Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды



бет51/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Аналитикалық химия методичка

Бақылау сұрақтары

  1. Темірдің сандық анализінде қандай тәсілдерді қолданады?

  2. Fe (III) анықтау жүргізілетін реакция теңдеулерін жазыңыз

  3. Темір гидроксидін (ІІІ) – қалай тұндырады?

  4. Темір гидроксидін (ІІІ) – қалай жуады?

  5. Темір гидроксидін (ІІІ) күйдіргенде жүретін реакция теңдеуін жаз?

15 СУДЫҢ СІЛТІЛІГІ МЕН ЖАЛПЫ ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ


15.1Теориялық бөлім
Табиғи судың құрамында еріген күйде қалқыма заттар және коллоидты ерітінділер болады. Су қоспалары-органикалық және минералды заттардан тұрады. Бұл заттар суға атмосферадан жауын-шашын жауғанда топырақ пен сылақтан су олардың кеуекті тесіктерін толтырып, шайып өткенде су тоғандарының арнасы мен түбінде, тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің тіршілік ету нәтижесіндегі қалдықтар суға өтеді.

Табиғи сулардың көбінің реакция орталары бейтарапқа жақын Рн 6,8-7,3 аралығында болады. Табиғи судың Рн тұрақтылығы онда үнемі болатын карбонат және гидрокарбонат иондардың буферлік әсерімен қамтамасыз етіледі, рН мәнінің өзгеруіне суды ластайтын органикалық зат ыдырау өнімдері және металлургия зауыты мен басқа өндіріс орындарынан ластағыштары әсер етеді.

Судың сілтілігі болады, яғни ондағы сілтілік және сілтілік-жер металдарының суда еритін карбонаттар гидрокарбонаттар силикаттары гидролизі нәтижесінен болады.

Na2CO3 + H2O ↔ NaHCO3 + NaOH (77)

CO32-+H2O↔HCO3-+OH-

Судың ортасы әлсіз сілтілік реакцияны береді, яғни рН>7.

Табиғи судың қышқылдығы онда еріген әлсіз қышқыл мен күшті негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздар гидролизімен қамтамасыз етіледі және көміртегінің IV оксиді су мен әрекеттесуінен әлсіз көмірқышқылдық орта түзіледі.

CO2 + H2O↔H2CO3 (78)

Егер суға қоспа ретінде Fe3+ және Cl- ионы қатысатын болса, онда реакция мына тұрғыда жүреді;

FeCl3+H2O↔FeOHCl2+HCl (79)

Fe3++H2O↔(FeOH)2++H

Бұл жағдайда су әлсіз қышқыл реакция береді де, рН<7 болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет