БОРСЫҚ ҚҦМЫ (Борсык кумы) – қҧм, Ҥстіртте. Атау сол жерде борсықтың кӛп
болуына байланысты аталған. БОРСЫМҦРЫН (Борсымурын) – шағын мҥй., Қарақия ауданы, Кендірлі
шығанағында. Атау борсы (сын есім) және мҧрын (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. Мағынасы: «кҥлімсі исі бар қҧмды мҥйіс».
БОСАҒА (Босага)– тӛбе, абс. биіктігі 222 м. Қарақия ауданы. Босаға сӛзі кӛнетҥркі
тілінде: «таудың кемері, баурайы» (Э.Севортян, 1978, 197). Мағынасы: «тау
баурайындағы тӛбе, дӛңес жер».
БОСТАН (Бостан) – а., қ., Қарақия ауданы. С.Омарбеков бостан сӛзінің мағынасын–
«бостандық» – деп кӛрсетеді (102).АлН.Оңдасыновтың «Парсыша–қазақша
тҥсіндірме сӛздігінде» бостан –«бау, бау-бақша» және гҥлденген ӛлке» деген мағына
беретіні айтылады (Н.Оңдасынов, 48). Сонда атаудың мағынасы: «кӛкӛністі, бау-
бақшалы ауыл».
БОСТАНҚҦМ (Бостанкум)– қҧмды алқап, Маңғыстау және Қарақия ауд-ы
аумағында. Атау бостан (зат есім) және қҧм (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. Мағынасы: «кӛкӛніс ӛсетін қҧмды алқап».
БОТАГӚЗ (Ботагоз) – жҧрт, Қарақия ауданы. Антропоойконим.
БОТАҚАН (Ботакан) – қ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «суы аз немесе кішкене
қҧдық» тәрізді.
БОШАН (Бошан) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
БӚГЕН (Боген) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «тоғаны бар қҧдық».
БӚГЕРІСТАМ (Богеристам) – суы мол б., Маңғыстау ауданы. «Мола маңындағы
тоғаны бар суы мол бҧлақ».
БӚГЕТ (Богет)– м., Тҥпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының кіреберісінде.
Атау қарғынды қаланың ҥстімен ӛткізбей тоқтату ҥшін салынған бӛгетке байланысты
қойылған.