Беттер Кесте Сурет Әдебиеттер


Өндірісті микробиологиялық және санитарлық бақылау



бет24/41
Дата25.11.2023
өлшемі3.94 Mb.
#484446
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Дип.-Ашытқы-саңырауқұлақтарын (1)

2.7 Өндірісті микробиологиялық және санитарлық бақылау


Шикізатқа бақылау. Мелассаның микрофлорасы қант қызылшасы өндірісі технологиясы ерекшеліктеріне, мелассаны тасымалдау тәсілдеріне және оны сақтау шарттарына байланысты болады. Мелассада қант қызылшасынан түсетін топырақ бактериялары және қант өндірісінің әр түрлі сатыларында дамитын зиянды микроорганизмдер табылады. Концентрленген мелассада микроорганизмдер плазмолизденген жағдайда болады және көбеймейді. Ұзақ сақтағанда әлсіз осмофильді түрлерінің өлу нәтижесінде қалыпты мелассадағы микроорганизмдердің саны азаяды. Сумен араластырғанда меласса микробты жасушалардың көбеюіне қолайлы орта болады және олардың саны 10 және 100 000 есе көбейеді. Микроорганизмдердің активті тірішілік етуінің нәтижесінде мелассаның химиялық құрамы өзгереді, олар дефектілерге өтеді. Дефектті мелассалар төмен тығыздықты, жалпы азот құрамымен, инвертті қанттың өсіп кеткен мөлшерімен, қышқылды реакциямен, жоғары түстілігімен және инфицирлігімен сипатталады. Мелассаның спора түзуші жасушалары көбінесе мына түрімен келтіріледі: Bac.subtilus, Bac. megaterium, Bac. cereus, Bac. micoides және типті анаэробты бациллалармен Clostr. Boturisum. Спора түзуші Pseudomonas түрінің бактерияларының ішінде мелассада көбінесе мыналар кездеседі: Р.putida,P. Studgersi, P. аureofacienc. Аталған түрлер араласқан мелассалар ұзақ уақыт қайта өңдеуге жіберілмесе, активті көбеюімен ерекшеленеді. Олардың зиянды жері-өзіндік алмасу процестеріне қанттың тікелей шығындарымен және мелассадағы нитраттың нитриттерге тотықсыздануымен байланысты болады. Нитриттер аса улы заттар болып табылады. 0,005% концентрациясында нитриттер – ашытқы жасушасының қалыпты топтасуы тоқтайды; 0,04%-жасушалардың өсуі мен көбеюі толығымен төмендейді және олардың бөлшектік өлуі кездеседі. Нитритотүзілу процесі анаэробты жағдайларды активтендіреді. Өндіріске үлкен зиянды қышқыл түзуші бактериялар алып келеді. Олардың ішінде жиі лейконостоктар кездеседі. L. mesenteroides және L. dextraricum. Мелассалы суслода рН 5,0-ден жоғары болғанда лейконостоктар декстриннен құрылған капсуланы оңай түзеді. Капсула лейконосток жасушасының жылулық әсерлесуге және антисептиктерге тұрақтылықты жоғарылатады. Жасушалар капсуласыз 650С-ге дейін қыздыруға төзімді болады, ал капсула болғанда-900С-ге дейін және 110-1140С дейінгі құрғақ жағдайындағы ұзақ емес қыздыруға төзімді болады. Лейконостоктарға ашытқы жасушасына жабысу және олардың ашыту аппараттарының түбіне тез батып кететін түйіндерге жабысу тән болады. Бұл ашытқы жасушаларының қоректену процесін бұзады және олардың топтасуын ұстайды. Спирт өндірісіне гомоферментативті және гетероферментативті сүтқышқылды таяқшалар белгілі бір дәрежеде қауіпті: Lactobacillus plantarum, L. helveticus, L. brevis, бұлар араласқан мелассаның қышқылдығын активті жоғарылатады. Мелассада үнемі кездесетін кокты микрофлора тек мелассаның араласуы кезінде көбейеді және спирттік ашуға ерекше әсер етпейді. Ашытқылар араласқан мелассада инвертті қанттың құрамын көбейтеді, сонымен қатар спирттің түзілуімен сахарозаны ашытады. Ашытқыларға жиі сірке қышқылды бактериялар ілесе жүреді. Мелассаларда мицелиалды саңырауқұлақтардың ішінде кейбір түрлері кездеседі: Penicillium, Aspergillus, Mucor.
Өндірістің жүйелі микробиологиялық бақлауы уақытылы инфекцияны білуге және одан қорғану шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Технологиялық бақылаумен қатар зауыттарына инфекцияның түсу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Микробиологиялық және санитарлы бақылау өндірістің барлық сатыларында жүзеге асады, қайта өңдеуге түсетін шикізатты бақылаудан бастап ары қарай ашытқылардың биохимиялық әрекетімен байланысқан өндірістік процестің барлық сатылары арқылы. Бақылауға шикізат және қосымша материалдар да түседі: бидай, кортоп, уыт, уытты сүт, меласса және тағы басқа.
Меласса қант қызылшалы өндірістің қалдығы болып табылады. Ол спирт алу үшін ең тиімді шикізат түрі. Мелассаны өңдейтін спирт зауыттарында бидай-кортопты шикізаттан өңдейтін заттарға қарағанда еңбек өнімділігі жоғары, өзіндік құны төмен және жанармай шығыны төмен, пайдасы жоғары болады.
Су. Суды зерттеуді тек қана төмендегідей жағдайлар жүргізеді:
1 зауыт өздерінің скважиналарының артезианды суларын пайдаланғанда ;
2 зауыт тазаланбаған ашық су қоймаларын пайдаланса.
Суды зерттеген кезде келесідей анализдер жүргізіледі:

  1. бір мл-лік судағы микроорганизмдердің жалпы мөлшеріне анализ. Бұл судың белгілі бір мөлшерін Петри табақшасындағы агарлы қоректік ортада болатын ЕПА және ашытқы агарына егу. Таза судың құрамында 100 микрооргнизм болуы керек.

  2. судың ашытқыларының тіршілік етуіне әсерін бағалау. Бұл ашыту кезінде ортаның қышқылдығын тудыратын бактериялардың судағы мөлшерін табу үшін қажет.

  3. өндіріске судың жарамдылық дәрежесін (Вихман бойынша ) анықтау. Судың сапасы кем дегенде қанағаттандыратындай болу керек.

  4. ішек таяқшаларының титрын судың фикалды көрсеткіші ластану ретінде анықтау.

Айналымды су. Оны артезианды скважинасының және суқоймасының суының сапасын бағалаған кезде қолданылатын көрсеткіштері бойынша зерттейді.
Ауа. Ашытқыштарға берілетін және цехтардың ауасын микроорганизмдердің жалпы мөлшеріне және олардың сапалы құрамын зерттейді.
Ашытқыштағы және ашытқы генераторындаәы ашытқылар.
Ашытқыларды ашыту аппараттарына беру алдында ашытқылардың үлгісін аппараттан микроскопирлейді. Бақылау кезінде төмендегілерді анықтайды:
1.инфекциялардың мөлшері. Микроскоптың астында бактериялардың жылжымалы формалары және бөтен ашытқы саңырауқұлақтары болмау керек, ал жылжымайтын қышқыл түзуші бактериялар саны 4-6-дан аспауы керек.
2.ұрықтанатын жасушалардың мөлшері.
3.өлген жасушалар мөлшері.
4. гликоген құрамды жасушалардың қатынасы.
5.1 мл ортадағы ашытқы жасушаларының жалпы мөлшері.
6.ашытқылардың ашу энергиясы, яғни олардың белгілі бір уақытта өндіріс заттарының қанттарын ашытуға қабілеті.
Санитарлы бақылау.
Тамақ өнеркәсібінің жұмысшылары үшін өзіндік гигиена ережелері және инструкциялары бар. Сонымен бірге, бұл ережелерде зауыт бөлмелерін және өндіріс цехтарын тазалықта сақтау қарастырылған. Бөлмелердің тазалығын бақылауды визиуалды жолмен қатар, микробиологиялық анализдің көмегімен жүргізеді. Қабырға бетінен сосноб алады немесе белгілі бір бөлігі зарарсыз суға батырылған зарарсыз тампонмен жуып тастайды. Тампонды зарарсыз судың белгілі бір мөлшері бар пробиркаға орналастырады, шайқайды және осы сұйықтық тамшысын микроскоптың астында қарайды.
1.визуалды анализ-қадағалау кезінде мицелий саңырауқұлақтар және түйіндер болмауы керек.
2.микробиологиялық анализ кезінде жуындыда саңырауқұлақтардың споралары, ашытқы саңырауқұлақтары және бактериялар болмауы керек. Егер бұл микроорганизмдер 2-5 және одан да көп мөлшерінде болса, онда қабырғаларды, еденін және төбесін жуады және дезинфицирлейтін ерітінділермен де жуады, себеді бақытсыз жағдайлардың болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет