Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова


мазмұнын ашатын тарихи сабақтастық



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата09.09.2022
өлшемі1.48 Mb.
#460507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Қазақстан тарихы лекция

мазмұнын ашатын тарихи сабақтастық әуел бастан қажет, сонда ғана адам 
болмыстағы мән мағынасына ие болады. Сонымен, тарихи сана – бұл уақыт 
айырмашылығы мен байланысының қалыптасуы, ал ол мәдениетті 
тасушының тарихи тұрақтылығының шарты болып табылады.
Тарихтың негізгі міндеті – ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен 
сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. Егер XXI 
ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша 
қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, 
ол азамат өзінің ұлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі. 
Ұлы Даланы игерген Көшпелілер өркениетінің өрлеу-құлдырау 
ырғақтары сабақтасып балға мен төстің арасында шыңдалды, талай тарихи 
үрдістерден өтті. Вебер айтқандай, көшпенділер техногендік өркениет пайда 
болғанға дейін кеңістікте мәдени катализаторлар қызметін атқарды, әлемдік 
дамуда халықтардың бір қозғаушы күші болды.
Көшпелі өркениет – табыс пен қосымша өнімді әділ шешіп, табиғатты
оңтайлы және тиімді пайдаланылған, мал шаруашылығы жетекші кәсіпке 
айналдырған мәдениет түрі. Мал және жер кәсібі шаруашылықтың 
саласында деңгей мәртебесіне көтерді. Жағрафиялық ортаның ерекшелігіне 
байланысты жер өңдеуде ирригациялық жүйе, мал бағуда қоршаған ортаға 
бейімделген табынның құрамын шығару, жылқы жануарының қасиетін 
танып оны көлік ретінде қолдану, дамыған әлеуметтік жіктелу қоғамдық 
өмірде «далалық билік және басқару институттарын» заман уақытына сай 
құрылыстарын әкелді. 
Адамның жаратушысы – Тәңір, анасы – Ұмай ана (қасиетті Жер-Су), 
бұл көшпенділердің шығу тегін айғақтады; екіншіден: әкеден қалған елді 
үш ұлына бөліп беру, сыннан өткен ішіндегі біреуіне билік жүргізу 
сакралдық мәнімен «тәртіп» қасиеті болды. Тәңірдің жарылқауымен «қасиет 
дарыған» бала ғана билік жүргізе алады, осыдан сакралды мәні бар билік 
лауазымдары қалыптасты: Сары (Царь), Тәңірқұт, Күнби, Қаған, Хан және 
тағы басқа. Бұл – көшпелі қоғамда қолданылатын меритократиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет