Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: matlab-та Модельдің есептеу параметрлерін орнату



бет2/4
Дата17.03.2023
өлшемі0.75 Mb.
#470902
1   2   3   4
kt

Solver options (есептеу параметрлері)

Параметрді таңдау кезінде модельдеу əдісін (Type) жəне жүйені есептеудің жаңа күй əдісін көрсету керек. Type параметрі үшін екі нұсқа тиімді – тұрақты (Fixed-step) немесе айнымалы (Variable-step) адыммен. Тəртіп бойынша, Variable-step үзіліссіз жүйені модельдеу үшін, ал Fixed-step дискреттік жүйе үшін қолданылады.


Есептеу əдістерінің жаңа күйінің тізімі бірнеше нұсқадан тұрады. Бірінші нұсқа (discrete) дискреттік жүйелерді есептеу үшін қолданылады. Қалған нұсқалары үзіліссіз жүйелерді есеп- теу үшін қолданылады. Бұл нұсқалар айнымалы (Variable-step)
адым үшін де, бекітілген (Fixed-step) адым үшін де əрқалай болады жəне дифференциалдық теңдеулер жүйелерін шешу əдістерінің бірі болып келеді.
Type-ты ашатын екі тізімінің астында ішіндегісі модельдеу уақытының таңдалған əдісіне байланысты өзгеретін аймақ бар. Fixed-step таңдалған жағдайда жоғарыда айтылған аймақта модельдеу адымының шамасын көрсетуге мүмкіндік беретін мəтіндік өріс Fixed-step size пайда болады (2-сурет).


2-сурет. Есептеудегі тұрақталған адымды таңдап алудағы Solver қосымша беті
Модельдеу адымының шамасы өз бетімен жүйе арқылы ав- томатты (auto) түрде орнатылады. Талап етілетін адымның ша- масы auto мəнінің орнына сан түрінде енгізілуі мүмкін немесе есептелетін өрнек түрінде (жүйенің автоматты түрде орнататын басқа да параметрлеріне қатысты) берілуі мүмкін.





2-сурет. Есептеу адымын бекітуін таңдау кезіндегі Solver-дің қосымша беті


Fixed-step-ті таңдағанда есептеу режимін (Mode) беру керек. Mode параметрі үшін үш нұсқа қолжетімдік дəрежеде болады. Олар:

  • MultiTasking (Көп есептік) – модельде бір уақытта жұмыс істеп тұрған ішкі жүйе болған жағдайда пайдалану қажет. Модельдің жұмыс нəтижесі осы ішкі жүйенің уақытша параметрлерінен тəуелді болады. Бұл режим жылдамдықтың үйлесімділігі мен блоктардың бір-біріне беретін сигналдарының дискреттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

  • SingleTasking (Бір есептік) - Модельдеудің жұмыс нəтижесіне тəуелсіз жеке бөліктеріне қатаң синхрондалу жетпейтін модель- дер үшін қолданылады.

  • Auto (Автоматты режимді таңдау) – Simulink-ке сигналдарды беруде жылдамдықтары əр түрлі болатын блоктары бар модельдерге MultiTasking режимін жəне бірдей жылдамдықпен əрекет ететін блоктары бар модельдерге SingleTasking режимін автомат- ты түрде орнатуға мүмкіндік береді.

Variable-step-ті таңдауда аймақта үш параметрді орнататын өріс пайда болады:

  • Мах step size – есептеудің ең үлкен адымы. Ол өз бетімен автоматты түрде орнатылады жəне бұл кезде оның мəні (StopTime

  • StartTime)/50-ге тең. Бұл мəн көбіне аса үлкен болып келеді. Сондай-ақ көрсетілетін графиктері сынық (түзу емес) болып көрінеді. Бұндай жағдайда есептеудің ең үлкен адымын анық кейіпте беру қажет.

    • Мin step size – есептеудің ең кіші адымы.

    • Initial step size модельдеу адымының бастапқы мəні.

Үздіксіз жүйені айнымалы адым арқылы модельдеу кезінде есептеудің дəлдігін не салыстырмалы (Relative tolerance), не абсолюттік (Absolute tolerance) түрлерінің бірінде көрсету маңызды. Үнсіздікпен олар 10-3-ға жəне auto-ға тең.

ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚОСЫМША АҚПАРАТТЫ ТӨМЕНДЕГІ СІЛТЕМЕЛЕРДЕН АЛА АЛАСЫЗДАР:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет