Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет71/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   333
ЕСҚУАТ (Ескуат) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
ЕСПЕ (Еспе) – мола, Тҥпқараған ауданы; қҧрғ. қ., Маңғыстау ауданы. Еспе деп сай 
бойындағы кӛзі қайраңнан шығатын тайыз қҧдықты айтады (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 
190).
ЕСПЕЛІСАЙ (Еспелысай) – қон., г. кені, Тҥпқараған ауданы. Атау еспелі (сын есім) 
және сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кӛзі қайраңнан 
шығатын тайыз қҧдықты сай». 
ЕСПЕМБЕТӘУЛИЕ (Еспембетаулие) – қау., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним.
Қожа руынан шыққан әулие кісінің атынан қойылған атау.
ЕСПЕНБЕТ ҚЫРҒЫНЫ (Еспенбет кыргыны) – м., Маңғыстау ауданы. Шежіреде 
бҧл жер атауы туралы былай делінеді: «Әнеттің Бабақҧл деген баласынын тараған 
Еспенбет деген бай кісі болған. Еспенбет Арқадан кӛшіп келе жатқанда, оған 
солдаттан қашқан екі татар жігіті келіп паналайды. Ол екеуі сауатты екен. Ел 
кӛшкенде екі татармен оқитын 20 шақты баланы қалдырады. Ел кӛшкесін татар екі 
қызды алып, балаларды ӛлтіріп, Хиуаға қашады. Ел хабарланып, оларды Итқара деген 
жерде қуып жетеді. Екеуін атып тҥсіріп, қыздарды айырып алады. Балалардың ӛлген 
жері «Еспенбет қырғыны» аталады (Ә.Атшыбаев, 118). 
ЕСІМБАЙ (Есимбай) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
ЕШКІҚЫРҒАН (Ешкикырган) – қ., мола, Маңғыстау ауданы. Атау ешкі (зат есім) 
және қырған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Жырдағы Шора батыр 
жастау кезінде ешкі бағып жҥріп, бір кҥні сӛзге шыдамай 40 ешкісін қырып тастайды. 
Содан жер атауы қалған (С.Қондыбаев, 1997, 123). Бҧл қҧдық атауы с//ш 
дыбыстарының алмасуы нәтижесінде, яғни Ышқырған/Ысқырған болып, судан 
шыққан дыбысқа байланысты аталуы да мҥмкін. 
ЕШКІӚЛГЕН (Ешкиольген) – қыс., қ., Маңғыстау ауданы. Атау ешкі (зат есім) және 
ӛлген (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау жҧт кезінде ешкінің кӛп 
ӛлуімен байланысты қойылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет