Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды


Бақылау сұрақтары және типтік есептер



бет11/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Аналитикалық химия методичка

3.4 Бақылау сұрақтары және типтік есептер
3.4.1 Бірінші топ катиондарын атаңдар, жалпы сипаттамасы, топтық реагенті барма, топ катиондарының топтық сипаттамасы, топтық белгісі қандай?

3.4.2 Аналитикалық топ дегеніміз не?

3.4.3 Натрий катионының калийдің гексагидроксостибатының (калий дигидроантимонаты), цинкуранилацетатымен әрекеттесу реакцияларын жазып көрсет?

3.4.4 Натридің от жалынында боялу реакциясы қалай орындалады?

3.4.5 Калий катионының натрий гексанитро –III- кобальтатымен, натрий гидротартратының әрекеттесу реакциялары қандай?

3.4.7 Калий катионының от жалынында боялу реакциясы қалай орындалады?

3.4.9 Натрий, калий катиондарын анықтағанда кезде аммоний катионы кедергі жасайтын болса қандай операцияларды орындау арқылы құтылуға болады?

3.4.10 Аммоний катионын анықтау үшін қандай арнайы реакция орындалады?

3.4.11 Несслер реактивінің формуласын жазып көрсет?

3.4.12 I аналитикалық топ катиондарын талдау сызбанұсқасы талдап жаз?

3.4.13 Сапалық реакция дегеніміз не?

3.4.1Сапалық реакция қолданғанда қандай талаптарды канағаттандыруы керек? Атаңыз?

3.4.15 Жалпы және жеке аналитикалық реакциялар дегеніміз не? Мысал келтір?

3.4.16 Арнайы және сезімтал реакциялар дегеніміз не?

3.4.17 Реакцияның сезімталдылығын көтеру және төмендету тәсілдері?

3.4.18 Иондарды анықтағанда кедергі жасайтын иондарды қалай жасырамыз, мысал келтір?

3.4.19 Бөлшектеу және жүйелік анализ дегеніміз не?

3.4.20 Әлсіз электролиттердің электролиттік диссоциация дәрежесі олардың судағы ерітінділерінің диссоциация константасы мен концентрациясына қалай байланысты болады?

3.4.21 Әлсіз электролиттердің диссоциациялау дәрежесіне бір негізді иондардың және өзге электролиттердің болуы қалай әсер етеді?

3.4.22 Күшті және әлсіз электролиттердің ерітінділерінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

3.4.23 Егер 0,04М құмырсқа қышқылының (НСООН) ерітіндісінің рН= 2,57 болғандағы оның диссоциациялану константасын есептеп тап.

3.4.24 Егер аммиак 0,02 М ерітіндіде 1,0% диссоциацияланған болса, оның диссоциациялану константасының шамасы қандай?

3.4.25 0,006 М алюминий хлоридінің ерітіндідегі алюминий катионының иондық күшімен активтілік концентрациясын тап.

3.4.26 Химиялық реактивтер дегеніміз не және қандай түрлері бар?

3.4.27 Химиялық шыны ыдыстар неше топқа бөлінеді?

3.4.28 Химиялық ыдыстарды жуу және құрғату тәсілдері қандай?

3.4.29 Ерітіндінің иондық күшін ескере отырып, егер фторлы сутек қышқылының концентрациясы 0,1м болғандағы оның иондану дәрежесін тап.

3.4.30. Катиондарды қандай аналитикалық топтарға бөлеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет