Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдері.
Ағылшын тілінде модальділік мағынаны берудің ең негізгі лексика-синтактикалық тәсілдері дербес топты құрайтын модаль етістіктері болып табылады.
Модаль етістіктерінің сипаттамасына келетін болсақ, барлық модаль етістіктері басқа етістіктерден екі сипатқа ие. Біріншіден, сөйлемде тек предикативті функциясын атқарып, жақсыз формасы жоқ болғандықтан жеткіліксіз болып саналады. Олар инфинитивта тұрған күрделі модальді баяндауыш құрап, бастауыш пен етістік арасындағы предикативті қатынасын реттейді. Екіншіден, модаль етістіктері тек қана инфинитивпен тіркесінде қолданылады, яғни дербес өз бетінше қолданылмайды. Осы бізге модаль етістіктерін грамматика тұрғысынан және лексика тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде ағылшын тіліндегі модаль етістіктердің инфинитивпен тіркесін лексика-грамматикалық, дәлірек айтқанда модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдеріне жатқызады [39].
Модаль етістіктерінің грамматикалық және лексикалық мағынасы бойынша ажыратылатындықтан, модальділіктің алғашқы және екінші мағынасы бойынша екіге бөлуге болады. Алғашқы модальділік грамматикалық обьект пен предикат арасындағы қатынасының модификациясында құралады. Осы функцияда модаль етістіктері өзінің алғашқы лексикалық мағынасында қолданылады. Екінші модальділіктің мәні біртұтас сөйлемнің модальділігін берілуінде жатыр. Осы жағдайда модаль сөзінің лексикалық мағынасы айтылғанның шындылығының деңгейін және сөйлемдегі сенімділік деңгейін анықтай отырып артта қалады.
Модаль сөздер туралы сөз қозғағанда лингвистер арасында олардың білдіретін мағыналары даулы сұрақ болып қала береді. Модаль етістіктерін зертейтін лингвистер арасында модаль етістіктерінің семантикасы жайлы сұрақ ашық болып қалып отыр. Кез келген модаль етістігі тек жалғыз ғана мағынаға ие бола ала ма, әлде кез келген модаль етістігі бірнеше мағынаға ие болады ма деген сұрақ туындайды.
Л.М.Фомина және Т.И.Полянских модаль етістіктерінің мағынасының сан алуандығы жайлы өз пікірлерін айтады. Олар ағылшын тіліндегі барлық модаль етістіктерін екі топқа бөледі: қажеттілік және мүмкінділік [126].
Егер модаль етістіктерді модальділікті беруде лексика-синтактикалық тәсілге жатқызуда көп ғалымдардың пікірлері сәйкес келсе, ал модаль етістіктерінің суьтективті я болмаса обьективті модальділікті берудегі қатыстылығы жайында сұрақ шешілмеген болып қала береді.
Г.В.Колшанский, В.Г.Адмони сынды лингвистердің көпшілігі модаль етістігінің инфинитивпен тіркесі обьективті модальділікті беруде қатысады. Осылайша осы конструкциялар айтылғанның обьективті шындыққа қатынасын білдіреді. Басқа жақтан қарағанда айтылымның шындығына қатысты сөйлеушінің қатынасын білдіреді, өйткені айтушының субьективті бағасын қамтиды [27].
Г.А.Вейхманның пікіріне сүйенсек модаль етістіктерін обьективті модальділікке жатқызбаудың негізгі себебі олардың сөйлемде жиі қолданылмауы болып табылады. Мүмкінділік және қажеттілік мағыналары тек іс-әрекеттің субьектісі бар сөйлемдерде ғана жүзеге асырылады [127].
Е.И.Беляеваның пікірі бойынша сөйлеушінің айтылымға деген субьективті қатынасы ешқашан модаль етістігі+инфинитив арқылы жүзеге асырылмайды. [69,14].
Біз модальділікті обьективтілік пен субьективтіліктің бірлігі ретінде қарастырудың негізінде, біз модаль етістіктерді олардың қолданылу жағдайлларына байланысты обьективті-субьекті деп қарастыруды дұрыс санаймыз.
Ағылшын тілінде модальділіктің лексика-синтактикалық берілу тәсілдеріне as if, as though, if, in case, unless, supposing that, so that, lest және т.б., бағыныңқы сөйлемдердегі шылаулар да жатады. сонымен бірге whatever, whichever, whoever, however, no matter сияқты және т.б.шылау-сөздер жатады.
Ф.А.Агаеваға сәйкес дәл осы бірліктер баяндауыштың етістіктің бағыныңқы сөйлемдегі модальді мағынаны білдірумен ерекшеленіп, оның құрамдас элементі бола отырып, оны басыңқы сөйлеммен байланыстырады [39, 233].
Осы аталған шылаулар арқылы тек қана бейреальді модальділік беріле алады.
Достарыңызбен бөлісу: |