Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет63/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   333
ДӘУҚАРА (Даукара) – бӛг., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
ДӘУЛЕТ (Даулет)  – а., Мҧнайлы ауданы. Мағынасы: «бақ, ырыс қонған ауыл». 
ДӘУЛЕТБАЙСҦПЫ (Даулетбайсупы) – мола, Бейнеу ауданы. Антропонекроним. 
Дәулетбайсҧпы – Бекет атаның бел баласы Байтеліден тараған, діни сауатты, кӛріпкел 
адам болған.
ДӘУЛЕТЖАРЫ (Даулетжары) – қ., Маңғыстау ауданы. Геногидроним. Дәлетжары 
(Дәулеталы) – Адайдың қара шаңырағы делінетін Мҧңалдан тараған Жары руының бір 
атасы. 
ДӘУЛЕТТАС (Даулеттас) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «Дәулеттің таспен 
шегенделген қҧдығы». 
ДЕМЕСІН (Демесин) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
ДЕМЕУ (Демеу) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним.
ДЕМЕУҚОЛТЫҚ (Демеуколтык) – Маңғыстау ауд-дағы жер. Атау Демеу (зат есім, 
адам аты) және қолтық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қолтық – 
«теңіздегі жан-жағын қҧрлық, биік жартасты жағалау қоршаған шағын айлақ» 
(Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева,198). 
ДЕНЕЛІ (Денелы) – тҧз. қ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «ірі қҧдық».
ДЕРЕЖЕР (Дережер) – тӛбе, Қарақия ауданы. Атау дере (зат есім) және жер (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Дере – кӛнетҥркі сӛздігінде, «аңғар, ойыс 
жер» мәнін беред» (ДТС, 560). Мағынасы: «аңғарлы, ойысты тӛбе». 
ДОЙДАН (Дойдан) – б., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
ДОЛГИЙ (Долгий) – арал, Каспий теңізінің шығысында, Тҥпқараған ауданы. 
Антропоороним. Кезінде мҧнда Долгий атты балықшылардың елді мекені болған.


ДОЛАН (Долан) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним немесе «айналасы қоршалған 
қҧдық». 
ДОЛЫАПА (Долыапа) – м., қор., Тҥпқараған ауданы. Халықтық этимологияда 
Долыапа атауы қайсар, тіке, долы мінезді «апайға» байланысты қалыптасқан 
делінеді. Дегенмен, біздің пікірімізше, атау дол (дуль) және апа/аба сӛздерінің бірігуі 
арқылы жасалған. Дуль иран тілінде «тар шатқал, аңғар» деген мәндегі термин сӛз 
(В.И.Савина,83), ал ап(а)/аб(а) иранша «су». Сонда Долыапа – «сулы аңғар, сулы 
тар шатқал» деген мағынадағы атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет