11.2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ БӨЛІМ
11.2.1 FeS әрекеттесуі.
Реакцияның орындалуы
Шыны тілігіне NaNO3 ерітіндісінің бір тамшысын тамызады. Оған FеSО4 кристалын салып, концентрлі H2SO4 бір тамшысын қосады. Кристалл айналасында күрең сақина пайда болады.
Концентрлі H2SO4 қатысында Fe2+ нитрат және нитрат иондарын азот (II) оксидіне дейін тотықсыздандырады. Бөлінген NО FeSО4 тұзының артық мөлшерімен әрекеттесіп, күрең түсті қосылыс тұзеді:
6 FeSО4 + 2 NaNO3 + 4 H2SО4 = 3 Fc2(SО4)3 + Na2SО4 + 4 H2О + 2 NO (65)
6 Fe2+ + 2 NO3- + 8 H+ → 6 Fe3+ + 2 NO + 4 H2О
NO + FeSО4 → [Fe(NO)]SО4 (66)
NO + Fе2+ + SО42- → [Fe(NO)]SО4
Бұл реакция NO3- иондарымен реакцияға сұйытылған H2SО4 немесе сірке қышқыл ортада да жүреді. SO32-, J-, Br—иондары бұл реакцияның жүруіне кедергі жасайды.
11.2.2. Мырыш немесе Аl әрекеттесуі.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 3-4 тамшы нитрат немесе нитрит ерітіндісін алып, оған 25% NaOH 3-5 тамшысын қосып, мырыш тұйіршігін салады. Сынауықты дымқыл қызыл лакмус қағазымен жауып, оның көгергенін байқайды.
Бұл металдар NO3- және NO2- иондарын сілтілік ортада Zn (немесе Аl) аммиакқа дейін тотықсыздандырады.
NaNО3 + 4 Zn + 7 NaOH + 6 H2О → NH3↑ + 4Na2[Zn(OH)4] (67)
NO3- + 4 Zn + 7 OH- + 6 H2О → NH3↑ + 4 [Zn(OH)4]2-
NaNО2 + 3 Zn + 5NaOH + 5 H2O → NH3↑ + 3Na2[Zn(OH)4] (68)
NO2- + 3 Zn + 5 OH- + 5 H2О → NH3↑ + 3 [Zn(OH)4]2-
Ерітіндіде NH4+ иондары болмау керек.
11.2.3 Мырыштың әсері (СН3СООН ортада).
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 3-4 тамшы нитрат ерітіндісін алып, оған сірке қышқылының 3-5 тамшысын қосып, мырыш түйіршігін салады. Өзгерістерді байқап, реакция тендеуін жазу керек.
Сірке қышқылы ортада мырыш NО3- иондарын NО2- ионына дейін тотықсыздандырады.
NaNО3 + Zn + 2 CH3COOH = NaNО2 + Zn(CH3COO)2 + H2О (69)
Бұл реакция NО3- иондарын NО2- ион қатысында анықтауға мүмкіндік береді. Егерде ерітіндіде NО2- иондары болса, оны NH4Cl кристалдар қатысында қатты қайнатып, реакция жүретін ортадан жояды.
NaNO2 + NH4CI → N2 + NaCl + 2 H2O (70)
Достарыңызбен бөлісу: |