орта мектебіне және Борас орта мектеп-бақшасына балаларды тасымалдау үшін 25 орынды 2 ПАЗ-32053 автобусы мен Беген орта мектебіне жалпы 10 млн.850 мың теңге сомада 11 орынды УАЗ 220695 автомобилі сатып алынды.

Ағымды жылы 89 млн. 377 мың теңге сомаға «Березовка орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің қазандығын, жылу беру мен сыртқы жүйелерін күрделі жөндеу, Глуховка, Семеновка, К-Владимировка орта мектептерінің жылу беру жүйелерін қайта жаңарту жұмыстары жоспарлануда.

Ағымды жылы Ү-Владимировка, Глуховка, Беген орта мектептеріне балаларды тасымалдау үшін ескірген көліктің орнына 13 млн.800 мың теңге сомаға 25 орынды ПАЗ-32053 автобустары сатып алынатын болады.

Семеновка, Канонерка, Сосновка орта мектептері мен Н.Баймұратов атындағы орта мектепке жалпы сомасы 16 млн. 397 мың теңгеге 4 химия кабинеті сатып алынатын болады. Мостик және Башкуль ауылдарындағы мектептердің құрылысына жобалау - сметалық құжаттамаларды дайындау жүргізілуде.

Бюджеттік қаражаттар есебінде «Балапан» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік міндетті тапсырысты іске асыру жөніндегі іс-шаралар өткізіліп, оған 6 млн.990 мың теңге бөлінді, оның есебінде 100 баланы қамтитын 4 толық күнді шағын орталық пен 45 баланы қамтитын бала-бақшаның 2 тобы жұмыс істеуде, үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларды бағдарламалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 5 млн. 96 мың теңге сомада 9 компьютер сатып алынды, 2011 жылғы наурыздан бастап жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағу үшін 55 балаға 7 млн.752 мың теңге сомада жәрдемақы берілді.

2011 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның орташа балы 81,3 пайызды құрады. Бұл 2010 жылы аудан бойынша 88,1 пайызды құраған болатын. Осы жерде ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу мен оның өткізілуін бақылауды орынбасарым Е.Е.Рахметуллинге жүктеймін және оның көрсеткіші 2011 жылдың көрсеткішінен төмен болмауға тапсырма беремін.

2011 жылы 1 млн. 870 мың теңге сомаға Бесқарағай ауылында 50 орынға арналған бала - бақша құрылысына және Жыланды бастауыш мектебінің спорт залы құрылысына жобалау - сметалық құжаттамалар әзірленді. Қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі шешілуде.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудандағы медициналық қызмет көрсету 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен, 7 дәрігерлік амбулаториямен, 3 фельдшерлік –акушерлік және 16 медициналық пункттерімен іске асырылады.

2011 жылы республикалық бюджеттің қаражаттары есебінде 11 млн.800 мың теңге сомада реанимациялық көлік сатып алынды.

Ауданда 35 дәрігер және 124 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

-10 мың халықтың дәрігерлік кадрлармен қамтылуы- 16,2 (2010-15,2).

- 10 мың халықтың орта медицина қызметкерлерімен қамтылуы- 57,9 (2010-52,0).

- 35 дәрігердің ішінде 14 дәрігердің кәсіби дәрежесі бар немесе 40%

- 124 орта медицина қызметкерлерінің ішінде 51 қызметкерде кәсіби дәрежесі бар немесе 41%.

Есеп беру кезеңінде ауданға «Ауылға дипломмен» бағдарламасы бойынша 3 дәрігер келді, тұрғын үй алу үшін көтерме қаражаттар және жеңілдік несиелер берілді.

Кадр жағынан 8 дәрігер тапшы болып отыр, олар: жалпы тәжірибедегі дәрігер, анестезиолог, психиатр, рентгенолог, нарколог, лоборант дәрігері, тері дәрігері, физиотерапевт.

Туу көрсеткіші 10,2% артты, 2011 жылы 340 сәби дүниеге келді.

Жалпы өлім көрсеткіші 281 жағдай немесе 1000 халыққа 13,0 %.

Халықтың табиғи өсім көрсеткіші 2,8% (2010 жылы-2,5).

Соңғы 2 жылда ана өлімі тіркелген жоқ.

2011 жылы сәби өлімі 24,5% төмендеді.

Туберкулезбен алғашқы науқастану 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 42,3 % құрады. Туберкулезбен науқастану көрсеткіші ауданның көрсеткішінен жоғары болып, бұл көрсеткіштер Семияр, Беген, Баскөл, М-Владимировка, Канонерка ауылдық округтерінде орын алуда.

Флюорографикалық тексерумен 11 мың 16 адам қамтылды және аудандық орталық емхананың флюорографиялық тексеруден 7723 адам өтті Ауданның халқын анағұрлым қамту мақсатында ағымды жылдың қыркүйек айында аудан бойынша Семей қаласының аумақтық туберкулезге қарсы диспансерінің жылжымалы флюороқұрылғысымен тексеру жүргізілді, жоспар бойынша 4000 адам жоспарланып, тексеруден 3 мың 293 адам өтті немесе жоспардан 82% құрады. Туберкулезбен науқастанғаңдарға әлеуметтік көмек көрсету үшін 2011 жылы 12 науқасқа 185 мың теңге сомада көмек көрсетілді (2010 жылы 10 науқасқа 150 мың теңге сомада көмек көрсетілді).



СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Аудан аумағында жеті елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталған. Басқа ауылдар үй алдындағы құдықтардан сумен қамтамасыз етілген. Бесқарағай ауданында 2011 жылы республикалық бюджеттен 57 млн. теңге сомаға Бесқарағай ауылындағы су құбыры жүйелері мен су алатын имараттарды қайта жаңарту жұмыстары басталды, жоба құрылысының құны 348 млн. 165 мың теңге. Қайта жаңартуды «Фирма Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді.

2010-2011 жылдары 147 млн. теңге игерілді, су алатын имараттар мен су таратқыштар салынып, сукернеуіш мұнара орнатылды. 2015 жылға дейін ауданның аумақтарын дамыту бағдарламасында 10 жобаны іске асыру салынған, бұл Өндіріс, Қарабас, Семияр, Ново-Николаевка, Ерназар, Қоянбай, Мостик, Бұқабай, Морозов орманшылығы, Қара-Мырза ауылдары. Ауылдық елді мекендеріндегі ұңғыманы орналастыру және су құбыры жүйелерін қайта жаңарту және құрылысын салуға бағытталған.

2012 жылы аудандық бюджет есебінен Қара-Мырза ауылындағы ұңғыманы орналстыру басталады. Осы жылы Ново-Николаевка, Ерназар және Қарабас ауылдарындағы жер асты су қорларын анықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қарабас, Семияр, Өндіріс, Қоянбай, Қара-Мырза ауылдарындағы су құбыры жүйелері мен су алатын имараттардың құрылысына жобалау- сметалық құжаттар әзірлеу аяқталуда.

Халық сандарының өсу қарқыны және оларды қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Бесқарағай ауданы 2011 жылы бірінші орын иеленді.
ЖОЛ САЛАСЫ
Аудан маңызындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 234 шақырымды құрайды.

Өткен жылы жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінде жергілікті маңызындағы автомобиль жолдарын жұмысын қамтамасыз етуге 48 млн. 4 мың теңге, жолдарды паспорттауға 4,0 млн.теңге, қысқы ұстауға 4млн. 600 мың теңге бөлінді.

2012 жылы 39,0 млн.теңге бөлінді, оның ішінде автомобиль жолдарын ұстауға 35,0 млн.теңге бөлінді. Жолдарды орташа жөндеуге жобалау- сметалық құжаттаманы әзірлеуге 4 млн. теңге бөлінді (Н.Николаевка-Бозтал ауылдары 2,0 млн.теңге, Мостик-Долон ауылдары 2,0 млн.теңге).

2012 жылы облыстық бюджеттен Семей-Долон-Бесқарағай-Ерназар-Қоянбай облыстық бағытындағы автомобиль жолдарын жөндеуге:

-Ерназар ауылынан Қоянбай ауылына дейінгі ұзындығы 23 шақырымды учаскеге – 196 млн. 215 мың теңге;

- Н-Николаевка ауылынан Башкуль ауылының бағытындағы ұзындығы 16,6 шақырымды учаскеге – 57 млн.265 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді.


ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Бүгінгі уақытта ауданның барлық елді мекендерінің көшелерi жарықтандырылды. 2011 жылы барлығы 125 фонар орнатылып, осы жұмыс түрлеріне 5, 0 млн. теңге бөлініп, толық көлемде игерілді.

Ауданда тұрғын -үй құрылысын салу бағдарамасын іске асыру жалғасуда. 2011 жылы ауданда тұрғын үйді пайдалануға беру 100,2 пайызға қамтамасыз етілді, жеке құрылысшылармен 2205,4 шаршы метрге тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Аудан аумағының төрттен бір бөлігін қарағайлы орман алып жатыр. 2011 жылы ауылдық округтер бойынша -203 (2010 жыл-181) өрт факторлары тіркелді, оның ішінде 125-орман өрті, 22- дала өрті, 51 – тұрмыстық өрті тіркеліп, өрттен 531 мың теңгеге залал келтірілді.

«Семей орманы» табиғи резерватының мемлекеттік орман қорғау инспекторларымен 2011 жылдың ішінде 809 рейд пен 77 тексеру жүргізілді.

Осыған байланысты орман ағаштарын заңсыз кесудің 25 фактілері анықталып, 25 хаттама толтырылды. Оның ішінде 18-і сотқа беріліп, 7-уі құқық қорғау органдарына тапсырылды. Орман заңнамасының 14 бұзушысына 422,8 мың теңгеге айыппұл салынып, 1 млн. 13 мың теңге сомада зиянды өтеу үшін 19 айып талап етілді.

Жоғары және орташа экономикалық мүмкіндікпен ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шараларды өткізу шеңберінде облыстық бюджеттен 22 млн. 265 мың теңге бөлінді және жергілікті бюджеттен ортақ қаржыландыру 5 млн. 566 мың теңгені құрады. Осы іс-шараларды Қарабас, Жыланды және Канонерка ауылдарында өткізу жоспарлануда.




Қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі

Өткен жылда - Бесқарағай ауданының аумағында барлығы 197 қылмыс тіркелді (2010 жылы 159 қылмыс тіркелген), 10 мың адамға есептегенде қылмыс деңгейі 85,1 қылмысты құрады, облыстық орташа көрсеткіші 154,3 қылмысты құрады. Жалпы қылмыстық істердің ашылуы- 78,4%, өткен жылмен салыстырғанда 10,8 %-ға төмен (2010 жылы 89,2 % болған).

Аса ауыр қылмыстардың ашылуы-100%. Өткен жылмен салыстырғанда бір дәрежеде. Есеп беру кезеңінде 38 қылмыс ашылмай қалған.

Аудандық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аудан аумағында «Құқықтық тәртіп», «Көші-қон», «Мал ұрлығы», «Допинг», «Нелегал», «Қару», «Қауіпсіз жол» және басқа да кешенді іс- шаралар өткізілді, іс- шараларды өткізу барысында алдын алу есебіне- 295 адам қойылды.

Жол көлік оқиғаларын, балалардың жарақаттануын болдырмау мақсатында аудан аумағында «Қауіпсіз жол», «Абайлаңдар, балалар», «Автобус», «Жолаушы» атты және тағы да басқа рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Ағымдағы жылдың 12 айында жол жүру ережесін бұзу бойынша 471 факті тіркелді, өткен жылы 441 факті тіркелген.

Табиғатты қорғау полициясының бағыты бойынша жұмыс жеткіліксіз дәрежеде жүргізіледі. Есеп беру кезеңінде заңсыз ағаш кесу бойынша қылмыстар анықталған жоқ, бірақ қоршаған табиғи ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану деңгейінде әкімшіліктік құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жақсартылды, барлығы 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңге 13 құқық бұзушылыққа артық ( 93).


Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту
Ауданда 18 кітапхана, 1 аудандық, 2 ауылдық Мәдениет үйлері жұмыс істейді.

2011 жылы өткізілген барлық қоғамдық-саяси, мәдени көпшілік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізілді. Еліміздің мерейтойын мерекелеу шеңберінде көлемді іс-шаралар кешені, оның ішінде – дөңгелек үстелдер, мерекелік гала-концерттер, конкурстар және фестивальдер өткізілді. Ауданда Тәуелсіздіктің 20-жылдығын мерекелеу барысында өткізілген ең бір жарқын іс-шаралардың бірі – ауданның барлық ауылдық округтерінің қатысуымен өткізілген «20 жұлдызды күндер» шеңберіндегі іс-шаралар. Ауданда құрамында 100 мүшесі бар, 10 аудандық және 10 ауылдық ақпараттық – насихаттау топтары жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2011 жылы ауданда тұратын әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлерін және этносаралық достығын сақтау үшін қызметтері бағытталған «Достық үйі» ашылды.

Тілдерді оқыту орталығында 136 тыңдаушы білім алады. Сонымен қатар, ағылшын тілінен курстар жүргізіліп, жергілікті тұрғындарға «Тілашар» атты 2 айлық курстар ашылған.

Мемлекеттік басқару органдарындағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп тұрады, Қазіргі уақытта мемлекеттік басқару органдарындағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлес салмағының деңгейі 99,0 пайызды құрайды.

Жыл ішінде ауданда «Туған жерге тағзым» атты акция өткізілді. Осы акцияның шеңберінде өткізілген іс-шаралардың бірі - Семей ядролық полигонының жабылуының 20 – жылдығына арналған «Бесқарағай: қасіреттен ұлттық мақтанышқа» атты телемарафон, осы іс-шараның барысында 1 млн. 500 мың теңгеден астам қаражат жиналды. Аталған телемарафон жерлесіміз, Семей қаласындағы ТВК-6 телеарнасының Президенті О.К.Байуақовтың қолдауымен жүргізілді. Барлық жиналған қаражат «Бесқарағай» қайырымдылық Қорының есеп шотына аударылды. Осы акцияның шеңберінде ауданның шаруа қожалықтарының басшыларымен және кәсіпкерлерімен ауданның мектептері мен елді мекендерін көркейту үшін материалдық көмектер көрсетілді.

Ауданда қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.



Құрметті жерлестер!
Жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қатар, шешілмеген мәселелер мен алдағы уақытқа арналған жоспарларда бар. Маңызды жұмыстарды атқару үшін келесі тапсырмаларды шешуіміз қажет:

1. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдіру кәсіпорындарының санын арттыру. Бүгінгі күнгі қолданыстағы өнімдерді қайта өндейтін шағын кәсіпорындар осы деңгейдегі өнімдерді өндіру үшін жеткіліксіз. Әсіресе сүт, ет және көкөніс өндіру үшін жеткіліксіз, өйткені ауданымыз Семей қаласының ауыл шаруашылығы өнімімен жабдықтау бойынша белдігіне енгізілген. Осы бағытта бізге міндеттерді шешу бойынша мақсатты көзделген жұмыстарды атқаруымыз қажет.

2. Жер қорындағы 242,8 мың га, оның ішінде 160,1 мың га жайылымдар, 12,0 мың га кен, 11,4 мың га жер толық пайдаланған жоқ. Негізгі себептер: үлкен құрылымдарды қажет ететін, мүмкіндігінің жоқтығы мен жұмыс істейтін шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасының әлсіз дамуы болып табылады. Сондықтан негізгі акцентті құрылымдарды тартуға бағыттаймыз.

3. Жылыжайдың құрылысы, мал өсіру шаруашылықтарын арттыру мен жерді пайдалану, жоспарланған жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды атқару қажет.

4. Біздің аудан 2011 жылдың I,II,III тоқсан ішінде рейтінгілік көрсеткіштер бойынша облыста 1-ші орынды иеленді ал IVтоқсанда 3-ші орында және 2011 жылдың қорытындысын қорытындылау кезінде облыс бойынша 1-ші орынды иеленеміз деп үміттенеміз. Бұл біздің сіздермен бірлескен ортақ еңбегіміздің жемісі және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіміз.

Мен 2012 жылы рейтінгілік көрсеткіштер бойынша алдағы қатарда боламыз деп ойлаймын.



Қазіргі уақытта шағын бизнестің нысандарын дамыту бойынша бірнеше бағдарламалар жұмыс істейді. Аталған бағдарламалар жергілікті атқарушы органдарымен тұрақты бақылауда болуы және орындалуы қажет.
Құрметті жерлестер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жергілікті атқарушы органдардың алдына үлкен міндеттер жүктегеніне баршаңыз куә болдыңыздар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - дейді халқымыз, сондықтан қоян-қолтық еңбек етуге, береке-бірлікті көзіміздің қарашығындай сақтауға еліміздің көркеюіне барлықтарыңызды үлес қосуға шақырамын.

Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет