ЕМІР (Емир) – а,. Маңғыстау ауданы. Емір – ортағасырлық оғыз-туркмен тайпасы -
имир атынан пайда болған. «М.Қашқари және Рашид-ад-Диннің еңбектерінде этноним
эймюр формасында кездессе, Абылғазыда –
имир. Барлық осы ғалымдар
(М.Қашқариден басқасы) этнонимнің шығу тегін Тау-ханның екінші ҧлы, Оғыз
ханның немересінің есімімен байланыстырады
және оның мәнін былай деп
тҥсіндіреді: Рашид-ад-Дин: «ӛте керемет және қуатты», Абылғазы: «бай және аса бай»,
Салар баба: «ол кҥшті және мықты әскері болуы керек. Рашид-ад-Диннің бір кездері
эмирлердің тотемі ешкі болған деген пайымдауына негізделе отырып, Ю.Зуев
этнонимді этимологиялауға тырысты. Х-ХІ ғасырлардың қытайлық кӛздерінде ол
қырғыз тілінде қара қҧйрықты
жануарлар, яғни ешкілер мен жейрандарды білдіретін
имо (яғни имир) сӛзін тапқан. Сӛйтіп, ол этнонимді тотемнен шыққан деп тҥсіндіріп,
оны екі бӛлімге бӛледі: й, йим и–р. Ю.Зуев йымга-умга
жабайы тау ешкісінің
аналығында сақталған им немесе йим сӛзін эммек – «сору» деген сӛзбен ҧқсастырады
(С.Атаниязов, 1988, 136).
Емір – «емір руының қонысы» деген мағынада қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: