10.3 J- ионнының реакциялары
Иодид оны иодты сутек қышқылының анионы, түссіз ион. HJ күшті қышқыл, тұздары иодид.Суда ерімейтін иодидтер:AgJ, PbJ2 т.б. J2/2J- жүйесінің тотығу-тотықсыздану потенциалы 0,54 В. Сондықтан НІ және оның тұздары жеңіл тотығады. Тотықтырғыштар ретінде KmnO4, Fe3+, Cl-, NO3- т.б. қосылыстарды қолдануға қойылады.
10.3.1 AgNO3 әсері.
AgNO3 иодитпен сары түсті AgJ тұнбасын береді. AgJ сұйытылған НNO3, NH3, Na2S2O3 ерімейді.
KJ + AgNO3 = AgJ↓ + KNO3 (61)
Ag+ + J- = AgJ↓
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 2-3 тамшыдан KJ пен AgNO3 ерітінділерін алады. Тұнбаның түзілгенін байқайды. Тұнбаның НNO3, NH3, Na2S2O3 ерігіштігін тексереді.
10.3.2 Хлор суымен әрекеттесуі.
Хлор суы, басқа да тотықтырғыштар (KmnO4, KbrO3,Fe3+,NO2-) иодид-ионын қышқылды ортада бос күйдегі иодқа дейін тотықтырады.
2 KJ + Cl2 → J2 +2 KCl (62)
2 J- - 2 е-→ J2 |1
Cl2 + 2 е-→ 2 Cl- |1
2 J- + Cl2→ J2 + 2 Cl-
2 KJ + 2 FeCl3→ J2 + 2 FeCl2 + 2 KCl (63)
2 J- + 2 Fe3+→ J2 + 2 Fe2+
10.3.3 Бос иод органикалық еріткіштерде (хлороформ, бензол) жақсы еріп, ерітіндіні күлгін түске бояйды.
Хлор суының артық мөлшері бос иодты қышқылға дейін тотықтырып, органикалық қабатты түссіздендіреді:
J2 + 5 Cl2 + 6 H2O→ 2 HJO3 +10 HCl (64)
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 2-3 тамшыдан KJ пен хлор суын алады. Бос иодтың бөлінгенін байқау қажет. Осы кезде хлороформ (бензол) қосып, араластырады. Органикалық қабат күлгін түске боялады. Осы сынауыққа тағы да хлор суын қосады. Органикалық қабат түссізденеді. Себебі неде?
10.3.4 Иодкрахмал реакциясы.
Бос күйдегі иод крахмал ерітіндісін ашық көк түске бояйды. Бұл реакцияның сезгіштігі өте жоғары, талғағыш реакцияға жатады.
Реакцияның орындалуы
Крахмалданған қағазға бір тамшы NaNO2 (KNO2) және KJ ерітіндісін (ортасы қышқылды болуы керек) тамызады да үстінен NaNO2 тағы бір тамшысын қосады. Қағаздың түсі өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |