Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл


Қазақ тіліндегі модаль мағыналы аналитикалық форманттар



бет31/88
Дата02.02.2022
өлшемі1.08 Mb.
#455055
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88
ҚАЗАҚ,ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРДА АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ тіліндегі модаль мағыналы аналитикалық форманттар

Қазақ тілінде модаль мағыналы аналитикалық форманттар бар. Ол форманттар сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. Мысалы, оқи алады, айта алады, келе алады. Сөйлеушінің қимылға көзқарасы, қимылдың жасалуы туралы пікірі модаль мағынаға жатады. Осы модаль мағына жоғарыдағы мысалда -а ал форманты арқылы беріледі. Осындай модаль көрсеткіштердің мағынасы өте тұрақты және олар бір мағыналы көрсеткіштер қатарына жатады. Олар әрдайым кез келген контексте сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіреді. Сондықтан да модаль мағынаны білдіретін арнайы көрсеткіштер бар және осы модаль көрсеткіштердің етістіктің түрлену системасында өзіне тиісті орны бөлек. Модаль мағыналы аналитикалық форманттар негізінен қимылдың өту сипаты көрсеткіштерінің соңынан тіркеседі: оқы-п бере алады, айт-ып қой-а алса т.б [85,278].

Жоғарыдағы мысалда біз (оқып бере алады) қимылды біреу үшін жасау мүмкіндігінің барын білдірсе, екінші мысалда (айтып қоя алса) қимылды тез, жедел мүмкіндігін білдіретінін көреміз. Модаль мағыналы форманттардың қимылдың өту сипаты категориясының форманттарымен еркін тіркесуі осы форманттарды көрініс көрсеткіші ретінде санау шындықпен сыйымсыздығын көрсетеді. Бір сөзде екі көрініс көрсеткіші қолданылмайтындығын біз әбден білеміз. Сөз құрамында модаль мағыналы формант рай көрсеткішімен сыйыса алады. Модальдылық көрсеткіштердің соңына рай көрсеткіштері тіркеседі. Жоғарыда көрсетілген мысалдардың біріншісі ашық райда, соңғысы шартты райда қолданылған. Модаль мағыналы форманттар сөзде қимылдың өту сипаты категориясы мен рай категориясының арасында орналасады [85,280].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет