Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


-тақырып. Қазақстан 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде



Pdf көрінісі
бет37/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Қазақстан тарихы лекция

 
11-тақырып. Қазақстан 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде 
1. Фашистік Германияның СССР-ге шабуылы. Соғыстың басталуы
оның сипаты. 
2. Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жұмылдыру.
3. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында. 
 
СӨЖ тапсырмалары: 
1. ҚазКСР-дың соғысқа дейінгі дамуына сипаттама беру. 
2. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы орны мен рөлін 
айқындау. 
1. Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған 
келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс 
жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай 
басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап 
алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін 
қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі
СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық 
жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік 
Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс 
теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың 
басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы 
бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның 
басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз 
бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп 
қарастырды. «Ресейдің кең-байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі 
біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке 
бөлінудің кез-келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс».
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық 
астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде 
қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер 
жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер 
КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты 
рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен 
Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта 
Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер 
Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра 
білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті
Мәншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, 
апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке 
өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті. 
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 
бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар 
бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік 
Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар 
дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М.В. Панфилов болды. Армия 
қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 
бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам 
адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер 
даярлап шығарды. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан 
астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан 
Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И.Н. Кожедуб үш мәртебе 
Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
2. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына 
бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді 
(милитарландырылды). Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше 
қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. 
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты 
соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып 
аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 
220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен,
Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық 
комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 
кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 
есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Мәскеу қаласы және Мәскеу облысынан көшірілген кәсіпорындар: 
Мәскеу авициация жасау заводы, Урюпа ет-консерв зауыты, Дзержинский 
атындағы электротехника зауыты, Мәскеу рентген зауыты, № 3 Александр 
радио зауыты, С. Орджоникидзе атындағы механика зауыты. Жалпы 
Қазақстанда Мәскеу қаласы мен облысынан көшірілген 40 зауыт 
орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков 
электротехника 
зауыты, 
Подольск 
механика 
зауыты, 
Запорожье 
ферроқорытпа зауыты, Днепропетровск вагон жасау зауыты. Украина ККС – 
інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, 
Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс 
істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген 
мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Донбасстан 3200– ге жуық шахтер, 
2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер 
саны 700-дей болды.
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 
жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 %-ын, көмірден 18 %-ын, 
молибденнің 60 % -ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1942 
жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемелі-кесімді ақы төлеудің жаңа 
жүйесі енгізілді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды 
көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» 
қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды 
шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. 
Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс 
істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, 
оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер 
астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек 
көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын 
салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 
400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдары салынған құрылыстар: Мақат – Қосшағыл темір жолы, 
Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин 
құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты, «Комсомол» 
кәсіпшілігі.
1944-1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері: Текелі 
қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту 
фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина зауыты. Алматы вагон жасау 
зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауыты. 1941-1945 жылдары барлығы 460 
зауыт, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % 
- ке өсті.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 
1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі 
артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75%-ға жетті. 76 мың 
механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық 
социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға 
көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге 
асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен 
қамтамасыз етуші аймақ болды.
Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға 
айналды. Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының жетекшілері
А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік 
бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, В.П. 
Кривич, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, И.Я. Кудлай есімдері 
бүкіл елге әйгілі болды.
3. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық 
майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа 
аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер 
майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында 
мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. 
Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань жаумен жан 
аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 
атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. 
Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, 
Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі 
жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде 
үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді:
Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Еуропаның 
көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол 
болды.
Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес 
еді.
Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде 
болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау 
кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы 
офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің 
соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған 
жауынгерлерден айырылуына әкеп соқтырды.
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі 
шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына 
Мәскеуге апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волоколамск тас жолын 
қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан 
атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар 
(«28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып 
жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ 
шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл 
майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар 
қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды 
өткізбеді. Сондай-ақ, Мәскеу қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар 
Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары 
бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы 
беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Мәскеу облысының Бородино 
селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған 
Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин 
басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің 
бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. 
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі 
үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – 
гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде 
соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия 
Ленинград облысының 22 елді-мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға 
қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 
қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен 
марапатталды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың 
ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар 
ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 
бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков 
шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде 
шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан 
облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы 
колхозшысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артиллериялық бақылау 
аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл 
Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезініп 
отырды. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны 
Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, 
онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілерінің ой-пікірін, сезімі мен 
алаңдатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына 
айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 
1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 
1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихи маңызы: 
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды; 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар 
басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс 
Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кеңесі 
Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 
1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 
жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс 
жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан 
қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан 
Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға 
дейінгі 500 км.). 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград 
майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық 
шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне 
үндеу тастады. Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, 
Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе 
облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, 
техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында 
әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық 
әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай 
станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. 
Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде 
ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев 
майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге 
айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты 
әскер дивизиясы Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың 
түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. 
Г. Сафиулин, М. Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері 
жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А. Баскаков 
басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 
танкісін жойып жіберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шегінбеді. 
1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров 
Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері 
шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар 
дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына 
енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін зауытын тоқтаусыз жұмыс істеуін 
қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық 
дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. 
Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» 
қорғауға ерлік көрсетті.


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
Сталинград түбінде қазақстандықтар К. Сатпаев пен А.А. Бельгин 
өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын Батыры атағына ие болды.
116-атқыштар 
дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының 
жауынгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі 
құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке 
қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол 
Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 
батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С. Позолотин басқарған 17-
гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль 
атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. 
жерге қуылды.
Сталинград шайқасының тарихи маңызы:
- Екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес 
қосты.
- Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды. 
- Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу уақытын жақындата 
түсті.
- Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне 
ұмытылмас ерлік беттерін қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет