Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару



Дата11.07.2016
өлшемі16 Kb.
#190551
Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын

коммуналдық меншіктің облыстық

ұйымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қоса беріліп отырған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесі бекітілсін.

  2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

  3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 173 «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы күші жойылды деп танылсын.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.С.Биахметовке жүктелсін.

  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2016 жылғы «___» _______

№____ қаулысымен бекітілген


Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық



меншіктің облыстық ұйымдарының тізбесі


  1. Ақтөбе облысының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Намыс» кәсіпқой спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

  2. «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» акционерлік қоғамы;

  3. «Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

  4. «Ақтөбе-агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

  5. «Орталық стадион» мемлекеттік кәсіпорыны.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет