4.1 Жалпы сипаттамасы
Екінші аналитикалық топ катиондарын Ag+, Pb2+ катиондары құрайды, Жүйелік талдауда 2 н. HC1 ерітіндісі топтық реагент ретінде пайдаланады олар Сl- иондарымен суда нашар еритін қосылыстар яғни тұнбалар түзеді.
2 н. HC1 ерітіндісі әсерінен топ катиондары ақ түсті тұнбалар түзеді:
Pb(NО3)2+ 2HC1 = РbСl2↓ + 2HNО3 (1)
AgNO3 + HCl = AgCl↓ + 2HNO3 (2)
Топ катиондарына концентрлі тұз қышқылы ерітіндісін пайдаланбаған жөн, себебі AgCl және РbС12 суда еритін комплексті қосылыстар түзуі мүмкін.
AgCl + 2 HC1 = H2[AgCl3] (3)
PbCl2 + HC1 = Н[РbСl3] (4)
Жүйелік анализде хлоридтердің химиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне сүйеніп, бір-бірінен бөліп алуға болады және хлоридтердің ерігіштігі, әсіресе химиялық қасиеттері әр түрлі болып келеді.
Қорғасын хлоридінің ерігіштігі басқа хлоридтерге қарағанда жоғары және температура өскен сайын ерігіштігі артады ( t = 20°C - 0,99 г/100 г Н2О, t=100 °С - 3,34 г/100 г Н2О). Сондықтан оның ыстық судағы ерігіштігі AgCl ерігіштігінен әлдеқайда жоғары болғандықтан, оларды бір-бірінен бөліп алуға мүмкіншілік береді. Бір ескеретін жағдай РbС12 ерігіштігі жоғары болғандықтан тұнбаға толық түспейді.
Күміс хлориді суда нашар ериді, бірақ күн сәулесінің әсерінен қараяды:
2 AgCl = 2 Ag + Сl2 (5)
Минералды қышқылдарда HNO3, H2SО4 ерімейді, бірақ аммоний гидроксидінде, (NH4)2СО3 ерітіндісінде жақсы ериді.
AgCl + 2 NH4OH = [Ag(NH3)2]Cl + 2 Н2О (6)
AgCl + (NH4)2CО3 = [Ag(NH3)2]Cl + Н2О + CО2↑ (7)
Сілтілермен әрекеттесіп Pb(NО3)2 - ерігіштігі төмен гидроксидтер, AgNО3 – тұрақсыз оксид, амфотерлі негіз түзеді.
Pb(NО3)2 + 2NaOH = Pb(OH)2 + 2NaNО3 (8)
2 AgNО3 + 2 NaOH = Ag2О + 2 NaNО3 + H2О (9)
Қорғасын гидроксиді амфотерлі:
2 H++ РbО22- = 2 Н++ [Pb(OH)4]2- = H2[Pb(OH)2] = Pb(OH)2 = 2 OH- + Pb2+
Күміс тек тотықтырғыш қышқылдарда ериді:
3 Ag + 4 HNО3 = 3 AgNО3 + NO↑ + 2 H2О (10)
Қорғасын кернеу қатарында сутекке дейін тұрса да сұйытылған тұз, күкірт қышқылдарында ерімейді, себебі металл бетінде суда ерімейтін хлорид және сульфат тұздары түзіледі де, металды әрі қарай еруден сақтап қалады.
ІІ- аналитикалық топ катиондарының анализдену сызба нұсқасы
Зерттелетін ерітінділер Ag+ , Pb2+ +2н HCl
(катионның толық тұнбаға түсіреді)
Зерттеуді бастамас бұрын алғашқы байқауды жүргіземіз:
І алғашқы байқау;
ІІ жүйелік анализді орындау;
ІІ аналитикалық топ аналитикалық топ катиондарын хлоридтер күйінде тұнбаға түсіреміз. Зерттелетін ерітіндінің 8-10 тамшысына 2м НСІ ерітіндісін қосамыз.
4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ БӨЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |