6.3 Zn2+ катионының реакциялары
6.3.1 NaOH, KOH әсері.
Реакцияның орындалуы
Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына тамшылатып, сілті ерітіндісін тұнба түзілгенше қосады.Түзілген тұнбаны екіге бөліп, HCl және NaOH ерітінділерінде ерітіп көру қажет. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.3.2 NH4OH әсері.
Реакцияның орындалуы
Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына біртіндеп 2н.NH4OH ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Аммиактың артық мөлшерінде тұнбаны ерітіп көру. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.3.3 Na2HPO4 әсері.
Реакцияның орындалуы
Мырыш тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы Na2HPO4 ерітіндісін қосып, түзілген тұнбаның қасиеттерін зерттеу.
Натрий гидрофосфаты мырыш катиондарымен минералды қышқылдар да, сірке қышқылында және сілтілерде еритін ақ түсті фосфат түзеді: Мырыш аммоний фосфаты сірке, минералды қышқылдарда, сілтілерде және аммиак ерітіндісінде ериді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.3.4 (NH4)2S, H2S әсері
Реакцияның орындалуы
Мырыш тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы (NH4)2S ерітіндісін немесе H2S қосу керек (pH = 2).
Сульфид иондарымен мырыш ақ түсті тұнба түзеді:
Мырышты H2S-пен тұнбаға түсіргенде ерітіндінің pH = 2 болуы қажет. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.3.5 Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3 әсері.
Реакцияның орындалуы
Ерітіндінің 2-3 тамшысына Na2CO3 ерітіндісін қосу қажет.
Сілтілік металдар және аммоний карбонаттарының әсерінен негіздік тұз түзіледі. Ақ түсті,барлық минералды қышқылдарда,сілтілер мен (NH4)2CO ериді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.3.6 K4[Fe(CN)6] әсері.
Реакцияның орындалуы
Ерітіндінің 2-3 тамшысына осындай мөлшерде реагент қосып буландырғышты қыздырып,ақ тұнба түзілгенін байқау.
Калийдің гексацианоферраты (II) мырыш катиондарымен ақ түсті тұнба түзеді:
3 ZnSO4 + 2 K4[ Fe(CN)6] = K2Zn3 [Fe(CN)6]2 + 3 K2SO4 (20)
3 Zn2+ + 2 K+ + 2 [Fe(CN)6]2- = K2Zn3[Fe(CN)6]2
K2Zn3[Fe(CN)6]2 сұйытылған минералды және сірке қышқылдарда ерімейді, бірақ сілтілерде ериді.
Көптеген катиондар Fe(II,III), Ni2+,Co2+ т.б. калийдің гексацианоферратымен (II) комплексті тұздар түзеді, сондықтан мырышты бұл реакциямен анықтауға кедергі жасайды. Ал осы топ катионы Al3+ комплексті тұз түзбейді, яғни топ ішінде Zn2+ осы реакциямен анықтауға болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
6.3.7 Co(NO3)2 әсері.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа мырыш тұзы ерітіндісін 5 тамшысын тамызып, осындай мөлшерде Co(NO3)2 қосып араластырады да, 1 минут қыздырады. Осы ерітіндімен сүзгіш қағазды сулап жандыру қажет. Zn2+ иондарының қатысында жасыл түсті күл түзіледі.
Мырыш пен кобальт нитраттарын қатты фазада қыздырғанда жасыл түсті қосылыс түзіледі. Ол ринман жасылы – CoZnO2 деп аталады.
Zn(NO3)2 + Co(NO3)2 → CoZnO2 + 4 NO2↑ + O2↑ (21)
Реакция теңдеуін жазыңдар
6.3.8 Дифенилтиокарбазонның (дитизон) әсері.
Реакцияның орындалуы
Мырыш катионы су ерітіндісінде дитизонмен ішкі комплексті тұз түзеді. Оны ерітіндінің pH=2,5-10 аралығында хлороформмен экстракциялайды, органикалық қабат таңқурай түске боялады. Мырыш (II) иондарымен қатар бұл кезде Pb2+ т.б. катиондар экстракцияланады. Pb2+ комплексті қызыл түске боялады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Мырыш (II) ерітіндісінің 4-5 тамшысына осындай мөлшерде дитизон ерітіндісін қосады. Органикалық қабат қызыл түске боялады. Реакция сілтілік ортада жүретін болса, органикалық қабатпен қатар су қабаты да қызыл түске боялады. Бұл Zn2+ басқа иондар қатысында анықтауға мүмкіндік береді. Zn2+ болмаған кезде ерітінді сары түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |