Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет75/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   333
ЖАЛПАҚ (Жалпак) – қон,. қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «кең, мол жерді алып 
жатқан қоныс». 
ЖАЛПАҚ САЙРА (Жалпак Сайра) – жер аты. Мағынасы: «жалпақ қойнау, екі 
таудың арасындағы шатқал» (ДТС, 503).  
ЖАЛПАҚТӚРТКІЛ (Жалпакторткиль) – тӛбе, мола, абс. биіктігі 188 м. Маңғыстау 
ауданы. Атау жалпақ (сын есім) және тӛрткіл (зат есім) сӛздерің бірігуі арқылы 
жасалған. Мағынасы: «енді келген тӛрт бҧрышты тау».
ЖАЛПАҚШИ (Жалпакши) – алқ., Маңғыстау ауданы. Атау жалпақ (сын есім) және 
ши (зат есім) сӛздерің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қалың ши ӛскен алқап». 
ЖАЛТЫР (Жалтыр)  Бейнеу ауд-дағы жер. Мағынасы: «ӛсімдік ӛспеген жер». 
ЖАМАН (Жаман) – дӛң, Қарақия ауданы. Мағынасы: «аласа дӛң». 
ЖАМАН АЙРАҚТЫ (Жаман Айракты) – тау, абс. биіктігі 148 м. Маңғыстау 
ауданы. Атау жаман (сын есім) және айрақты (сын есім) сӛздерің бірігуі арқылы 
жасалған. Атау таудың екіге бӛліне аласа болып жатуынан және ешқандай ӛсімдік 
ӛспейтіндігіне және кӛне тҥркі тілінде (оғыз) айрақ «арқар» (Туркменско-русский 
словарь, 34) + лы (сын есім тудыратын жҧрнақ) – «арқарлы», яғни арқары кӛп, аласа 
тауға қатысты айтылып, атау Жаман Айрақты болып қалыптасқан. 


ЖАМАН БАЙ (Жаман Бай) – тӛбе, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылының оңт-
батысында. Атау жаман (сын есім) және бай (зат есім) сӛздерің бірігуі арқылы 
жасалған. Татар гидронимиясын зерттеген Ф.Г.Гарипова, бай – «ӛзен, қҧрғақ ӛзен», ал 
Орталық Азия топонимиясында: «қҧрғақ арна» «сусыз алқап» мағынасында 
қолданылады» деп кӛрсетеді (Ф.Г.Гарипова, 26). Сонда атаудың мағынасы: «маңында 
қҧрғақ арнасы бар аласа тӛбе». 
ЖАМАН ДӘУІТ (Жаман Дауит) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «Дәуіттің суы аз 
қҧдығы». 
ЖАМАН ЕСПЕ (Жаман Еспе) – аңғарлы сай. Ақтау қаласының солт. орналасқан. 
Атау жаман (сын есім) және еспе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
«Тайыз, суы аз қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет