9.6 SiO32- -аниондарының жеке реакциялары
9.6.1 Барий хлоридімен әрекеттесуі.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа барий хлоридінің 1-2 тамшысын алып, оған 1-2 тамшы натрий силикаты ерітіндісін қосады. BaCl2 натрий силикатымен ақ түсті BaSiO3 тұнбасын береді.
BaCl2 + Na2SiO3 = BaSiO3↓ + 2 NaCl (54)
Ba2+ + SiO32- = BaSiO3↓
9.6.2 Сұйытылған қышқылдармен әрекеттесуі.
Силикаттардың концентрлі ерітінділерімен сұйытылған қышқылдар ақ қоймалжың (гель) тұнба түзеді:
HCl + Na2SiO3 = H2SiO3↓ + 2 NaCl (55)
H+ + SiO32- = H2SiO3↓
Тұнба түзілмеген жағдайда оны қыздыру керек.
9.6.3Аммоний тұздарының әсері.
SiO32- - анионына аммоний тұздарымен әсер еткенде, кремний қышқылы бөлінеді. OH- - ионы NH4+ - ионымен байлану нәтижесінде гидролиз күшейеді. Егер тұнба суықта түзілмейтін болса, оны қыздыру қажет.
Na2SiO3 + 2 H2O + 2 NH4Cl = H2SiO3 + 2 NH4OH + 2 NaCl (56)
SiO32- + 2 H2O = H2SiO3 + 2 OH-
2OH- + 2 NH4+ = 2 NH4OH
10 ЕКІНШІ АНАЛИТИКАЛЫҚ АНИОНДАР ТОБЫ
Аниондардың екінші тобын оттексіз қышқылдардың ионы Cl-, Br-, J-, S2- құрайды. Күміспен бұл аниондар суда және сұйытылған HNO3 –те ерімейтін тұнбалар түзеді. Топ аниондарын типтік бейметалдар элементтері құрайды. Топтық реагент ретінде сұйытылған HNO3 қатысындағы AgNO3 пайдаланылады. Барий иондары бұл аниондармен суда еритін тұздар түзетін болғандықтан BaCl2 әсерінен ІІ топ аниондары тұнбаға түспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |