Бүгінде әлем алдында дүниежүзінің экономикалық трансформациялану жолы туралы маңызды мәселе қойылып отыр. Бұл мәселе бірқатар жылдардан бері талқылану үстінде



жүктеу 26.78 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі26.78 Kb.
Бүгінде әлем алдында дүниежүзінің экономикалық трансформациялану жолы туралы маңызды мәселе қойылып отыр. Бұл мәселе бірқатар жылдардан бері талқылану үстінде. Алайда, көптеген идеялар мен ұсыныстар топтамалары әзірге жаһандық деңгейдегі нақты шешімдер тапшылығын еңсере алмай келеді. Осының ықпалымен әлемдік валюталық-экономикалық дағдарыс әлемдік әлеуметтік дағдарысқа дейін өсіп, көптеген дамыған мемлекеттерді шырмауымен құрсап алды. Халықаралық еңбек ұйымы жаһандық жұмыссыздық қатері туралы тұжырым түюде. Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде жұмыссыздық деңгейі өткен ғасырдың соңындағы көрсеткіштерден асып түсті. Италияда – 8,3 пайыз, Ұлыбританияда – 8,3, Германияда – 6, Францияда 9,7 пайыз болды. Еуроодақтың осы төрт «локомотивінде» 11 миллион адам жұмыссыз қалып отыр. Оның үстіне олардың жартысынан астамы – жас адамдар. Ал Еуропалық одақтың басқа елдеріндегі жағдай бұдан да күрделі. Егер әлем бойынша айтсақ, жұмыс жасындағы адамдардың әрбір үшіншісі немесе 1 миллиард 100 миллион адам қандай да бір жұмыспен қамтылмаған немесе өз отбасымен күніне 2 доллардың кірісіне ғана қарап отыр.

Жекелеген ұлттық экономикаларды құтқаруға, олардағы теңгерілімдікті сақтауға Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық валюта қоры тарапынан көлемді қаржы бөлінуде. Өкінішке қарай, әзірге G-8 және G-20 пішіндері қабылдап отырған шаралар осымен ғана шектелген жоқ. Бірақ, әрбір жаңа миллиард доллар әлеуметтік проблеманы туындататынын да есте ұстау қажет. Былайша айтқанда, қазіргі шаралар өртті бензинмен сөндіргендей әсер қалдырып отыр.

Жаһандық дағдарыспен күрес шараларының жартыкештігі – бұл жүйелік дағдарыстың басқа түріне – халықаралық қатынастар мәселесіне күйе түсуінің жарқын дәлелі. G-20 тобының құрылуы әлемдік экономиканы реформалау туралы үнқатысу диапазонын елеулі деңгейде кеңейте түсті. Алайда, дағдарыспен күрес «жиырмалығының» бірінші саммитінен  4 жыл өткеннен кейінгі бүгінгі жағдай мұндай пішіннің өзі жеткіліксіз екендігін танытатындай. Давостағы соңғы әлемдік экономикалық форумда көптеген әлемдік жетекшілер ақыр аяғында капитализмге, егер нақтырақ айтсақ, оның жаңа либералды қазіргі сипатына қатысты бірдеңе істеу қажеттігі жөнінде келісімге келді.

- Өткен жылдың соңында мен Астана форумы аясында біз G-GLOBAL деп атап отырған үнқатысулардың жаңа пішінін байқап көру жөнінде ұсыныс жасадым. Бұл идея саяси, сарапшы және іскер топтар ортасында, әлемдік қоғамдастықта кең қолдауға ие болды. Бар болғаны бірнеше айдың ішінде Астана форумының ресми сайтында құрылған G-GLOBAL коммуникативтік Интернет-алаңшасына кіру көрсеткіші 40 есе көтерілді. Әлемнің 140 елінен 30 мыңнан астам пайдаланушы оның тұрақты қатысушысына айналды. Сөйтіп, жаңа әлемдік экономикалық тәртіпті қалыптастыру жолдарын жүйелі желілік іздеу басталып та кеткендей, - деп мәлімдеген болатын Президент Н.Назарбаев.



G-GLOBAL алаңшасындағы интерактивті пікірсайыстар тақырыбы әлемдік экономиканы және валюта-қаржы жүйесін реформалау мәселелеріне дейін шапшаң өсіп келеді. Инновациялық дамудың, ядролық және экологиялық қауіпсіздіктің, этносаралық және дінаралық толеранттылықтың, геосаясаттың және басқа да толғақты мәселелердің кең ауқымды проблемалары талқылау өзегіне айналып отыр. Бір сөзбен айтқанда, G-GLOBAL көп қырлы әлемнің әлеуетті біріктіруші идеясы ретінде әрекет етуде. Әрбір интерактивті жолдаудан ХХІ ғасырда тұрақты және әділетті әлем құрылысы қалыптасады деген үміт ұшқыны сезіледі.


Бүтіндей алғанда, G-GLOBAL идеясы бар болғаны жарты жылдың ішінде өзінің барынша қажеттілігін көрсетіп берді. Одан адамдар жаһандық экономикаға үлкен соққы болып отырған жүйелік дағдарысқа жауап табудың, әлемнің моральдық-өнегелілік қалпын орнықтырудың және халықаралық қатынастарды қайта қалыптастырудың мүмкіндіктерін іздестіруде. Қуантатыны, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы әлем елдері тарапынан қолдау тапты. Бұл Қазақ елінің әлемдік аренадағы абыройын аспандатқаны сөзсіз.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет