Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет131/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   333
ҚОҚАН (Кокан– қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
ҚОҚЫМБАЙҚАЗҒАН (Кокымбайказган) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау Қоқымбай 
(зат есім) және қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Антропогидроним. 
Мағынасы: «Қоқымбай қаздырған қҧдық». 
ҚОЛАТ (Колат) – мола. Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «Таулы жерлердегі ҧзынша 
келген, бір жағы еңіс, жайпақ қойнаулы ойпаңдағы мола» (ҚТТС, 6т., 294). 
ҚОЛБАЛАОЙ (Колбалаой) – тӛбе, қ., Атау қол (зат есім), бала (зат есім) және ой (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қарақия ауданы. С.Атаниязов : «гол (кол) – 
«ой, ойыс жер» деп кӛрсетеді (С.Атаниязов, 136). Мағынасы: «биік тӛбедегі ойыс 
жер». 
ҚОЛБАСҚАЗҒАН (Колбасказган) – қ., Бейнеу ауданы. Атау Қолбас (зат есім) және 
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Антропогидроним. Мағынасы: 
«Қолбас қаздырған қҧдық». 
ҚОЛЖИДЕ (Колжиде) – қ., Атау қол (зат есім) және жиде (зат есім) сӛздерінің бірігуі
арқылы жасалған. С.Атаниязов: «гол (кол) – «ой, ойыс жер» деп кӛрсетеді 
(С.Атаниязов, 1980, 136). Атаудың мағынасы: «жиде ӛскен ойыс жердегі қҧдық». 
ҚОЛҚА (Колка) – тӛбе, қор., Қарақия ауданы. Мағынасы: «созылып жатқан, ені тар 
ойыс жердегі қорым». 


ҚОЛМЫШ (Колмыш) – қойнау, б., Тҥпқараған ауданы. Атау қол (зат есім) және –
мыш жҧрнағы арқылы жасалған. Атаудың қҧрамындағы қол туралы Э.Мурзаев:  қол –
«сулы жыра» (Э.Мурзаев, 1982, 39) десе, С.Атаниязов та: «гол – «ой, ойыс жер» деп 
кӛрсетеді (С.Атаниязов, 1980, 136). Ал С.Қондыбай –мыш тҧлғасын оғыз тіліндегі 
«бҧлақ» деген сӛз деп қарастырады (С.Қондыбай, 2007, 171). Біздің пікірімізше
топоним қҧрамындағы -мыш  есімшенің кӛне жҧрнағы, қазіргі біздің тіліміздегі –ған 
аффиксінің қызметін атқарған. Сонда атаудың мағынасы: «ойған, ойдан аққан бҧлақ». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет