Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС «БІРІНШІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫ»



бет10/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Аналитикалық химия методичка

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

«БІРІНШІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫ»



3.1 Na+ катионының реакциялары
3.1.1 Калийдің гексагидроксостибатының (калий дигидроантимонаты) әсері.

Реакцияның орындалуы

Зерттеуге арналған натрий тұздарының ерітінділерінен сынауыққа 4-5 тамшысын құйып сондай мөлшерде калийдің гексагидроксостибатының (калий дигидроантимонаты) реагенттің қосамыз, натрий тұздары калий гексагидроксостибатымен ақ кристалдық тұнба түзеді, салқындатып, шыны таяқшамен пробирканың ішкі жақтарын үйкелейді, ақ тұнба түзілгені байқалады.

Реакция теңдеуін жазыңдар


3.1.2 Цинкуранилацетатының әсері

Реакцияның орындалуы

Сағат шынысына натрий тұзының 1 тамшысын тамызып буландырамыз, шыныны салқындатып құрғақ қалдықтың жанына 1 тамшы цинкуранилацетаты ерітіңдісін тамызамыз. Түзілген кристалдарды микроскоппен көруге болады (сурет.1).

Cypет 1 - Натрийуранилацетатының кристалдары
3.1.3 От жалынынын боялуы

Натрийдің тұздары от жалынын сары түске бояйды.

Реакцияның орындалуы

Платина немесе нихром сымын концентрлі HC1 ерітіндісіңде батырып, бірнеше рет тазартамыз, жалынның түсі өзгермейтіндей болғанша от жалынында қыздырамыз, содан соң тазартылған сымды NaCl ерітіндісіне немесе алдын-ала HC1 ерітіндісіне, содан соң натрий хлоридінің құрғақ тұзына батырып, от жалынында ұстаймыз, от жалынының боялғанын бақылаймыз. Платина сымы орнына графит таяқшасын қолдануға болады.




3.2 К+ катионының реакциялары

3.2.1 Натрий гексанитро –III- кобальтатының әсері.

Реакцияның орындалуы

2-3 тамшы калий тұзы ерітіндісіне осындай мөлшерде натрий гексанитрокобальтаты (III) ерітіндісін қосып араластырамыз, ерітіндінің рН-ын тексеру қажет.

Реакция теңдеуін жазыңдар
3.2.2 Шарап қышқылының немесе NaHC4H4O6 натрий гидротартратының әсері.

Реакцияның орындалуы

3-4 тамшы калий ерітіндісіне осындай мөлшерде шарап қышқылы немесе NaHС4H4O6 ерітіндісіне қосамыз, ерітіндінің рН-ын тексереміз. Реакция теңдеуін жазыңдар
3.2.3Гексанитрокупрат натрий қорғасынының әсері (микрокристаллоскоптік реакция).

Реакцияның орындалуы

Сағат шынысына 1 тамшы калий тұзы ерітіндісін тамызып, буландырамыз, салқындатқаннан кейін Na2Pb[Cu(NО2)6] реагент ерітіңдісінің 1 тамшысымен әсер етеміз, түзілген қристалдарды микроскоп арқылы көруге болады (сурет 2).
3.2.4 От жалынының боялуы.

Калий тұздары от жалынын күлгін түске бояиды, хлоридтер ұшқыш болып келеді (орындалуын натрий тұздарын қараңыз).



Сурет 2 - K2PbCu(NО2)6 кристалдары

3.3 NH4+ ионының реакциялары

3.3.1 Сілтілердің (NaOH, КОН) әсері.

Реакциянын орындалуы

Сынауыққа 2-3 тамшы аммоний тұзы ерітіндісін құйып осындай мөлшерде NaOH немесе КОН ерітіндісін қосып қыздырамыз, аммиактың бөлінгенін алдында көрсетілген тәсілдердің бірімен байқауға болады.

Реакция теңдеуін жазыңдар
3.3.2 Несслер реактивінің әсері.

Реакциянын орындалуы

1 тамшы аммоний тұзы ерітіндісіне 5-6 тамшы су қосып, 1-2 тамшы Несслер реактивін қосып тұнба түзілгенін бақылаймыз. NH4+ иондарының концентрациясы өте төмен болған жағдайда ерітінді қызғылт-сары түске боялады.

Реакция теңдеуін жазыңдар


3.3.3 Аммоний тұздарын жою.

Реакциянын орындалуы

Тигельге зерттелетін ерітіндінің 5-6 тамшысын құйып, буландырып, құрғақ қалдықты ақ "түтін" бөлінуі аяқталғанша қыздырамыз. Тигель суыған соң, құрғақ қалдықты 8-10 тамшы дистилденген суда ерітіп, ерітіндіден 1 тамшы алып, сынауықта Несслер реактивімен NH4+ анықтаймыз. NH4+ толық жойылмаған кезде үрдістерді аммоний иондары толық жойылғанша қайталайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет