Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды


Темір (II) катионының реакциялары



бет24/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
Аналитикалық химия методичка

7.2 Темір (II) катионының реакциялары
7.2.1NaOH, KOH әсері.

Реакцияның орындалуы

Темір (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 мл сондай мөлшерде сілті ерітіндісін қосады. Тотыққанын байқау.

Темір (II) тұздары ерітінділері сілтілермен әрекетескенде ақ түсті темір (II) гидроксид түзіледі Реакция теңдеуін жаз.


7.2.2 NH4OH әсері

Реакцияның орындалуы

Темір (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы NH4OH ерітіндісін қосады. Аммиак ерітінділерінің әсерінен темір (II) иондары ақ тұнба түзеді.

Бірақ реакция аяғына дейін жүрмейді, тіпті ерітіндіге NH4Cl ерітіндісін қосатын болса, онда тұнба мүлдем түзілмейді, себебі бұл ерітіндіде Fe(OH)2 түзілуіне рН мәні жеткіліксіз. Реакция жүру үшін рН=12-13 болуы керек. Ал аммиак ерітіндісінің рН шамамен 9,0-9,5 тең. Соңдықтан аммоний тұздары тұнбаның түсуіне кедергі жасайды.


7.2.3Na2HPO4 әсері.

Реакцияның орындалуы

Темір (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша мөлшерде Na2HPO4 ерітіндісін қосады. Тұнбаны қышқылдарда ерітіп көру.

Натрий гидрофосфаты темір (II) иондарымен темір (II) гидрофосфаты мен фосфат қоспасын түзеді:

4 FeSO4 + 3 Na2HPO4 = FeHPO4↓ + Fe3(PO4)2↓ + 2 H2SO4 +3 Nа2SO4 (28)

4Fe2+ + 3 HPO42- = FeHPO4↓ + Fe(PO4)2↓ + 2 H+

Ал натрий ацетаты қатысында тек фосфат түзеді:

3 FeSO4 + 2 Na2HPO4 + 2 CH3COONa = Fe3(PO4)↓ + 2 CH3COOH + 3Na2SO4 (29)

3 Fe2+ + 2 HPO42- + 2 CH3COO- = Fe3(PO4)2↓ + 2 CH3COOH

Екі реакцияда да түзетін тұнбалар сірке қышқылында ериді.


7.2.4 Na23, K2CO3 әсері.

Реакцияның орындалуы

Ерітіндінің 2-3 тамшысына Na2СО3 немесе К2СО3 ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Карбонаттар әсерінен темір (II) иондары ақ түсті тұнба түзеді:
7.2.5 К3[Fe(CN)6] әсері.

Реакцияның орындалуы

Темір (II) ерітіндісінің 1-2 мл сондай мөлшерде калий гексацианоферраты (III) ерітіндісімен әсер ету қажет. Реакция рН=2-3 шамасында жақсы жүреді, Fe3+ реакцияның жүруіне жасамайды. Темір (II) иондары калийдің кексацианоферратымен (III) "турбулен көгі" атты көк түсті тұнба түзеді.

3 FeSO4 + 2 K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2↓ + 3 K2SO4 (30)



  1. Fe2+ + 2[Fe(CN)6]3- = Fe[Fe(CN)6]2

Реакция өте сезгіш, бұл темір (II) иондарының анықтау реакциясы. Түзілген тұнба тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілер әсерінен бұзылады:

Fe3[Fe(CN)6]2 + 6 KOH = 2 K3[Fe(CN)6]2 + 3 Fe(OH)2 ↓ (31)

Қазіргі көзқарас бойынша бұл реакция «берлин» лазуріне ұқсас, яғни реакция мына теңдеу бойынша жүреді 

Fe2+ + [Fe(CN)6]3 = Fe3+ + [Fe(CN)6]4-

Fe3+ + 3 [Fe(CN)6]4- = Fe4[Fe(CN)6]3
7.2.6.(NH4)2S әсері.

Реакцияның орындалуы

Темір (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша тамшы аммоний сульфиді ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау.

Темір (II) иондары аммоний сульфиді әсерінен тұнбаға түседі, түзілген тұнба қара түсті, реакция бейтарап немесе аммиак буфер ерітінділерінде жүреді, минералды НСІ, Н2SO4 қышқылдар ерітінділерінде еритіндігін тексеріңдер?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет