15.3 Бақылау сұрақтары
15.3.1 Металлургияның қай бөлімі гидрометаллургия деп аталады?
15.3.2 Қандай үрдіс сілтілеу (выщелачивания) деп аталады?
15.3.3 Әртүрлі металдарды сілтілеген кезде қандай реагенттер қолданылады?
15.3.4 Мырышты сілтілеу үшін қандай реагенттер қолданылады?
15.3.5 Ерітіндінің жалпы, белсенді қышықылдылығы дегеніміз не?
БЕЛСЕНДІ ҚЫШҚЫЛДЫЛЫҚТЫ рН-МЕТРДЕ АНЫҚТАУ
16.1Теориялық бөлім
Гидрометаллургия үрдісінде металды алу үшін, тек жалпы, белсенді қышқылдылықты білу ғана емес сонымен қатар сутектік көрсеткішпен сипатталатын ерітіндінің рН-ның мәнін білу қажет.
Мысалы: электролиз арқылы мырыш алынатын мырыш сульфат ерітіндісіндегі темір, мыс, мышьяк, сурьма иондары зиянды қоспалар болып табылады. Олар гидрометаллургиялық тазартуда кептіріледі. Ол үшін рН мәні 1-ге тең, қышқыл мырыш ерітіндісіне қосу мырыш оксидін қосу арқылы ерітіндінің мәнін жоғарылатамыз. Ерітінді бейтараптанып оның мәні 5,5-ге дейін көтеріледі. Бұл рН мәнінде мырыш сульфаты гидролизге түспейді, ал Fe2+ ионы Fe(OH)2 түрінде тұнбаға түседі.
Темір (ІІ) сульфаты марганец диоксидін қоса отырып төмендегі реакция бойынша темір (ІІІ) сульфатына дейін тотықтырады:
2FeSO4+MnO2+2H2SO4=Fe2(SO4)3+MnSO4+2H2O (82)
рН 2-3-ке тең болғанда темірдің үш валентті сульфаты гидролизденіп тұнбаға темірдің үш валентті гидроксиді түседі де, тұнба бетінде мышьяк пен сурьманы адсорбцияланады. рН=5 болғанда, мыстың сульфатының бір бөлігі гидролизденеді, бірақта мыстың қалған (1г/л) ерітіндіде қалады. Ерітіндіні мыстан мырыш ұнтағымен тазартады. Үрдіс мына реакциямен жүреді:
Zn0+Cu2+=Zn2++Cu0 (83)
Ал, қосымша болып хлор күмісті электрод қолданылады. Электродтарды жұмысқа дайындау электродтардың паспортында берілген нұсқалар бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |