Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды



бет49/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Аналитикалық химия методичка

13.3 Бақылау сұрақтары

13.3.1 Минералдағы судың рөлі?

13.3.2 Минералдағы су қандай күйлерде болады?


      1. Минерал ылғалдылығын анықтауда қандай әдіс қолданылады?

14 ӨЛШЕУ ӘДІСІНДЕ ТЕМІР МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

14.1 Теориялық бөлім

Темір – табиғатта көп таралған элемент болғандықтан, оны әртүрлі материалдар құрамынан бөліп алып, анықтаудың қажеттілігі туады. Сынама құрамындағы темірдің мөлшеріне байланысты оны анықтаудың бірнеше тәсілдері бар: өлшеу әдісі, көлемдік және калориметрлік. Өлшеу әдісі арқылы сынама құрамында темір мөлшері көп болса анықталады.

Fe(III)-ті анықтау аммоний гидроксидімен суда ерімейтін аморфты темір гидроксидінің тұнбасын түсіру арқылы жүзеге асырылады:

FeCI3 + 3NH4OH = ↓Fe(OH)3 + 3NH4Cl (74)

Темір (ІІІ) гидроксиді салыстырмалы түрде тұрақты зат, оны сүзіп, күйдіріп, өлшейді. Аммоний гидроксидімен тұндырған кезде ерітіндідегі темір (ІІІ) болуы тиіс, өйткені Fe (ІІ) реагентпен толық тұнбаға түспейді және Fe(OH)2 тұнбасын сүзгілеу өте қиын. Сондықтан Fe (ІІ)-ні тотықтыру үшін бром суын немесе сутек гидроксидін пайдаланады.

Fe(OH)3-тің ерігіштігі өте төмен. KsFe(OH)3 = [Fe3+][OH-]3 = 1,1∙10-36

Fe (III)-ті тұндыру әлсіз қышқылдың ортада жүргізіледі, ал бейтарап ортада жүргізсе тіптен жақсы, онда аммоний гидроксидінің артық мөлшері қажетсіз, тек оның әлсіз иісі байқалғанға шейін қосса болғаны. Fe(OH)3-тің ерігіштігінің нашар болуы себепті, оны ыстық сумен шаюға да болады, тұнбаның коллоидты ерітіндіге айналып кетпесі үшін NH4OH бірнеше тамшысы бар 1 %-тік NH4NO3 ерітіндісімен жуады.

Fe (OH)3 – аморфты тұнба болуына байланысты оны ыстық ерітіндіден тұндырады, сонда оның беттік ауданы кіші болуына байланысты басқа иондардың қоса тұнуы болмайды. Нашар сүзілетін темірдің негіздік тұзы түзілмес үшін ерітіндіні қыздырмас бұрын 0,5-1 мл концентрлі азот қышқылының ерітіндісін тамызады.

Температурасы 900-10000С-да 40-50 минут темір (ІІІ) гидроксиді күйдіріледі:

2Fe(OH)3 → Fe2O3+2H2O (75)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет