Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды


Зертханадағы студенттің жұмыс орны



бет4/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Аналитикалық химия методичка

1.3 Зертханадағы студенттің жұмыс орны
Жартылай микроәдіспен сапалық анализді жүргізу үшін әрбір студенттің қолдануына көп реагенттер ерітіндісін қажет етеді, реагенттерді сиымдылығы 10-15 мл, тығын-пипеткамен жабылатын реактивтик құтыларға құяды (сур.1), құтыға реагенттің формуласы немесе, қағазға аты көрсетіліп жапсырады.

Сурет- 1 Реактивтік құты
Әрбір жұмыс столында индикатор қағазы, қатты реагенттер, сүзгіш қағаздары, шыны таяқшалар, топтық реагенттер, пробиркалар, тамшылық пластинка, фарфор шыны, пинцет, химиялық шыны стакандар мен құйғыштар, дистелденген суы бар жуғыш топ-топ бойынша зерттелетін иондары бар тұздардың ерітінділері орналастырады.

Бром суын және аммиактын, хлорсутегінің, азот қышқылының концентрленген ерітінділерін тартпа шкафында сақтау керек.

Жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақталу керек, кездейсоқ төгілген ерітінді мен төгілген затты тез алып тастау керек, ал ластанған жерді дымқыл сүлгімен сүрту қажет, әсіресе, реагенттер мен дистелденген судың тазалығын қадағалау керек.

Реагенті бар құтылардың пипетка-тығынын ауыстырмау керек, артық құйылған заттарды қайтадан ыдыстарына құюға немесе салуға болмайды.

Әрбір реагентті, химиялық реакция жүргізіліп жатқан пробирканың қабырғасына тигізбей, жеке пипетка, шпательмен алу керек.

Сапалық жартылай микроанализ операциялары үшін сиымдылығы шамамен 10-15 мл. кәдімгі цилиндр немесе конус тәріздес пробиркалар, жартылай микроанализге арнайы сынауықтар қолданылады (сур.2).


Сурет-2 Арнайы сынауықтар
Арнайы пробиркалар термиялық төзімді шыныдан жасалған, сиымдылығы 3-5 мл. сұйықтыққа арналған және тәжірибені орындағанда пробирканы, оның көлемінің 1/3-бөлігінен аса толтырмау керек. Ерітіндіні араластырғанда, пробирканың төменгі бөлігін ақырындап қағу арқылы немесе жұқа шыны таяқшаның көмегімен араластырады және пробиркадағы сұйықтықты су моншасында қыздыру керек (сур.3).

Ерітінділерді су жылытқышына орналастырылған кішкентай фарфор табақшаларда буландырады және электр плиткаларында фарфор тигельдерде қыздырады. Қышқылдардың ерітінділерін буландыру тартпа шкафында орындайды. Ыстық тигельдер мен шыны аяқтарды арнайы қысқыштардың көмегімен алады.(сур.4).



Сурет-3 Су моншасы Сурет-4 Қысқыш


Боялған заттардың түзілуімен жүретін жекеленген иондарды анықтау реакцияларын арнайы фарфор пластинкаларында жүргізіледі (сур.5). Ақ немесе ашық сұр фонда түс өте айқын байқалады. Тамшылық пластинкада бірнеше аналитикалық реакцияны жүргізуге болады. Сынауықпен салыстырғанда оны жуу өте қолайлы.

Сурет-5 Фарфор пластинкасы
Зерттелетін заттың от жалынының түсінен көптеген элементтерді көруге болады, затты жалынға жақындату үшін шыны таяқшаға жапсырылған платина немесе нихром сымын қолданады. Реакцияны жүргізбес бұрын, сымды мұқият концентрленген хлорсутегі қышқылымен жуады, содан кейін жалында қыздырады. Таза платина немесе нихром сымы жалынның түсін өзгертпеуі керек.

Микрокристаллоскоптік реакцияларды заттық шыныда, өлшемі 25-75 мм. төртбұрыш шыны пластинкада жүргізеді және реакцияның өнімі-әр түрлі күйдегі кристалдар, оларды микроскоппен қарайды (сур.6)



Сурет- 6 Оптикалық микроскоп:

1-окуляр; 2-тубус; 3-объектив;

4-заттық үстел; 5-айна; 6-кремальера
Дұрыс пішінді кристалдарды алу үшін, тұндыруды сұйытылған ерітінділерден жүргізеді және әрекеттесуші заттардың біреуі қатты түрде болса, кристалл жай өседі. Егер екі ерітіндіні араластыру керек болса, онда төмендегідей жасалады: тамшыларды таяу орналастырып, оларды жұқа шыны таяқшаның көмегімен қосады, себебі осы кезде ерітілген заттар бір тамшыдан екіншісіне баяу диффузияланады.

Уақыт өткен сайын микроскоптың объективі мен окулярын тазалау керек. Ол үшін, үлкен резина грушаның көмегімен, қатты ауа ағынымен линзалардың бетін үрлейді, сонда қатты заттар шығарылады. Одан соң линзаларды темекі қағаздан жасалған тампонмен сүртеді. Шыныдағы қалған қағаз талшықтарын резина грушаның көмегімен арылтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет