11.3 СНзСОО- ацетат ионының реакциялары
CH3COO- - бұл әлсіз сірке қышқылының анионы (К = 1,8*10-5), ерекше иісі бар. Сусыз СН3СООН 16,5°С төмен температурада кристалдық зат, кристалдары мұзға ұқсас, сондықтан СН3СООН мұзды сірке қышқылы деп атайды. СН3СООН тұздары ацетат деп атала, күшті гидролизденеді. Тұздары жақсы ериді, ерімейтін тек кұміс ацетаты. Сонымен қатар кейбір негіздік тұздардың да ерігіштігі нашар Ғe(ОН)2СН3СОО, Аl(ОН)2СН3СОО. СН3СООН мен оның тұзының СН3СООNа қоспасы буферлі ерітінді (Рн=3,7-5,7). СН3СООН қышқылының буы шырын қабатшаларына әсер етеді, мысалы тыныс оргаңдарының шырын қабатшаларына. Сусыз сірке қышқылы дене терісіне тигенде күйдіреді. Сірке қышқылын сілтілермен уланғанда қолданады (6% ерітіндісі), компресс жасау үшін, аммиакпен уланғанда сірке қышқылының буымен тыныс алады. 7-8% Аl(ОН)(СН3СОО)2 – Аl(СН3СОО)3 ерітіндісі Буров сұйығы деп аталады, ол медицинада дезинфекция жасау үшін қолданылады.
11.3.1 FеСl3 әрекеттесуі.
Реакциянын орындалуы
Сынауыққа 5-7 тамшы СН3СООNа алып, оған FеС13 – тің 2-3 тамшысын қосады. Күрең қызыл түс пайда болады. Сынауықты қайнатып, тұнба түскенін байқау қажет.
FеСl3 Рн = 5-8 шамасындағы аралықта натрий ацетатымен әрекеттесіп, күрең қызыл түсті қосылыс тұзеді. Қайнатқан кезде темір ацетатының негіздік тұзы тұнбаға түседі.
Fе(СН3СОО)3 + 2 Н2O → Fе(ОН)2СН3СOO↓ + 2 СН3СООН (71)
Реакция жүру үшін СН3СООNа артық мөлшерде болуы керек.
11.3.2 H2SO4 әрекеттесуі.
Реакцияның орыңдалуы
Сынауыққа 2-3 тамшыдан натрий ацетаты мен сұйытылған Н2SO4 алып, қыздырады. Бөлінген СН3СООН иісінен білінеді. Реакцияға NO2-, SO32-, S2-иондары кедергі жасайды. (Олардың иісі сірке қышқылының иісін жауып кетеді).
Құрғақ тұздардан да СН3СОО- анықтауға болады. Ол үшін кристалдарын қатты KHSO4 немесе NaHSO4 – ді келіге салып қатты араластырады.
Күкірт қышқылы ацетаттардан сірке қышқылын бөліп шығарады. Сірке қышқылын иісінен білуге болады.
2CH3COONa + H2SO4 → 2CH3COOH + Na2SO4 (72)
2 CH3COO- + 2H+ → 2CH3COOH
11.3.3 Этил сірке қышқыл эфирінің түзілуі.
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа құрғақ СН3СООNа салып, 4-5 тамшы концентрлі күкірт қышқылы Н2SO4 - пен 4-5 тамшы этил спиртін қосып, ақырын қыздырады. Бөлінген эфирді ерекше иісінен біледі.
12 САНДЫҚ АНАЛИЗ
Достарыңызбен бөлісу: |