Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет137/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   333
ҚОСТӚРТКІЛ (Косторткиль) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау қос (сан есім) және 
тӛрткіл (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қатар жатқан ҥсті 
тегіс, тік қабырғалы тау». 
ҚОССОҚЫРШИЛІ (Коссокыршилы) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қос (сан есім)
және соқыр (сын есім), шилі (сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
Мағынасы: «ши ӛскен жердегі суы аз қос қҧдық». 
ҚОСУАҚ (Косуак) – қ., мола, Бейнеу, Қарақия ауд-да. Атау қос (сан есім) және уақ 
(сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Уақ атауы тҥрікменнің «Ыбақ» деп 
аталатын руы негізінде жасалған этнотопоним болып табылады. «Ыбақ (убақ)» - тҥркі 
тілінде уақ (ҧсақ) деген мағына береді. Сонда атаудың мағынасы: «Уақ руының екі 
қҧдығы, қорымы».
ҚОСҤЙІК (Косуйик) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау қос (сан есім) және ҥйік (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі дӛңесті немесе екі тас 
ҥйіндісі бар тӛбе». 
ҚОСШЫҢЫРАУ (Косшынырау) – қ., шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау қос (сан есім)
және шымырау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі терең 
қҧдығы бар шатқал» 
ҚОСЫМ (Косым) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним.
ҚОТЫР (Котыр) – мола, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «ойлы-қырлы, шӛп ӛскен, 
тасты жердегі мола». 
ҚОТЫРҚАН (Котыркан) – қ., мола, Бейнеу аудан. Атау қотыр (сын есім) және қан 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қан – «бҧлақ, арна, қайнар, бастау» 
мәніндегі сӛз. Мағынасы: «ойлы-қырлы, тасты жерден қазылған қҧдық».


ҚОТЫРҚОРА (Котыркора) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау қотыр (сын есім) және 
қора (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шӛбі сирек, тасты 
жердегі қыстау». 
ҚОШАҚ (Кошак) – қ., шығ., Бозащы мен Маңғыстау тҥбектерінің арасында. 
Тҥпқараған ауданы. Ел аузында: «Ерте заманда салор мен ожақ рулары ӛзара жауласа 
ӛмір сҥрген деседі. Жер мен су ҥшін болған кӛп жылғы қақтығыстардан шаршаған екі 
жақ бітімге келіпті, бірақ салор жағы кӛп кешікпей шартты бҧзып, ожақ руының 
Қошақ есімді батырын ӛлтіреді. Ел жҧрты батырды Сарытас шығанағына таяу жерге 
жерлейді, содан бері шығанақ та, сол маңдағы кӛне мола мен қҧдық та «Қошақ» деп 
аталады» – делінген (А.Костенко, Е.Умирбаев, 169). Ал біздің пікірімізше, атау қош 
(сан есім) және ақ (етістік) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Оғызша қош – «қос, екеу», 
ал ақ - «ағу» етістігінің қызметінде жҧмсалып, тарихи тҧрғыдан, су дегенді білдіреді. 
Сонда атау о баста қос аққан бҧлақ, суға байланысты қойылған. Осындай тҧжырымды 
Е.Қойшыбаевтың сӛздігінен де кездестірдік: «екі аққан (ӛзен) (Е.Койчубаев, 149). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет