ҚОЛТЫҚ (Колтык) – қон., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «теңіздің қҧрылыққа
ішкерілей жіңішкере кірген бӛлігіндегі қоныс» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 198).
ҚОЛТЫҚҚҦДЫҚ (Колтыккудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қолтық (зат есім)
және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған Мағынасы: «теңіздің
қҧрылыққа ішкерілей жіңішкере кірген жерінен қазылған қҧдық».
ҚОЛШАР (Колшар) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қол (зат есім) және шар (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Шар» – «тез, қарқынды ағыс» мағынасындағы
сӛз. Атау: «ойдан қазылған, ағысы қатты қҧдық» мәнін береді (қараңыз: ҚОЛМЫШ).
ҚОНАБАЙ (Конабай) – қорған, Бейнеу ауданы. Антропоороним.
ҚОНАЙ (Конай) – қыс., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. Кенже Қонай
батырдың қонысы болған жер.
ҚОНАЙДЫҢ ҤЙІГІ (Конайдын уйигы) – ҥйік, Маңғыстау ауданы.
Антропоойконим. Ҥйік – Маңғыстау қазақтарының тарихынан елеулі орын алатын
тҧлғалардың бірі Кенже Қонай батырдың қарауыл қарайтын ҥйігі делінеді. Сәттіғҧл
Жанғабылҧлы ӛзінің «Досан батыр» шығармасында:
Шотан Шабай, Ер Қонай,
Солардың жалғас ең соңы-ай
Иса мен Досан ер соңы – ай –
деп Қонай және оған замандас кӛптеген батырлардың ерліктерін жырға қосады.
ҚОНАЙ ЖАРМАСЫ (Конай жармасы) – арық, Маңғыстау ауданы.
Антропогидроним. Атау Қонай (зат есім) және жармасы (тәуелдеулі зат есім)
сӛздерінен жасалған. Жарма – «терең етіп қазылған арық» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева,
190). Атаудың мағынасы: «Қонайдың ҥлкен арығы».
ҚОНДЫБАЙ (Кондыбай) – ҥйік, Ӛтестен Бейнеуге қарай жҥрген жол бойында дӛңес
ҥстінде. Антропоойконим.
ҚОНЫС (Коныс) – қ., қыс., Бейнеу, Тҥпқараған ауд-да. Мағынасы: «малды ауылдың
жылда қонып жҥрген жеріндегі қҧдық, қыстау».
ҚОНЫСҚҦДЫҚ (Коныскудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қоныс (зат есім) және
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жаңа қоныстағы
қҧдық».
Достарыңызбен бөлісу: |