Гравиметриялық анализ
Химиялық әдістің ең көне, классикалық тәсілі гравиметриялық анализ. Гравиметриялық анализ жүргізу үшін анықталатын ион не элемент химиялық реакция көмегімен ерімейтін түнбаға түсіріледі: тұнбасын сүзіп алып, сумен шайқап кептіреді, содан соң оны салмағы тұрақты болғанша қыздырады. Қалдықты аналитикалық таразыда 0,0001г дәлдікпен өлшеп стехиометриялық есеп арқылы анықталатын зат мөлшерін табады.
Гравиметриялық анализ мынадай шарттар орындалуы тиіс: анықталатын ион тұнбаға түгел түсуі, тұнбаның құрамы заттың химиялық формуласына сәйкес болуы, тұнба шайқағанда, кептіргенде, қыздырғанда өзгермеуі. Гравиметриялық анализді жүргізу көп уақыт алады.
Достарыңызбен бөлісу: |