Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет146/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   333
ҚЫЗАНСОР (Кызансор) – сор., Маңғыстау ауданы. Атау қызан (зат есім) және сор 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Қызан руының соры». 
ҚЫЗАНКӚЛ (Кызанколь) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау қызан (зат есім) және 
кӛл (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Қызан руының кӛлі». 
ҚЫЗӘУЛИЕ (Кызаулие) – қор., Бейнеу ауданы. Атау қыз (зат есім) және әулие (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Аңыз бойынша, Қҧсшы ата байдың қызына 
ғашық болып, оны алып қашады. Бай олардың артынан әулие басындағы тесік тасты 
лақтырады. Тас қызға тиіп, қайтыс болады. Қыз сол жерге аруланып жерленеді. Ол 
кейін қыз әулие атанып кеткен (Адай кіндікті әулиелер, 78). 
ҚЫЗДАРҚОРҒАН (Кыздаркорган) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау қыздар (зат есім)
және қорған (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Дегенмен, біздің 
пікірімізше, атаудың бірінші сыңары о баста қыздар емес, «құзды» сӛзі болған 
тәрізді, атау «биік жартасты тӛбе, тау» мағынасын береді. 
ҚЫЗДАРШЫҚҚАН (Кыздаршыккан) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қыздар (зат есім)
және шыққан (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Белгілі бір оқиғаға қатысты 
аталған. 
ҚЫЗДЫМОЛА (Кыздымола) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау қыз+ды (туынды сын 
есім) және мола (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қыз 
жерленген мола». 
ҚЫЗДЫҢ СОРЫ (Кыздын соры) – сор, Маңғыстау ауданы. Топонимиялық 
еңбектерде, «қыз – қыр мағынасындағы сӛз, з дыбысы қыр сӛзіндегі р дыбысын 
алмастырған, бұл дыбыстары ауыспалы дыбыстар деп аталады (Э. Мурзаев, 1974, 198) 
Сонда атау: «созылып жатқан биік жалдағы тҧзды жер». 
ҚЫЗЕМШЕК (Кыземшек) – екі тӛбе, қ., Маңғыстау, Бейнеу ауд-да. Атау қыз (зат 
есім) және емшек (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қыз – «қыр».
Мағынасы: «созылып жатқан жалды екі тӛбе». Тӛбелердің Ұлы Қыземшек (Ұлықыз), 
Кіші Қыземшек (Кішіқыз)  деп те аталуы, жалдың биіктігіне қарай қойылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет