Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды



бет15/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Аналитикалық химия методичка

5.1 Жалпы сипаттамасы

III аналитикалық топты құрайтын катиондар Ва2+, Са2+. Суда жақсы еритін гидроксидтер түзеді.

Бұл топ катиондарының ерекшелігі - суда нашар еритін сульфаттар түзеді. Сульфаттардың ерігіштігі иондық радиустары артқан сайын төмендейді, сол себепті олардың топ реагенті - H2SO4 ерітіндісі.

Toп реагентінің әсерінен сульфаттар түзіледі:


ВаС12 + H2SO4 = BaS04↓ + 2 HCl (11)

Ва2+ + SО42- = BaSО4

CaSО4 ерігіштігі Ва2+ сульфатына қарағаңда жоғары болғандықтан ол су ерітіндісінен сандық жағынан толық тұнбаға түспейді. Егер 95% - тік этил спиртінің екі еселенген көлемін қосса, немесе басқа органикалық еріткіштер қатысында оның ерігіштігі кілт өзгереді, сондықтан CaSО4 барий сульфатымен қатар толық тұнбаға түседі. BaSО4 ерігіштігін этил спирті төмендетеді.

Кальцийдің, барийдің сульфаттары күшті қышқыл мен күшті гидроксидтен түзілгендіктен басқа минералды қышқылдарда ерімейді. Сульфаттардан тұратын тұнбаны талдау үшін оны карбонаттарға айналдырамыз, бұл үдерісті карбонизациялау деп атайды.

Сульфаттарды карбонаттарға айналдыру үшін оны соданың қанық ерітіндісімен бірнеше рет қайнатады, бұл кезде мына тепе-теңдік, оңға қарай ығысады да, талдауға жеңіл, минералды және сірке қышқылында еритін карбонаттар түзіледі.

Бұл топ катиондары көбіне түссіз. Талдауда маңызды роль атқаратын, суда нашар еритін қосылыстары – фосфаттар, оксалаттар, карбонаттар да түссіз. Ал хлоридтері, нитраттары, ацетаттары суда жақсы ериді.

Бұл топ металдары сумен әрекеттеседі:
Са + 2Н2О = Са(ОН)2 + H2↑ (12)

Оксидтері суда жақсы ериді және гидроксидтер түзеді, олардың ерігіштігі жоғары

ВаО + Н2О = Ва(ОН)2 (13)

ІІІ аналитикалық топ катиондарын анализдеу

Зерттелетін ерітінді: Ba2+, Ca2+ күкіріт қышқылын қосып тұнбаға түсіреміз және этил спиртін қосып қыздырамыз

1-тұнба: BaSO4, CaSO4

+ Na2CO3



1-ерітінді зерттелмейді

2-тұнба: BaCO3, CaCO3

+2CH3COOH, t C0



2-ерітінді зерттелмейді

3-ерітінді

Ba2+, Ca2+ + K2Cr2O7

Тұнба CH3COONa



3-тұнба

BaCrO4



4-ерітінді

Сa2+, (Cr2O7) + Na2CO3






4-тұнба

CaCO3 + 2CH3COOH



5-ерітінді зерттелмейді

5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ БӨЛІМ



5.2 Ва2+ катионының реакциялары

5.2.1 H2SO4 әсері.

Реакцияның орындалуы

Барий тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы 2 н. H2SO4 ерітіндісін қосып, тұнба түзілуін байкау. Минералды қышқылдарда ерітіп көру. Реакция теңдеуін жазыңдар.


5.2.2 К2Сr2О7 әсері.

Реакциянын орындалуы

Ва2+ тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы CH3COONa ерітіндісін және 2-3 тамшы калий дихроматын қосып, тұнба түзілгенін байқау. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.2.3 (NH4)2C2О4 әсері.

Реакцияның орындалуы

Барий тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы аммоний оксалаты ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау және оның қасиеттерін зерттеу. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.2.4 (NH4)23) Na23, К2СО3 әсері.

Реакциянын орындалуы

Зерттелетін ерітіндінің 1-2 тамшысына көлемі бірдей аммоний немесе натрий карбонаты ерітіндісін қосып, түзілген тұнбаның қасиетін зерттеу. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.2.5 Na2HPО4 әсері.

Реакциянын орындалуы

Ерітіндінің 1-2 тамшысына 1 тамшы NH4OH ерітіндісін және 1-2 тамшы натрий гидрофосфаты ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау, оның кышқылдарда ерігіштігін анықтау. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.2.6 K4[Fe(CN)6] әсері.

Реакцияның орындалуы

Ва2+ тұзының концентрлі ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы NH4CI және 2-3 тамшы K4[Fe(CN)6] ерітінділерін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Комплексті қосылыстарды ерітіп көру. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.2.7 Натрий родизонатының (Na2С6О6) әсері.

Реакцияның орындалуы

Сүзгіш қағазға зерттелетін ерітіндінің 1 тамшысын тамызады, осы тамшыға 0,1 процент натрий родизонатының су ерітіндісінің 1 тамшысын қосып, қызыл-қоңыр тұнба түзілгенін байқау қажет. Осы тұнбаға 1-2 тамшы 2н.НС1 ерітіндісімен әсер етіп, дақтың ашық-қызыл түске айналғанын көру. Реакция теңдеуін жазыңдар.

Натрий родизонаты Ва2+ иондарымен қызыл-қоңыр түсті тұнба түзеді.



Барий родизонаты 2н.НС1 ерімейді, ол барий гидрородизонатына Ва(НС6О6)2 айналып, ашық қызыл түске боялады. Бұл реакция Ва2+ бөлшектеп талдау тәсілімен анықтау үшін пайдаланады.

7.1.8 От жалынын бояу.

Барий тұздары от жалынын жасыл-сары түске бояйды. (Орындалуы натрий тұздары сияқты).

5.3 Са2+ катионының реакциялары

5.3.1 H2SO4 әсері.

Реакцияның орындалуы

Ерітіндінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы этил спиртін және 2-3 тамшы күкірт қышқылын қосып, тұнба түзілгенін байқап көру. Оның қасиеттерін зерттеп, дәптерге жазу керек. Реакция теңдеуін жазыңдар.


5.3.2 (NH4)2C2О4 әсері.

Реакциянын орындалуы

Са2+ тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы 2н. СН3СООН ерітіндісін қосып, рН- ын тексеріп, осы ерітіндіге 1-2 тамшы аммоний оксалаты ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Тұнбаны HC1 (HNО3) ерітіндісінде ерітіп көру. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.3.3 K4[Fe(CN)6] әсері.

Реакцияның орындалуы

Са2+ тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 5 тамшы аммоний буфер ерітіндісін NH4OH + NH4C1 тамызып, 2-3 тамшы К4[Ғе(СN)6] ерітіндісін қосып, ерітіндіні кайнату қажет. Тұнба түзілгенін байқау. Реакция теңдеуін жазыңдар.
5.3.4 (NH4)23) K2CO3, Na23 әсері.

Реакцияның орыңдалуы

Кальций тұзының 1-2 тамшысына сонша аммоний карбонаты ерітіндісін қосып, тұнба түзілуін байқау. Тұнбаны сірке қышқылында ерітіп көру. Реакция теңдеуін жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет