Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет217/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   333
Х 
 
ХАНАЙ (Ханай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ХАНТӚРТКІЛ (Ханторткиль) – шағын тӛрткіл, Маңғыстау ауданы. «Ел аузында 
ерте заманда тҥбекті мекендеген кӛшпелі тайпалардың бірінің ханының жаз жайлауы 
болыпты деген аңыз сақталған» (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 592). Ал Тәжік 
топонимиясында хан – «суландыру каналы» (Э. и В. Мурзаевы, 242), десе келесі бір 
еңбектерде хан – «тау», «биіктік» ҧғымын беретінін кӛне тҧлға» - дейді. Біздің 
пікірімізше, атаудың мағынасы: «суландыру каналы, арығы бар тӛрткіл». 
ХАТАМҚОЖА (Хатамкожа) – қор., Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним. «Толық 
аты-жӛні Хатам (Сейіт) Қожа Ғаболқожаҧлы. Ақын, ишан. Халық арасында «Хатам 
ишан» деген атақпен белгілі болған. Тҥрікмендер мен адайлардың әулиесі болып 
есептеледі» (С.Қондыбай, 2000, 46-47).
 
Ш 
 
ШАБАЙМОЛА (Шабаймола) – мола, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «Шабайдың 
моласы». 
ШАҒА (Шага) – б., қойнау, Маңғыстау ауданы. 
ШАҒАН (Шаган) – тӛбе, абс. биіктігі 102 м. Бейнеу ауданы. Е.Қойшыбаев: «Шаған 
(чаған, саған, сақан, цақан) тҧлғасы – тҥркі және моңғол тілдерінде қҧмдақ жерлерге 
тән ӛсімдік аты, тҥйе малының азығы» деп кӛрсеткен. Атау ӛсімдікке байланысты 
қойылса, оның молдылығын кӛрсететін –лы,-лі жҧрнағы жалғануы керек еді. Ал 
Г.Қоңқашпаев «Шаған – Қазақстанда ең кӛп тараған моңғолдық атау. Шаған сӛзі – 
моңғолдық цаган – «ақ» дейді. (Г.К.Конкашпаев, 1959, 96). Э.Мурзаев азербайжан 
диалектілеріндегі, чаган сӛзінің «шҧңқыр, кішкене ойыс, қҧдық» деген мағыналарын 


кӛрсетеді (Э.Мурзаев, 1984, 605). Сонымен қатар тҥркі тілінде шағанның: «тік жарлы, 
қҧламалы» деген мағынасы кездеседі. Біздің ойымызша, Шаған атауы «тік жарлы, 
қҧламалы, қҧзды тӛбе» деген мағынаны береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет