12.2 Зертханалық бөлім
12.2.1 Аналитикалық таразыларды өлшеу ережелері
Жабдықтар мен керекті материалдар: аналитикалық таразылар, әр салмақты таразы тастары,өлшеуге арналған химиялық ыдыстар (тигель, бюкс, фарфор кесесі)
Затты өлшемес бұрын таразының жағдайын тексеріп алу керек, кейіннен қондырғының корпусындағы есіктерін ашып, бөлменің температурасы мен футляр (қап) ішіндегі температураның теңесуін қамтамасыз ету.
Вейтограф жарықтандырғышын штепсельді айыры бар бау арқылы торапқа қосады.
Орнықтыратын винттер көмегімен дәл деңгей бойынша таразыны орнықтырады.
Күйентінің оң иінінен планкадан түсірілген сақиналардың салмағын немесе салмағының әртүрлілігін тексереді-ішкі лимбтың «О» көрсеткіш-бағдаршаға 5 қарсы орналасуы қажет.
Таразының бағдаршасының орнын нөлдік бөлікке реттейді, ол үшін шкаф есіктерін ашпай, шкаф қарсысындағы арретир дискін сол қолмен сағат тіліне қарсы соңына дейін жайлап бұрайды. Вейтограф экранында жанған шам микрошкаланың үлкейтілген көрінісін жарықтандырады. Егер таразы жүксіз болса, шкаланың нөлі микрошкала экранда вертикаль сызықпен дәл келуі керек. Егер шкаланың нөлі вертикаль сызықпен дәл келмесе, онда реттегіш винт арқылы осы немесе басқа жаққа бұрып жеткізеді, ол арретир үстінде орналасқан.
Таразының сол табағына өлшенетін нәрсені, ал оң табағына пинцеттің көмегімен массалар грамның бүтін санын құрайтын таразы тастардан гірлерді салады. Соңғы 1 грамдық гір артық болғанда, оны алып, милиграмдық гір-сақиналар арқылы өлшеуге кіріседі.
Таразы футлярының есіктерін жауып, планкаға таразы тас сақиналарды орналастырады, олардың массасы грамның ондық және жүздік үлесін құрайды. Грамның ондық үлесін анықтау үшін сыртқы лимбтың көмегімен 500, 200, 100 мг таразы тастарды бір ізділікпен іледі, таразы бағдаршасының қай жаққа ауытқитынын тексереді (егер бағдарша солға ауытқыса таразының оң табағы ауырлау және керісінше), осыған қарап қандай тасты алу не қосу керектігіне қорытынды жасайды.
Сонан соң грамның жүздік үлестегі таразы тас-сақиналарын ішкі лимбтың көмегімен кезектестіріп орналастырады. Арретирді ашады; егер 6 микрошкала экранда санақ вертикаль сызықтан солға жылжыса өлшенетін нәрсе гірден ауыр және керісінше. Арретирді жауып, лимбпен жүйелі түрде басқа сақиналарды таңдайды.
Жеткілікті дәрежеде грамның ондық және жүздік үлестері жүктелгеніне көз жеткізіп, микрошкала бойынша грамның мыңдық үлестерін санайды. Ол үшін арретирдің дискісін бірқалыпты соңына дейін бұрады және бағдаршаның тербелісі тоқтағаннан соң экран шкаласындағы вертикаль сызықтың орнын санайды. Шкаланың ірі бөліктері грамның мыңдық, ал кішілері он мыңдық үлесіне сәйкес. Шкалада цифрлардың алдына «Плюс» немесе «Минус» белгілері тұрады. «Плюс» белгісі санау нәтижесін таразы тас массасына қосуды көрсетеді;
«Минус» белгісі шкала бойынша санау нәтижесін шегеру керектігін көрсетеді. Мысалы, таразыдағы гірлер массасы 25,16 тең, ал экрандағы микрошкаланың көрсетуі ± 0,0084 г (8,4мг); егер санақ мәні он болса, өлшенетін нәрсенің массасы 25,16 + 0,0084 = 25,1684г; егер сандық мәні теріс болса, масса 25,1600 - 0,0084 = 25,516г. Өлшенгенде микрошкаланың тек қана он көрсеткіштерін пайдалану ұсынылады.
12.2.2 Зертханалық жұмыс нәтижелерін рәсімдеу
Кесте – 8. Таразылау нәтижелері
Өлшенген көлем немесе таразыланатын ыдыс
|
Белгілену
|
Сандық мәні
|
Бос бюкстің салмағы
|
g1
|
|
Бюкспен сынаманың кептіргеннен кейінгі салмағы
|
g2
|
|
Сынаманың кептіргеннен кейінгі салмағы
|
g3= g2- g1
|
|
Бюкспен сынаманың қыздырғаннан кейінгі салмағы
|
g4
|
|
Гигроскопиялық судың салмағы
|
g5 = g2 - g4
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |