15.2 Зертханалық бөлім
15.2.1 Тәжірибенің орындалуы
Қажетті материалдар мен жабдықтар: Сиымдылығы 250мл конус тәрізді құты, сиымдылығы 25мл бюретка, 25 мл Мор тамшуыры, 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісі, 0,1 н натрий гидроксиді, 0,1% - ті метилоранж ерітіндісі, 0,1%-ті фенолфталейн ерітіндісі.
Су сілтілігін анықтау.
Судың жалпы сілтілігін анықтау үшін конус тәрізді құтыға Мор тамшуырымен көлемі 50 мл анализденетін суды құйып, оған 3-4 тамшы метилоранж қосып, 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісімен сарыдан алқызыл түске енгенше титрлеу керек.
Судың жалпы қышқылдығын анықтау
Жалпы қышқылдықты анықтау үшін конус тәрізді құтыға Мор тамшуырынан 50 мл су құйып, оған 3-4 тамшы фенолфталейн индикаторын қосып, оны 0,1 н натрий гидроксиді еріндісімен әлсіз алқызыл түске енгенше титрлейді. Титрлеуде үш рет өткізіп орташа мәнін алу қажет.Тәжірибелер қорытындыларының паралель айырымы бір-бірінен 0,1 мл-ден аспауы тиіс.
10-кесте – Тәжірибе нәтижелері
Сілтілік мына формуламен есептеледі
С = (VHCl ∙CHCl ∙ 1000)|VH2O, моль/л (80)
11-кесте – Тәжірибе нәтижелері
Зерттелетін судың көлемі, мл
|
NaOH концентрациясы
|
Титрлеуге кеткен NaOH көлемі, мл
|
Есептелген судың қышқылдылығы, моль/л
|
|
|
|
|
Қышқылдық мына формуламен есептеледі
К=(VNaOH∙CNaOH∙1000)|VH2O, моль/л (81)
Достарыңызбен бөлісу: |