Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет53/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   333
БЕСОҚТЫ (Бесокты) – қ., тӛртк., Қарақия ауданы. Атау бес (сан есім) және оқ-ты 
(сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Э.Мурзаев оқ сӛзін: «оқ – «уақ негізгі 
арық», «жер суаратын жыра», «тақырлардағы су жинайтын уақ жырашықтар» деп 
тҥсіндіреді (Э.Мурзаев, 1984, 409). Сонымен атаудың мағынасы: «бес арықты немесе 
бес су жинайтын жырасы бар тӛрткіл», «бес арықты немесе бес су жинайтын жыралы 
тӛрткілден қазылған қҧдық». 
БЕСӚГІЗ (Бесогиз) – қ., Маңғыстау ауданы, Солт.Ҥстірттегі терең қҧдықтар. Атау 
бес (сан есім) және ӛгіз (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ӛгіз сӛзі туралы 
тҥрлі этимологиялық жорамалдар қалыптасқан деуге болады. Бесӛгіз гидронимі 
туралы Маңғыстау энциклопедиясында: «Ел аузында қҧдықшыға 5 ӛгіз беріп 
қаздырған себепті, солай аталған» деген дерек бар. Сонымен қатар Маңғыстауды 
туыстас бес оғыз тайпасы келіп мекендеген кезеңнен қалған атау делінеді. Тәңке 
атымен қосақталып, Бесӛгіз-Тәңке деп аталыпты» деген мәліметті де кездестіреміз 
(Маңғыстау энциклопедиясы, 1997, 233). Ал ғалым Т.Жанҧзақов: «ӛгіз – кӛнетҥркі 


тілінде «ӛзен», «су» мәнін білдіретін сӛз болған», – дейді (Т.Жанҧзақ, 2007, 66). Бҧл 
пікірді Э.Мурзаев нақтылай тҥседі: «Негізінен, окуз сӛзі «ағып жатқан су» мағынасын 
береді» (Э.Мурзаев, 1974, 195). Сонымен Бесӛгіз атауы – «ағынды сулы бес қҧдық» 
деген мән береді.
БЕСТАС (Бестас) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау бес (сан есім) және тас (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қабір ҥстіне бес мінберлі тас 
орнатылған мола». 
БЕСТӚБЕ (Бестобе) – қ., Бейнеу ауданы. Атау бес (сан есім) және тӛбе (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «алыстан бес тӛбе болып кӛрінуіне 
байланысты қойылған атау». 
БЕСТӚРТКІЛ (Бесторткиль) – м., Қарақия ауданы. Атау бес (сан есім) және тӛрткіл 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥсті тегіс, тік қабырғалы
қатар жатқан бес тӛбесі бар мҥйіс». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет