Бақылау сұрақтары
17.3.1 Пермангонометриялық анализ әдісінің мәні неде?
17.3.2 Калий перманганатының титрін қалай анықтайды?
17.3.3 Темірді пермангонометриялық әдіспен анықтауда не себепті Fe(II) күйінде болуы тиіс?
17.3.4 Перманганометриялық әдісте қандай индикатор қолданылады?
17.3.5 Темірді перманганометрия әдісімен қалай анықтайды?
ТҰНДЫРУ ӘДІСІ
18.1 Теориялық бөлім
Аргентометриялық тирлеу кезінде зерттелетін ерітіндіде суда нашар еритін тұздар тұнбасы түзіледі. Әдіс күміс және галоген иондарының әрекеттесуіне негізделген (Cl-,Br-,I-):
Ag++Гал-→↓AgГал (88)
Мор әдісі бойынша Cl- ионын анықтау, мына реакция негізінде жүреді:
Ag++Cl-→↓AgCl (89)
Реакция калий хроматы қатысында, бұл зат индикатор ретінде қолданылады. Себебі күміс ионымен хромат ионы қызыл түсті тұнба түседі
2AgNO3+K2CrO4=Ag2CrO4+2KNO3 (90)
Күміс хлориді күміс хроматына қарағанда нашар еритін болғандықтан, калий хлориды, калий хроматы бар ерітіндіге күміс нитратының ерітіндісін қосқанда алдымен күміс хлоридінің ақ тұнбасы түзіледі. Бұл тұнбаның түзілуі зерттелетін ерітіндідегі хлор ионының мөлшеріне эквивалентті күміс нитратының келесі мөлшері қосылғанша түзіледі. Эквивалент нүктеден кейінгі қосылған күміс нитратының артық бір тамшысы күміс хроматының Ag2C2O4 қызыл тұнбасының түзілуіне әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |