Зертханалық бөлім
Тәжірибенің орындалуы
Керекті жабдықтар мен материалдар: конус тәрізді құты, 250 мл сиымдылығы , Мор тамшуыры 10 мл, құйғылар, сүзгі, бюреткалар 25 мл 0,01н калий перманганат ерітіндісі 0,01н қымыздық қышқылының ерітіндісі, Мор тұзының ерітіндісі 20%-тік күкірт қышқылының ерітіндісі, мырыш түйірлері.
KMnO4 ерітіндісінің титрін анықтау.
KMnO4 ерітіндісінің титрін анықтау үшін титрі белгілі қымыздық қышқылының 10 мл ерітіндісін тамшуырмен өлшеп алып, конус тәрізді құтыға құйып, үстіне 80 мл тазартылған су қосып, оған 7 мл 20%-тік күкірт қышқылының ерітіндісін құйды. Құтыны 70-800С-қа шейін плиткаға қойып қыздырып, ыстық ерітіндіні KmnO4 ерітіндісімен титрлейді. Титрлеу барысында калий перманганатының алғашқы 1-2 миллилитрін тамшылатып еппен құйып, ерітіндіні үнемі араластырып отырып, KmnO4 ақырғы тамшысынан 1-2 минуттай жойылмайтын қызғылт түс пайда болғанға шейін жүргізіледі.
Мор тұзындағы Fe (II) анықтау
Екі конус тәрізді құтыға 10 мл-ден зерттелетін ерітіндіні құйып, 80 мл тазартылған су, 7-8 мл 20%-тік күкірт қышқылын, метал мырыштың 4-5 түйірін қосып, құтыны 10-15 минут жақсылап араластырып, ерітіндідегі темірді толық тотықсыздандыру жеткілікті. Сонда, құтыдағы сұйықтық түссізденеді. Кейіннен ерітіндіні жұқа сүзгіден өткізіп, қалған мырыш пен құтыны үш рет тазартылған сумен жуып, соңынан 0,01Н KmnO4 ерітіндісімен 1-2 мин ішінде тұрақты алқызыл түске жойылмағанша.
Анализ нәтижелерін рәсімдеу
Ерітіндісі титрінің есебі мына формула бойынша жүргізіледі:
СHKMnO4=(CH2C2O4)/VKmnO4 (86)
T=(CHKMnO4·ЭKmnO4)/1000 (87)
Анализ нәтижелерінің есебін мына формуламен есептейміз:
TKMnO4/Fe=(55,58·TKMnO4)/31,61
mFe2+=(TKMnO4/Fe·VKMnO4·1000)/V(ерітінді)
Достарыңызбен бөлісу: |