Бүгінгі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар



жүктеу 37.09 Kb.
Дата14.06.2016
өлшемі37.09 Kb.
Бүгінгі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Діни ағымдар. Қазақстандағы діни жағдайдың ерекшелігі – діни ағымдардың әр алуандығы. Бұл елімізде ғана емес, жалпы әлемде байқалып отырған құбылыс.

1960-1970 жылдары АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде, Азияның кейбір мемлекеттерінде, 1980 жылдардың ортасында Ресейде пайда болған діни топтар мен қозғалыстарды жаңа діни ағымдар немесе «дәстүрлі емес культтар», «пайда болған діндер», «конфессиялардан тыс қағадасыз сенімдер», «балама діндер» атауымен белгілейді. Бұл қозғалыстардың «жаңа» деп аталатын себебі олардың көпшілігі жаңа арада пайда болды. Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діни сенімдерден айырмашылығы әлемдік тарихи діндердің ұстандарынан басқа жаңа бір діни танымдық жаңалықтар енгізулерінде.

Қазақстанда соңғы кезде түрлі діни ағымдардың саны өсіп келеді. Нақты айтатын болсақ, 90-жылдары діни ағымдардың жалпы саны 10 болса, бүгінде олардың саны шамамен 160-тан асады. Соңғы кездері «Благая весть», «Грейс Благодать», «Жатва» сияқты пресвитериндық бағыттағы қауымдар мен шіркеулер белгілі бола бастады. Ал исламдық жаңа діни бағыттардан «Хизбут-Тахрир», «Уахабшылдық» (Салафиттер деп те аталады), «Табиғи Жамағат» (немесе «дағуатшылдық»), Исмаилиттер, Ахмадие және т.б. атауға болады.
Қазақстанда қандай протестанттық діни ағымдар таралған?
Лютерандар. Протестанттық қауымның бір тармағы. Оның пайда болуы Виттенберг университетінің теолог оқытушысы Мартин Лютердің (1483-1546) есімімен байланысты. Лютерандардың сенімі мен ілімі киелі кітапқа негізделген. Сонымен бірге М.Лютердің еңбектерін де басшылыққа алады.

Елімізде 70-тен аса лютерандық діни қауым бар. Лютерандар ілімінің негізі – Исаның (Иисус Христос) айқыштағы құрбандығы арқылы құтқаның көкке сену арқылы ақталу.

Мейрамдары: Исаның дүниеге келу күні, Құтқарылу мейрамы, Исаның көкке көтерілуі, елулік (алғашқы өнім), Реформация күні.

«Жетінші күн адвентистері» (лат. – «ақырзаман») Америкадағы баптистер ортасынан шыққан дәни ағым. Оның негізін салған Нью-Йорк баптистерінің өкілі Уильям Миллер. «Жетінші күн адвентистері» діни ілім көзі ретінде, Көне және Өсиетпен қатар, көрікпен әйел Елена мен Уильяма Миллер еңбектерін де негізге алады. Негізгі догматы – Иисус Христосың жеті қат аспанда тірі жүргеніне және екінші мәрте жерге келетініне сену. Олар жанның өлмейтінініне сенбейді. Жан тәнмен бірге өліп, Иисус Христостың екінші келуімен қайта тіріледі дейді.

Шіркеулік жеті құпияның ішінде тек күнәдан тазару (очищение) рәсімін ғана мойындайды. Өзге христиандық бағыттардан ерекшелігі Мұсаның төртінші негізгі мерекелері санайды. Сондықтан оларды кейде сенбішілер деп те атайды.

Адвентистер Библиядағы аскеттік өмір салтты жоғары бағалайды. Жиі той тойлауға, телебағдарламаларды көп көруге, әдеби кітептарды оқуға қарсы. Кофеге, шайға сергітетін сусындарға, шашқа етіне қатаң тыйым салады. Олар адамдардың көпшілігі Иисусты қабылдамайынша оның патшалғы орнамайды деген сеніммен уағызы істерін белсенді жүргізеді.

«Жетінші күн адвентистері» қоғамы Қазақстанға ХХ ғасырдың басында келе бастады. Кадрларын Алматы қаласындағы Заокский діни академиясында дайындайды. Құрамы көпұлтты, Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі.



Елушілер (пятидесятничество) ХХ ғасырдың басында АҚШ-та құрылған. Бұл ақымның ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан. Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40-қа жуық қауымдастықтары бар.

Баптистер (грек. «бату», «суға малыну») кальвиндік бағыттағы діни ағым. Бірінші баптистік қоғам 1609 жылы Амстердамда пайда болған. Оның негізін салғандар ағылшын эмигранттары саналады.

Баптистер ілімдерін Библия (әсіресе Жаңа Өсиетті) негізінде насихаттайды, Баптистер әулиелер мен монахтарды мойындамайды. Адам мен ҚҰжай арасын ибайланастырушы – Иисус деп санайды. Шіркеу рәсімдерінен үзілді – кеслді бас тартады. Креске, иконаларға шоқыну, нәрестені шоқындыру, дін басылалына барып тазару сияқты шіреку істеріне қарсы. Діни мерекелерді ешқашандай рәсімсіз өткізеді. Алайды, аптасына үш-төрт рет бір жерге жиналып, мінажат етеді.

Олардың белсенділігі орталықтарында байқалады. Шоқынуды саналы түрде қабылдау керек дейтін баптистер уағыз-насихат ісін өзднрінің қасиетті парызы санайды және қатарларына жастарды көбірек тартуға тырысады.

«Иегова куәгерлер» - протестантизмдегі кейінгі пайда болған жаңа ағым саналады. Негізін қалыптастырған – Чарльз Рассел.

Иегова куәгерлері христиандықтың негізгі догматы Үштік ілімді мойындамайды. Иисусты Құдай емес, Құдайдың ұлы деп санайды. Жаратушы Құдай ол Иегова дейді. Олар да баптистер секілді креске, иконаларға сиынуға түбегейлі қарсы. Діни мерекелерді атамайды. Тек Иисус Христостотың өлген күнінен ғана мойындайды.

Иеговашылар Иисусқа бағынатын періштелер мен шайтан иелігіндегі жындарға сенеді. Тозақ отын жоққа шығарады. Ақырзаман болған кезде Армагеддон күніне сенеді. (Христос періштелермен бірге кәпірлерді жеңетін үлкен шайқас болады деп сенеді).

Иегова куәгерлерінің мүшелері «ізгі хабарды» қаншалықты насихаттады, кімге бпрды, «қанша мәжілісте болды, т.б. есеп беру ісіне үлкен мән береді. Көшеледе «Сторожевая башня», «Пробудитесь!» т.с.с қоғамның басты басылымдарын таратып, үгіт насихаттарын ашық жүргізеді. Иегова куәгерлері Қазақстанда қатары тез өсіп келе жатқан діни қауымдастық саналады.



«Благая весть» шіркеуі – протестанттық шіркеуіне жатады. Бұл шіркеуге протестанттық және православиелік шіркеулер рәсімі де тән. Шіркеу атауы православиелік «благовест» - ізгі хабар, яғни құлшылыққа шақырған шіркеу қоңырауының дауысы дегеннен шыққан.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет