7.3 Fe2+ → Fe3+ тотығу реакциялары
7.3.1.Н2О2 сілтілік ортадағы әсері.
Реакцияның орындалуы
Сутек пероксидінің әсерінен темір (II) темір (III) дейін тотығады:
2 FeSO4 + 4 NaOH + H2O2 = 2 Fe(OH)3↓ + 2 Na2SO4 (32)
Fe2+ + 1 OH- → Fe(OH)3 │2
H2O2 + 2e → 2 OH- │1
Fe2+ + 4 OH- + H2O2 = 2 Fe(OH)3↓
7.3.2.Қышқылдық ортадағы KMnO4 әсері.
Реакцияның орындалуы
Темір (II) иондары қатысында таңқурай түсті KMnO4 ерітіндісі түссізденеді:
10FeSO4 + 2 KmnO4 + 8H2SO4 = 5Fe2(SO4)3 + 2MnSO4 + K2SO4 + 8H2O (33)
Fe2+ - 2e- → 2 Fe3+│5
MnO4 + 8 H+ + 5 e- → Mn2+ + 4 H2O │ 2
10Fe2+ + 2 MnO4- + 16 H+ = 10 Fe3+ + 2 Mn2+ + 8 H2O
7.3.3.K2Cr2O7 қышқылдық ортадағы әсері.
Темір (II) иондары қышқылдық ортада К2Сr2O7 тотықсызданады, ерітіндінің сары түсі жасыл түске айналады:
6FeSO4 + K2Cr2O7 + 7H2SO4 = 3Fe2(SO4)3 + Cr(SO4) + K2SO4 + 7 H2O (34)
2Fe2+ - 2e-→ 2 Fe3+ │3
Cr2O72- + 14 H+ + 6e- → 2 Cr3+ + 7 H2O │1
6Fe2+ + Cr2O72- + 14 H+ → 6Fe3+ + 2 Cr3+ + 7 H2O
7.3.4 Концентрлі HNO3 әсері.
Реакцияның орындалуы
Темір (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2 тамшы 1М. Н2SO4 және 1-2 тамшы 6М. НNO3 ерітінділерін қосып буландырғышта қоңыр түс толық жойылғанша қыздырады (реакция сорғыш шкафта орындалады). Концентрлі азот қышқылы әсерінен темір (II) темір (III) дейін тотығады:
6FeSO4 + 2HNO3 + 3 H2SO4 = 3 Fe2(SO4)3 + 2 NO↑ + 4 H2O (35)
2 Fe2+ - 2e- → 2 Fe3+ │3
NO3- + 4 H+ + 3e- → NO + 2 H2O │2
6Fe2+ + 2 NO3- + 8 H+ → 6 Fe3+ + 2NO + 4 H2O
7.3.5 2-Диметилглиоксимнің әсері.
Реакцияның орындалуы
Шыны тілігіне Fe2+ ионы тұзы ерітіндісінен тамызып, оған 1 тамшы реагент және 1 тамшы NH4OH қосу керек. Диметилглиоксим аммиак ортасында Fe2+ шымқай қызыл түсті темір (II) диметилглиоксимат комплексін түзеді. Fe2+ катионын анықтауға Ni2+ кедергі жасайды.
7.4 Темір (III) иондарының реакциялары
7.4.1 NaOH, KOH, NH4OH әсері.
Реакцияның орындалуы
Темір (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы NaOH, (KOH, NH4OH) ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау.
Сілті және аммиак ерітінділері әсерінен темір (III) иондары аморфты қызыл-қоңыр түсті тұнба түзеді. Темір (III) гидроксиді қышқылдар мен ерітінділерде жақсы ериді.
7.4.2(NH4)2S әсері.
Реакцияның орындалуы
FeCI3 ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша тамшы аммоний сульфиді ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау қажет.
Бейтарап және аммиакты ерінтінділерінен аммоний сульфиді темір (III) иондарымен қара түсті тұнба түзеді.Темір (III) сульфиді тұз қышқылында ериді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
7.4.3 Na2HPO4 әсері.
Реакцияның орындалуы
Темір (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы натрий гидрофосфатының ерітіндісін қосу қажет.
Фосфат иондарының әсерінен темір (III) иондары тұнбаға түседі. Реакция нәтижесінде сарғыш тұнба түзіледі. Темір (III) фосфаты сірке қышқылында ерімейді, бірақ минералды қышқылдарда ериді.
7.4.4 CH3COONa әсері.
Реакцияның орындалуы
Темір (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы натрий ацетаты ерітіндісін қосып қыздырады. Тұнбаның түзілгенін байқау керек.
Натрий ацетаты ерітіндісі темір иондарымен қызыл түсті комплексті тұздар түзеді.
4Fe3+ + 9 CH3COO- + 2 H2O → Fe3(OH)2(CH3COO)6CH3COO + 2 CH3COOH
Жоғары температурада негіздік ацетат тұнбаға түседі:
FeCI3 + 3 CH3COONa + 2 H2O = Fe(OH)2CH3COO↓ + 3NaCI 2CH3COOH(36)
7.4.5 NH4CNS әсері.
Реакцияның оындалуы
Темір (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы аммоний (калий) роданидінің ерітіндісін қосу керек.
Темір (III) катионы роданид иондарының концентрациясына тәуелді түрлі құрамды комплексті тұздар түзеді.
Комплексті тұздардың түсі қызыл, неғұрлым роданид иондарының конценрациясы жоғары болса, ерітіндінің түсі соғұрлым қою болады.
7.4.6 К4[Fe(SCN)6] калийдің гексацианоферратының (II) әсері.
Реакцияның орындалуы
Темір (III) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы калий гексацианоферраты (II) ерітіндісі қосады.
Калий гексацианоферраты (II) темір (III) катионымен қара көк "берлин көкшіл" деген түзеді:
4FeCI3 + 3K4[Fe(CN)6] → Fe4[Fe(CN)6]3↓ + 12KCI (37)
4Fe3+ + 3 [Fe(CN)6]4- → Fe4[Fe(CN)6]3↓
Реакцияның сезгіштігі өте жоғары, ерітіндіде темірдің (III) концентрациясы өте төмен болған кезде ғана тұнба түзілмейді, бірақ көк түсті коллоидты ерітінді түзіліді.
Бұл тұнба сұйытылған тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілердің әсерінен Fe (III) гексацианоферраты (II) ыдырайды, реакция нәтижесінде темір (III) гидроксиді тұнбаға түседі.
Fe4[Fe(CN)6]3+12KOH→4Fe(OH)3↓+ 3K4[Fe(CN)6] (38)
Концентрлі қышқылдардың әсерінен темір (III) гексацианоферраты (II) бұзылады:
18НСІ + Fe4[Fe(CN)6]3 → 3FeCI2 + 18HCN + 4FeCI3 (39)
Реакцияны орындаған кезде К4[Fe(CN)6] артық мөлшерін пайдаланбаған жөн, себебі түзілген тұздың артық мөлшерінде мына реакция бойынша ериді:
K4[Fe(CN)6] + Fe4(CN)6]3 → 4K[Fe(Fе(CN)6] (40)
Достарыңызбен бөлісу: |