Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет204/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   333
ТӚРТКІЛ (Торткиль) – тӛбе, абс. биіктігі 237 м. Маңғыстау ауданы. «Тӛрткіл – ҥсті 
тегіс, тӛртбҧрышты, қабырға – беткейлері тік тӛбе». 
ТӚРТҚҦДЫҚ (Торткудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау тӛрт (сан есім) және қҧдық 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Сол жерде бір-біріне жақын тӛрт 
қҧдықтың бар екенін білдіретін атау. 
ТӚСЕЛБАЙ (Тосельбай) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
ТӚСТІК (Тостик) – б., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «тау беткейінде ағып жатқан 
бҧлақ». 
ТУЛУГУНДА (Тулугунда) – қор., Маңғыстау ауданы. 
ТУМА (Тума) – қон., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «кішкентай бастау, бҧлағы бар 
қоныс» (Э.Мурзаев, 1984, 553). 
ТҦЗБАЙЫР (Тузбайыр) – тау, сор, тҧз. қ., Маңғыстау ауданы, Ақтау жотасының 
Батыс Ҥстіртпен шектесетін тҧсында. Атау тҧз (зат есім) және байыр (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛнетҥркі тілінде: «байыр – «тӛбе, кӛтеріңкі, биік 
жер» мәніндегі атау (Э.В.Севортян, 1978, 37). Атаудың мағынасы: «тҧзды, сортаң биік 
тӛбе». 
ТҦЗБҦЛАҚ (Тузбулак) – б., Бейнеу ауданы. Атау тҧз (зат есім) және бҧлақ (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы ащы, тҧзды бҧлақ». 
ТҦЗОРПА (Тузорпа) – мола, Бейнеу ауданы. Атау тҧз (зат есім) және орпа (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы ащы, тҧзды қҧдық». 
ТҦЛСҦЛУ (Тульсулу) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «сусыз шатқал». 
ТҦМҒАШЫ (Тумгашы) – тау. Атау тҧм (зат есім) және ғаш (зат есім) сӛздерінің 
бірігуінен жасалған. Иран тілінде тум – «тӛбе», «тау», ал ғаш та – географиялық 
термин – «таудың иілген дӛңес жері» (С.Атаниязов, 1970, 87). Ал азербайжан тілінде: 
«тау тізбегі» мәнінде қолданылады (С.М.Молла-заде, 153). Сонда атаудың мағынасы: 
«таулы тізбек».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет