18.3 Бақылау сұрақтары
18.3.1 Аргентометриялық титрлеу әдісінің мәні неде?
18.3.2 Cl- ионын Мор әдісінде қалай анықталады?
18.3.3 Күміс нитраты ерітіндісін дайындау?
18.3.4 Стандартты калий хлориді ерітіндісін дайындау методикасы?
18.3.5 Натрий хлоридінде Cl- ионы қалай анықталады?
КОМПЛЕКСОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН МЫРЫШ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
19.1 Теориялық бөлім
Қазіргі уақытта металлургиялық өндірістің зертханасында мырышты комплексометриялық әдіспен анықтайды. Бұл әдісте арнайы зат комплексон нитрилсірке қышқылының натрий тұзы және этилендиаминтетра сіркеқышқылы қолданылады. Анализ жасағанда жиі қолданылатын этилендиаминтетра сіркеқышқылының динатрий тұзы (ЭДТА немесе Трилон Б). Структуралық формуласы мынандай:
H OOCH2C CH2COOH
N-CH2-CH2-N
NaOOCH2C CH2COONa
Трилон Б рН-тың белгілі бір мәндерінде 2,3,4 валентті катиондармен, аниондармен нашар диссоцияланатын комлекстік қозғалыстар түзеді. Екі валентті металл Трилон Б екі сутектің орнын басады. Мысалы:
H2Na2R+Zn2+=ZnNa2R+2H+
Титрлеу барысында рН-тың өзгермеу үшін буферлі ерітінділері қосады. Мысалы, мырышты титрлеу рН=5,5 -5,6 ацетатты буфер қосапасында жүргізіледі. Эквиваленттік нүктені анықтау үшін арнайы индикаторлар қолданылады (металиндикатор).
Достарыңызбен бөлісу: |