Бесқоспа селолық округінің әкімі Т. Ғаббасовтың 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі40.49 Kb.
#13484
Бесқоспа селолық округінің әкімі Т. Ғаббасовтың 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі
Бесқоспа селолық округінің жалпы жер көлемі -70676 га, 2-елді-мекен және 7-қыстақ орналасқан. Тұрғылықты халқының саны-1675 адам. Соның ішінде Есет батыр мен Темрейде -1581 , Қызыл-Ту мен Табанталда-94 адам тұрады. Селолық округ бойынша -140 зейнеткер, мүгедектер саны-36, жұмыссыздар-34 адам. Бұл жұмыссыз адамдардың 22-ің аудандық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі арқылы маусымдық жұмысқа тартылғанын жеткізді. Ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылығында тіркелген малдардың саны, ірі қара-1534 бас, жылқы-121 бас, қой-ешкі-5497 бас, шошқа-35 бас және құстардың саны -6263 бірлік. Селолық округ аумағында-68 ШҚ-ы, 1-АҚ, 1-ЖШС тіркелген. Халыққа азық-түлік тауарларын сатуда 8-дүкен тұрақты жұмыс жасайды. Жолаушыларды тасымалдауда Есет батыр Көкіұлы-Ақтөбе және Есет батыр Көкіұлы-Алға маршрутттары бойынша 2-жеке автобус және 1-Газель көліктері үзілссіз қызмет көрсетуде.

Білім саласы бойынша: Селолық округте екі мектеп, 1-бастауыш мектеп және 1-мектеп-бақша тіркелсе, ондағы оқушылар саны-266. Мектеп жасына дейінгі дайындық сабағында-16 бала оқиды. Балабақшада-35 бала тәрбиеленуде

Мұғалімдермен қажетті мамандармен, қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау саласында: Селолық дәрігерлік амбулатория -1 және 1-

фельдшерлік пункт жұмыс жасауда. Оларға қажетті мейірбикелермен және қызметтік автокөлікпен қаматамасыз етілген. 2013 жылдың 9-айлығында флюрографиядан-745 адам тексеруден өтті, 357 бала мантуға тексеруден өткен ауруға анықталғандары жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша:

«Бесқоспа селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тұрғындар талаптары бойынша-272 отбасылық анықтама және малдарын сатуға-85 анықтама және 945 ветеринариялық паспорт берілді. Алға аудандық «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы 12-адам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылды. Алға аудандық Әділет басқармасында

-51 азаматтық хал актілері тіркелді. Олардың ішінде туу туралы-32, қайтыс болу туралы -9, неке қию туралы-6 және әкелікті анықтау туралы-4-еу.

4-нотариалдық іс-әрекет тіркеліп, олардан мемлекеттік баж салығы -208 теңге алынды. Халыққа арзандатылған бағамен «Иран» ЖШС-нен 2-тонна 1-сортты арзандатылған ұн жеткізіліп, таратылды. Биылғы жылдың қуаңшылығына және зиянкес шегірткелерге қарсы күрестің жеткіліксіздігінен шөп шығымының аз болуына байланысты аз-қамтылған отбасыларға 2-тіркеме шөп тегін және 3 - тіркеме шөп арзандатылған бағамен түсірілді.

Көркейе бер туған жер акциясы аясында:

Есет батыр атындағы мектеп-бақшаға Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 61 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оны жеңімпаз «Ақ-Наз Жаңа Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде, тапсыру мерзімі 10 қараша 2013 жыл.


Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша:

Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында» -1593000 теңге қаржы көлемінде Республикалық бюджеттен бөлініп, Есет батыр Көкіұлы ауылындағы 8-көшеге 50-бағанаға жарық шамдары ілініп, іске қосылды.

Жалпы әскери міндеттілік және қызмет туралы:

Қазақстан Республикасының «Жалпы Әскери міндеттілік және қызмет туралы»

Заң талабына сәйкес, селолық округ бойынша-285 адам тіркеуде тұр.

ҚР Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке-71 азамат шақырылып,

олардың - 5 ҚР Ұлттық әскер қатарына алынуға облыстық ҚБ жіберілді.

Шақырылған азаматтардың барлығының да құжаттары дайындалып, Қорғаныс бөліміне тапсырылды.

ҚР «Салық және міндетті бюджеттік төлемдер туралы»

Заң талабына сәйкес есептелген салығы-382784 теңге, жиналғаны -382784 теңге орындалуы 100 %. Оның ішінде мүлік салығының жыл басында есептелгені-65798 теңге, бюджетке түскені-65798 теңге, орындалуы-100 пайыз.

Жер салығының есептелгені -92079 теңге, бюджетке түскені -92079 теңге.

орындалуы-100 %. Көлік салығы -225907 теңге, бюджетке түскені-225907 теңге, орындалуы -100 %.

«ҚР Мемлекеттік наградалар туралы»

Заңына сәйкес көпбалалы отбасы Бахиева Зияда апайдың құжаттары «Күміс алқаға» дайындалды. Азаматтығын алғасын тапсырылады.

«Балалы отбасыларға берілетін 18 жасқа дейінгі-әлеуметтік–жәрдемақы»

Селолық округ бойынша 18-жасқа дейінгі 44 отбасы құжат тапсырып, олардың 38 отбасының құжаттары өтті.. 1-жасқа дейінгі нәрестелері бар 32 отбасының құжаттары тапсырылды және тағайындалды. Жеке сәйкестендіру

нөмерлері жоқ 6- оқушы анықталып, 4-і ЖСН алды, қалған екеуінің құжаттары рәсімделуде.

«Ауылшаруашылығы саласы бойынша» Шаруа қожалықтарында-1071 ірі қара, 580-бас жылқы, 75-бас түйе және 7598 бас қой-ешкі тіркелген.

Жоспарға сәйкес малдарды бірдейлендіру, қан алу жұмыстары жүргізіліп, дерекқорға енгізілді. Атап айтсақ сарып ауруына-4188 бас ірі қарадан және 9460 бас қой-ешкіден қан алынды. Құтыру ауруына қарсы -260 бас ірі қара және 200 ит егілді.

Сібір жарасына қарсы -2950 бас ірі қара, 11500 бас қой-ешкі және 600 бас жылқы егілді. Туберкулезге қарсы анықтау мақсатында -4500 бас егілді.

Қарасанға-1800 бас бойдақ малдар егілді. Бершімек (Эхинококкоз) қарсы-144 ит егілді.

Көктемгі егіс науқанында 2240 гектар жерге дәнді дақылдар егілді. Қуаңшылыққа байланысты егін көлемі төмен болды. Мал қыстату мақсатында екі айлықта 50000 центнер шөп дайындау жоспарланып, артығымен орындалды.

Селолық округ бойынша ауру малдары шыққан 3-үйге дезинфекция тегін жасалды.

Ауылдағы байланыс қызметі туралы мәселе.

Қазіргі кезде ауыл ішінде 252 бірлік абоненттік желісі және 22 бірлік бірлік сымсыз телефон қызмет көрсетуде. Сонымен қатар «Актив», «Билайн» ұялы байланыс желілерін халық игілігіне пайдалануда.

Пошта байланыс бөлімі де айына үш рет газет-журналдарды таратады.

Қазан айынан бастап Бесқоспа пошта байланыс бөлімі интернет желісіне қосылды. Электронды түрде компьютерден шыққан керекті төлем түбіртектерді алуға болады.

«Ауыз-су бағдарламасы бойынша»



Есет батыр Көкіұлы ауылы-Куйбышев бағыты бойынша су желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, тұрақты жұмыс істеуде және мамандармен толық қамтылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет