ҚОҢЫРДАҢ (Қонырдан) – аңғар, Маңғыстау ауданы. Маңғыстауда «
қоңырдаң деп –
сай бойына
ағын сулардың жиналатын орынды, су ағар сай бойындағы шҧңғыл
иірімді». (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 200) айтады. Атау қоңыр (зат есім) және даң (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қоңыр – «қоңырқай бҧталы шӛптің ҧйыса
ӛскен жер» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 200). Ал даң, кӛнетҥркі тілінде: «жазық, тегіс»
(А.Кайдар,
183) деген сӛз.
Сонда атау «қоңырқай бҧталы шӛп ҧйыса ӛскен, асты тегіс
сай бойына ағын сулардың жиналатын орны» мәнін береді.
ҚОҢЫРДЫҢ ДӚҢІ (Конырдын доны) – тау, Маңғыстау ауданы. К.Қаймулдинова:
«оронимдер қҧрамындағы «қоңыр» ежелгі тҥркі-моңғолдық «қара» (тӛбе, тау)
дегеннің синонимі болып табылады» – деп кӛрсетеді (К.Қаймулдинова, 15-16).
Сонда
атаудың мағынасы: «шӛппен бекіген қҧмды тӛбе, тау» болады.
ҚОҢЫРКҤП (Коныркуп) – кҥп, Қарақия ауданы. Атау қоңыр (сын есім) және кҥп
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жан-жағы тасты жарғабақ,
табаны қоңыр тҥсті, қатқыл тҧйықтағы су жиналатын қазан шҧңқыр».
ҚОҢЫРҚҦДЫҚ (Коныркудык) – қ, қон., Маңғыстау ауданы. Атау қоңыр (сын есім)
және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шӛппен
бекіген қҧмды тӛбеден қазылған қҧдық».
ҚОҢЫРЛАЙ (Конырлай) – қыс., Маңғыстау ауданы. Атау қоңыр (сын есім) және
лай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қоңырқай бҧталы шӛп
ҧйыса ӛскен, батпақты қыстау».
Достарыңызбен бөлісу: