ҚОСҚҦДЫҚ (Коскудык) – қ., қыс., тӛбе, Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия ауд-да. Атау
қос (сан есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«қатар тҧрған екі қҧдық».
ҚОСҚҦЛАҚ (Коскулак) – қ., қор., Бейнеу ауданы. Этногидроним.
Адай атасынан
Мҧңал, одан – Жаулы, одан – Қосқҧлақ тарайды. Мағынасы: «Қосқҧлақ
руының
қҧдығы, қорымы».
ҚОСҚЫЗЫЛ (Коскызыл) – қор., Қарақия ауданы. Атау қос (сан есім)
және қызыл
(сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қызыл тҥсті
тастан
салынған екі молаға байланысты аталған».
ҚОСМАТАЙ (Косматай) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау қос (сан есім)
және Матай
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Генонекроним. Матай –
Адайдың
Бәйімбетінен тарайтын ру. Мағынасы: «Матай руының екі ӛкілі жерленген мола».
ҚОСМОЛА (Космола) – мола, Бейнеу ауданы. Атау қос (сан есім) және мола (сын
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі мола».
ҚОСМҦРЫН (Космурын) – қыс., Маңғыстау ауданы. Атау қос (сан есім) және
мҧрын (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі биік қҧмды
жердегі қоныс».
ҚОСТАМ (Костам) – мола, Қарақия ауданы. Атау қос (сан есім) және там (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Алыстан екі тамның кӛрінуіне
байланысты
аталған болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: