ЕКПІНДІ (Екпинды) – қ., Маңғыстау ауданы. Ӛлкеде Кеңес дәуірі кезінде қҧрылған
«Екпінді» колхозының атымен аталған. «Алдыңғы
қатардағы, озық, озат»
мәніндегі
атау.
ЕКІҚҦЮ (Екикую) – қ., Тҥпқараған ауданы. Маынасы: «екі қҧдық».
ЕЛАМАН (Еламан) – тҧз. қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
ЕЛБАСҚАН (Ельбасқан) – тау, Тҥпқараған ауданы. Атау ел (зат есім) және басқан
(етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ел
аузында,
таудың тасы опырылып
қҧлап, елді басып қалған оқиғаға қатысты қойылған атау делінеді.
ЕЛДЕСБЕК (Ельдесбек) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
ЕЛЕКАЖЫ (Елекажы) – Ҥстірттегі бір топ қҧдық. Атау Елек (сын есім) және ажы
(аджы) (сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Елек сыңарындағы Е/И «ылғыл,
су» мәнін беретін имитатив
. Ал
–лек бір нәрсенің бар екенін, молдылығын білдіретін
кӛне жҧрнақ.
Аджы (кӛне тҥріктің сӛзі) //
ажы –суы ащы, бірақ мал ішуге жарамды
қҧдықтарға
қарата айтылып, солай жер атауы болып қалыптасып кеткен:
Ажы –
Э.Севортянның сӛздігінде: «ащы, ащы су, шипалы су» делінген (Э.В.Севортян, 1974,
89). Сонда Елеғажы атауының топонимдік мағынасы: «ащы сулы қҧдық»
дегенді
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: